Методические рекомендации по изучению предмета «Физическая культура»



бет27/92
Дата08.11.2022
өлшемі13,46 Mb.
#48449
түріМетодические рекомендации
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   92
Байланысты:
rekomend-fizkultura-5-9-klassy-obnovlenka

Дәрігерлер бригадасын шақыру – көмек көрсетуге зәру ойыншының командасы отырған орындыққа қарап, алақанды ашып, өзіне қарай бұлғау.
Таймның/матчтың бітуі – екі қолды алға шығару, алақанды ашып бір-біріне бұру. Ысқырықты екі рет беру.
Волейбол
Волейболдан жарыс өткізудің негізгі ережелері. Волейбол – екі команда арасында өткізілетін спорт ойыны. Әр команда құрамында 14-ке дейін ойыншылар болады, ал ойын кезінде алаңда 6 ойыншы болуы керек. Ойынның мақсаты –шабуылдау соққысымен допты еденге тигізу, яғни допты қарсы команда алаңына түсіру немесе оларды қателесуге мәжбүрлеу.
Волейбол ойыны ортасынан тормен бөлінген, көлемі 18×9 метр болатын тегіс алаңда өткізіледі. Тордың жалпақтығы 1 м, ал ұзындығы 9,5 м болады. Тордың биіктігі ұлдар үшін 2 м 30 см, қыздар үшін – 2 м 10 см болады. Доптың ауқымы 640-660 мм, ал салмағы 260-280 г болуы керек. Ойыншылар санына сәйкес, алаң шартты түрде 6 аумаққа бөлінген. Командаға допты қосу мүмкіндігі берілген кезде, ойыншылар келесі аумаққа сағат тілімен қозғала отырып орын ауыстырады. Алаңның беткі сызығында тұрып ойыншының допты ойынға қосуымен ойын басталады. Ол үшін ойыншы допты жоғары лақтырады да, бір қолымен соғып, алаңның қарсы жағына бағыттайды. Ойыншы допты лақтырып, оған қолы тиген жағдайда ғана ойынға дұрыс қосқан болып саналады. Қарсы беттен ойынға қосылған допты кез келген ойыншы қабылдай алады. Қабылдаушы командаға доппен үш рет әрекет етуге рұқсат беріледі және үшінші әдіспен допты қарсы алаңға бағыттаулары керек. Допты жақсы қабылдау үшін алаңның кез келген бөлігінде әрекет етуге болады, тек қарсылас алаңында ойнауға рұқсат жоқ. Егер допты қарсылас жақтан өз алаңына қайтару керек болса, онда екінші әрекетпен допты тор шетінде тұрған антеннаның сыртынан емес – екі аралағынан өткізулері қажет. Допты қабылдаған кезде, бір сәтке болсын үзіліс жасап қабылдауға болмайды, дегенмен допты дененің кез келген бөлігімен қабылдауға рұқсат беріледі. Бір ойыншы доппен екі рет қатарынан әрекет ете алмайды. Екі ойыншы бір мезетте допқа тисе, онда команда екі рет әрекет еткен болып саналады және үшінші қимылмен допты қарсы алаңға бағыттаулары керек. Екі ойыншы допқа бір мезгілде тиіп, доп тордан асса, онда келесі қателікті жасаған команда ұпай жоғалтады.
Допты ойынға қосу. Соңғы ауысым бойынша екінші аумақтан бірінші аумаққа орын ауыстырған ойыншы допты ойынға қосады. Ол үшін ойыншы беткі сызықтың сыртына, яғни допты ойынға қосу аумағына орналасады және қарсыластың допты қабылдауы қиын болатындай етіп соққы жасайды. Ұшу кезінде доп торға тиіп кетуі мүмкін және ол қате болып саналмайды. Егер допты ойынға қосушы ойыншы ойын ережесін бұзса немесе допты ойыннан тыс жіберсе, онда қарсы командаға ұпай беріледі. Ойынға қосылған допқа тосқауыл қоюға болмайды. Егер допты ойынға қосқан команда ұпай алған болса, онда допты ойынға қосуды сол ойыншы жалғастыра береді.
Шабуыл. Артқы шептегі ойыншылар допты сәтті қабылдаған жағдайда (бірінші әрекет), оны үйлестіруші ойыншыға жеткізеді (екінші әрекет), ол өз кезегінде шабуылшыға көтереді (үшінші әрекет). Шабуыл соққысы орындалған кезде доп тордың үстімен өту керек және тордың екі шетінде орналасқан анттеналар аралығынан өтуі де міндетті. Ойын кезінде доп торға тисе ойын ережесі бұзылған болып саналмайды, бірақ антеннаға тимеуі керек. Алдыңғы шептегі ойыншылар алаңның кез келген аумағынан шабуылдай алады. Ал артқы шептің ойыншылары шабуылдау үшін алдыңғы және артқы шепті бөліп тұратын сызықтан аспай секіріп, соққы жасаулары керек. Ойын кезінде либероларға ғана шабуылдауға рұқсат берілмейді.
Тосқауыл қою. Бұл ойын тәсілін қорғанушы команда қолданады. Олар өз жағына допты өткізбеу үшін тордан биік секіріп, денесінің кез келген бөлігімен (әдетте қолдарымен) доптың жолын жабады және ол үшін ереже шеңберінде қолдарын тордан асыра өткізуге де рұқсат беріледі. Тосқауыл қою мақсатын қолды қарсы жаққа шығарған кезде, олар қарсыластың шабуылдауға дейінгі орындайтын қимыл-әрекеттеріне кедергі келтірмеулері керек.
Тосқауылды жекедара немесе топтасып (жұпасып, үшеулеп) қоюға болады және ол командаға берілген үш әрекетке саналмайды. Тосқауылды тек алдыңғы шептің ойыншылары, яғни 2, 3 және 4-аумақтың ойыншылары ғана қоя алады.
Либеро. Команда сапындағы 14 ойыншының екеуі либеро болуы мүмкін. Бұл амплуада ойнайтын ойыншылар шабуылдай алмайды, сондай-ақ, тосқауыл қоя алмайды және допты ойынға қоса алмайды. Либероның киімінің түсі, өз командаластарының киімінен өзгеше болуы керек. Ол ойын кезінде шексіз ауыса алады және ол үшін төрешіні ескертудің қажет жоқ. Себебі ол шабуылдай алмайды, тосқауыл қоя алмайды және көбінесе алаңның артқы бөлігінде әрекет етеді. Либеро көбінесе алаңның алдыңғы шебінде жақсы ойнайтын ойыншымен (мысалы, ортаңғы тосқауыл қоюшымен) орын ауыстырады, қарсыластың шабуылдаған доптарын қабылдайды, сақтандыру әрекеттерін іске асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет