|
|
|
1. Допты беруге рұқсат ету – доптың бағытын көрсететін қолдың қозғалысы (бірінші төрешінің қимыл-белгісі)
|
2. Допты беретін команда – допты беретін команда бағытына қолды шығару (бірінші және екінші төрешінің қимыл-белгісі)
|
3. Алаңдағы команданың орын ауыстыруы – екі иықты көтеру: біреуін кеуденің алдына, екіншісін артқа; содан соң қолдың позициясын ауыстыру (бірінші төрешінің қимыл-белгісі)
|
|
|
|
4. Үзіліс (тайм-аут) – бір қолдың сасусақтарын екінші қолдың алақанына тіреу (Т әрпін түзіп). Содан соң бір қолмен үзіліс сұраған команда бағытына көрсету (бірінші және екінші төрешінің қимыл-белгісі)
|
5. Ауыстыру – білекті бір-бірінен айналдыру (бірінші және екінші төрешінің қимыл-белгісі)
|
6. Тәртіп бұзған жағдайда ескерту – ескертуге арналған сары карточканы көрсету (бірінші төрешінің қимыл-белгісі)
|
|
|
|
7. Ойыннан шығару – ойыннан шығаруға арналған қызыл карточканы көрсету (бірінші төрешінің қимыл-белгісі)
|
8. Ойыннан қуу – бір қолмен ойыннан қууға арналған екі карточканы бірдей көрсету (сары және қызыл) (бірінші төрешінің қимыл-белгісі)
|
9. Партия аяқталды (немесе матч) – білекті кеуденің алдына айқастырып қою (бірінші және екінші төрешінің қимыл-белгілері)
|
|
|
|
10. Беру кезінде доп лақтырылған жоқ – қолды алға шығарып, алақанды үстіне қаратып қою (бірінші төрешінің қимыл-белгісі)
|
11. Допты беруде 8 секундтан артық ұстау – арасын ашып, сегіз саусақты жоғары көтеру (бірінші төрешінің қимыл-белгісі)
|
12. Тосқауыл – екі қолды бір-біріне вертикаль қойып, алақанын алға қаратып жоғары көтеру (бірінші және екінші төрешінің қимыл-белгісі)
|
|
|
|
13. Орналастыру немесе бір-бірінің орнына ауысу кезіндегі қателер – сұқ саусақпен айналдыру қимылдарын жасау (бірінші және екінші төрешінің қимыл-белгілері)
|
14. Доп «алаңда» - қолды тіктеп саусақтарымен жерге көрсету (бірінші және екінші төрешінің қимыл-белгілері)
|
15. Доп алаң сыртында (аут) – алақанды денеге қарата, білекті тігінен көтеру (бірінші және екінші төрешінің қимыл-белгілері)
|
|
|
|
16. Допты ұстау – алақанды жоғары қарата, білекті жай көтеру (бірінші төрешінің қимыл-белгісі)
|
17. Екі рет тию – екі саусақты көтеру (бірінші төрешінің қимыл-белгісі)
|
18. Төрт соққы – төрт саусақты көтеру (бірінші төрешінің қимыл-белгісі)
|
|
|
|