Методические рекомендации по изучению предмета «Физическая культура»



бет25/92
Дата08.11.2022
өлшемі13,46 Mb.
#48449
түріМетодические рекомендации
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   92
Байланысты:
rekomend-fizkultura-5-9-klassy-obnovlenka

Командалар. Әр командада 20-дейін ойыншылар болады. Жарыс кезінде әр команда алты ойыншыдан шығарады және ойыншылар ауысымында шектеу жоқ (хоккей ойынындағы тәрізді). Команда капитанының қолында арнайы байламы болады: тек команда капитаны ғана төрешілер алқасымен сұхбаттаса алады. Ойында екі төреші қызмет етеді, ал есепті және ойын нәтижесін тіркеуге хатшылық жауапты.
Ойынның жалпы ережесі. Допқа талас ойын ортасынан басталды. Ойын ережесі бұзылған жағдайда немесе талас добын ойнатқан кезде, доп ойын ережесі бұзылған жерден қосылады. Егер доп алаңнан тыс шығып кетсе, жақтаудан 1,5 метр жерден соққы арқылы ойынға қосылады. Ойыншыларды алаңнан қуу дербес және командалық болып бөлінеді: дербес қуу екі немесе бес минутқа, командалық айып белгіленсе, 10 минут немесе ойын соңына дейін қуылады. Айып уақытының белгіленуі ойын ережесінің бұзылу сипатына байланысты.
Киім үлгісі және спорттық жарақтар. Флорболға арналған доп пластмассадан жасалған, ортасы қуыс және бір түсті болады. Имек таяқтар пластиктен жасалған, ұзындығы 105 см болады (8-сурет).


8-сурет. Флорболға арналған доп, имек таяқтар, қақпа.









Қақпашы қақпа маңындағы алаңқайда имек таяқсыз және денесінің кез келген бөлігімен ойнай алады. Қақпашы лақтырған доп алаң ортасындағы сызықтан асқанға дейін еденге, ойыншылардың біріне немесе жақтауға тиюі керек.
Негізгі ережелер
1. Үш метр ережесі: стандарты жағдайда және допты ойынға қосқан кезде, қорғанушы команданың ойыншылары төрешінің рұқсатынсыз доп тұрған жерден үш метр қашықтыққа орналасулары керек.
2. Үш секунд ережесі: допты ойынға қосуға рұқсат алған соң, сол команданың ойыншылары (қақпашы да) допты үш секунд ішінде ойынға қосулары керек.
3. Допты қосу: Ойын ережесі бұзылған соң, доп сол жерден ойынға қосылады, ал ойын ережесі қақпа сызығынан тыс жерде бұзылған болса, онда алаң бұрышынан ойынға қосылады.
4. Егер ойыншысы қуылған команданың қақпасына доп соғылған болса, онда алаңнан қуылған ойыншы ойынға қайта оралады.
5. Еркін соққы мынадай жағдайда белгіленеді:
- имек таяқтың қандай да бір бөлігімен немесе тізеден жоғары ойнаса;
- қарсыластың имек таяғынан соқса, оны ұстаса немесе көтеріп алса;
- тізеден жоғары көтерілген допты аяғымен соқса;
- алаңда секіріп, ойын әрекетіне кедергі жасаса;
- стандартты жағдайда допты ойынға қосуды қасақана созса.
6. Мына жағдайларда ойыншы ойыннан екі минутқа қуылады:
- аздаған ойын ережесін бұзу әрекеті қайталанса;
- имек таяқсыз ойнаса;
- қарсыласын ұстап құлатса, өрескел ойнаса;
- қақпашыны шабуылдаса немесе ұстап алса;
- еденде жатып, тізерлеп тұрып берілген пасты қақшып кетсе немесе ойнаса;
- допты баспен, қолмен тоқтатса;
- үш метрлік ойын ережесін бұзса;
- ойыншылар құрамын бұзса (артық адам);
- ойынды қасақана созу.
7. Ойыншылардың алаңнан бес минутқа қуылуы келесі жағдайларды қолданылады:
- ойыншыны тоқтату мақсатында еденге қасақана құлағаны үшін;
- ойынды тоқтатқаны немесе ойыншылар ауысымы кезінде имек таяқты лақтырғаны үшін.
Спорттық ойындарды өткізу ережелері [23].
Футбол
Негізгі ережелер. Қақпашыны есептегенде, командадағы ойыншылар құрамы 4-тен 11-ге дейін (алаңның көлеміне қарай). Алаң тегіс, бөгде заттардан тазалануы тиіс (тастар, шыны, т.б.). Алаң сызықтар жақсы көрінетіндей етіп сызылады. Команда ойыншылары нөмірлері көрсетілген бірыңғай форма киюі қажет. Ойынға бірдей аяқкиім киген командалар жіберіледі (бутсы, кеды). Қақпашыда міндетті түрде тізеқап пен бес саусақты қолғап болуы керек. Ойын барысында төрешінің рұқсатымен 3 ойыншыға дейін ауыстыруға болады. Тек қақпашы ғана қолмен ойнауға болады, онда да өз айып алаңында ғана. Ойын алаң орталығында бірінші тебуге ие болған (жеребе бойынша) команда бастайды, ойыншы допты қарсылас команданың бағытына жөнелтеді. Қарсылас команданың ойыншылары орталық шеңбер сыртында орналасады. Допты бірінші соққан ойыншы басқа ойыншының аяғына тимейінше, допты тебуге болмайды. Сондай-ақ, бірінші соққымен қарсыластың қақпасына бағыттауға болмайды.
Егер ережеде қарастырылмаған себептерге байланысты ойын тоқтатылса, онда даулы доп тағайындалады (допты екі ойыншының арасына жерге тастайды).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет