Методические рекомендации по изучению предмета «Физическая культура»



бет35/92
Дата08.11.2022
өлшемі13,46 Mb.
#48449
түріМетодические рекомендации
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   92
Бағалау критерилері

№ __тапсырма

Дескриптор

Балл

Оқушы

- 3×10 м алға-артқа жүгіру. Оқушы қашықтықтың қай бөлігінде тежелу керек, ал қай бөлігінде үдей жүгіру керек екендігін жылдам және дәл анықтайды.



1

Допты лақтыру кезіндегі қауіпсіздік техникасын біледі

1

Допты лақтыру техникасының элементтері туралы түсінік бар

1

Оқушы бір жалаушадан, екіншісіне үш рет жүгіріп барып келді

1

Оқушы жалаушаны жылдам және дәл айналып өте алады

1

8 саны бейнесінде жүгіре алады

1

Қалай тежелу және қашан үдей жүгіру керек екенін біледі

1

- допты екі қолмен жоғарыдан көтерудің дұрыс техникасын көрсете алады.



2

Допты көтергенге дейін волейболшының қалпын қабылдай алады.

1

Допты қабылдаған кезде алақаны жоғарыға бұрылып, саусақтары дұрыс қалыпты қабылдайды.

1

Допты қажетті бағытқа итеріп шығарған кезде тізесі, шынтақтары мен білезік буындары жазылған кезде орындалады.

1

Допты маңдай деңгейінде қабылдайды

1

Саусақтар толығымен бос, еркін. Допты он саусақпен қабылдайды

1

Қол мен аяқтың үйлесімді қимылдары байқалады

1

Барлығы :

12

3-нұсқа
Дене шынықтыру пәні бойынша қабылданатын сынақты мұғалім қорытынды нормативтер түрінде қабылдайды. Сынақ оқушылардың гимнастика, спорт ойындары (волейбол, баскетбол) және жеңіл атлетика бойынша қимыл-қозғалыс біліктіліктерін игеру деңгейлерін анықтауға мүмкіндік береді.
Оқушылардың дене дайындықтарын анықтауға мүмкіндік беретін қорытынды нормативтер (тесттер) бір немесе екі жаттығудан құралады және оларды жалпы білім беретін мектептің дене шынықтыру мұғалімі құрастырады. Қорытынды нормативтерді дене шынықтыру сабақтарында қабылдайды және ол тоқсан аяқталуға бір апта қалғанға дейін жүзеге асырылуы керек.
Балалар мен жасөспірімдер мектептерінде шұғылданатын және спорт түрлері бойынша разряды бар оқушылар сынақтан босатылмайды.
Денсаулық жағдайына байланысты арнайы медициналық топқа жатқызылған балалар («А» тобы) сынақты басқа балалармен бірге тапсырады.
Денсаулық жағдайына байланысты арнайы медициналық топқа жатқызылған балалар («Б» тобы) сынақты теория түрінде тапсырады (өз науқасына қатысты жаттығулар кешені бойынша).
Мұғалім бөлім бойынша жаттығуды орындауға бөлінген жалпы уақытты, орындалатын тапсырмалар саны және оларды орындауға кететін орташа уақытпен есептей отырып береді. Бөлім тақырыбын жиынтық бағалауға берілетін уақыт 15-20 минут болғаны дұрыс. Әрине, жаттығудың орындау уақыты 15-20 минут деп анықтау шартты жағдай. Бұл, сабақтың бір бөлігін ғана алатын аз көлемдегі бағалау жұмыстарын жүргізу үшін қажет [29].
Оқу бағдарламасында көрсетілген оқыту мақсаттары жиынтық жұмыстың нәтижелерін анықтауға мүмкіндік береді. Бөлімнің жиынтық жұмысының мазмұнына үйретілген білім мен біліктілік деңгейін көрсетуге мүмкіндік беретін мақсаттарды енгізген дұрыс.
Сонымен қатар, бағалау үшін мұғалімге өздік әдіс ойлап табуға да мүмкіндік беріледі.
Оқыту-үйрету – бұл білім алушының ой елегінен өтіп, қимыл-қозғалыс дағдылары оның бойында қалыптасатын, болжауы қиын процесс екендігін естен шығармаған дұрыс. Сондықтан, білім алушының қимыл-қозғалыс әрекеттерін дұрыс бағалау үшін формативті бағалау жүйесін қолданған дұрыс. Сонымен қатар, білім алушыны бағалаудың дұрыстығына көз жеткізу үшін, мұғалім туындаған мәселені оқушыға түсіндіріп, оның көзқарасын білуі және оған көмекке келу жолдарын іздестіруі керек.
Бағалаудың қазіргі қолданыстағы бағалау жүйесіне мұғалімдер де, оқушылар да және ата-аналар да бой үйретіп алған. Оларың мәселелерді сандық көрсеткіштермен бағалау жүйесіне деген көзқарастары осындай секілді.
Егер мұғалім «5» немесе «4» деген баға қоятын болса, онда оқытуда қиындықтар жоқ немесе көп емес; «3» деген баға – қиындықтар бар және оларды түзетуге болады; «2» – күрделі мәселе және оны шешу үшін қыруар қажыр-қайрат керек дегенді білдіреді. Бұл жол мүмкін кейбір ата-аналарға қолайлы және жеткілікті шығар. Олқылықтардың орнын толтыру үшін қосымша көмекке жүгініп және қосымша сабақтар алып, сондай-ақ оқушылардың өздік жұмыстары арқылы туындаған мәселе шешіліп жатады. Алайда бағалаудың мұндай жолы оқушылар мен мұғалімдерге тиімсіз болып саналады.
Критериалды бағалау технологиясын пайдалану қандай да бір практикалық дағдының қалыптастырылғанын, оқу материалының қаншалықты табысты меңгерілгенін анықтауға мүмкіндік беретін анық айқындалған, алдын ала белгілі критерийлермен білім алушылардың жетістіктерін салыстыру. Осыған сәйкес, әрбір білім алушының жалпы дайындық деңгейінің өзгерістері сияқты, оның алдыңғы жетістіктерімен салыстырғандағы табыстарының динамикасын да тіркеуге мүмкіндік бар [30].
Мұғалімге критериалды бағалауды оқу процесін неғұрлым тиімді ұйымдастыру, білім алушыларға уақытылы қолдау көрсету және олардың оқудағы жетістіктерін қамтамасыз ету, мүдделі тараптарға оқытудың нәтижелері туралы ақпарат ұсыну үшін қолдану ұсынылады. Бағалаудың бұндай жүйесі біріншіден балаларды табысты оқуға ынталандыруға, біліміндегі олқылықтарды анықтауға және олардың өсуін көрнекті түрде көрсетуге бағытталған.
Критериалды бағалау жүйесінің үлкен артықшылығы білім алушыға түсетін күйзеліс жүктемесінің төмендеуі болып табылады. Бірлескен ынтымақтастықта өзіндік, жұптық, топтық жұмыс дағдыларын иелену процесі белгісінен, маңызды әлеуметтік құзыреттілікті дамытуға өзгереді.
Критериалды бағалау білім алушылардың оқуға деген қызығушылығын дамыту, оқытудың ізгілікті, достық ортасын құру, оқу процесінде білім алушыларды қолдау, білім алушылардың оқуға деген ынтасын одан әрі нығайту, зерттеу, шығармашылық іс-әрекеттерге қатысу үшін пайдаланылады.
Бағалаудың жаңа жүйесі мұғалімнің ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді және ата-аналармен тығыз байланыс орнатуды талап етеді.
Білім алушылардың ата-аналарына бағалаудың жаңа жүйесінің мақсаты мен негізгі принциптері түсіндіріледі, ата-аналар үшін практикалық тренинг немесе шеберлік сыныптары өткізіледі.
Мұғалім ата-аналар жиналысын критерийлері алдын-ала белгілі тапсырмалар тарату, дескрипторларды талқылау және ата-аналармен топтық немесе жұптық жұмыс жүргізу арқылы, сабақ түрінде өткізуіне болады. Сабақта ата-аналарға да олардың балаларына берілген сияқты өзін-өзі бағалауға, өзара бағалауға, нәтижелерді талқылауға мүмкіндіктер беріледі. Мұндай жағдайда, ата-аналар жаңартылған оқу бағдарламалары бойынша оқу процесімен танысады, бағалау механизмдерін түсінеді, өз балаларының жетістіктерімен бөліседі, жаңартылған бағдарлама туралы практикаға бағытталған нақты ақпарат алады. Бұл тәжірибе жаңа білім стандартын ата-аналардың түсінуі мен қанағаттануын қамтамасыз етудің үлгісі болып табылады.
Ата-аналарға бағалаудың жаңа жүйесі білім алушылар үшін қолайлы білім ортасын құруға ықпал ететінін түсіндірудің маңызы зор.
Мұғалім бағалауды өткізу кезінде тек мұғалімдерге ғана емес, сонымен қатар ата-аналар мен білім алушыларға да көмек ретінде әзірленген кешенді әдістемелік материалдарды міндетті түрде пайдалануы керек.

Дене шынықтыру сабағына арналған қысқа мерзімді жоспар


№ 25 сабақ жоспары [31].

IV– тарау:
Қазақтың ұлттық ойындары

Ақтөбе қ. ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі



Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Срымова Б.Ж

Класс: 7 А

Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:







Сабақ тақырыбы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет