Методические рекомендации по изучению предмета «Физическая культура»



бет37/92
Дата08.11.2022
өлшемі13,46 Mb.
#48449
түріМетодические рекомендации
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   92
Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
(15 мин.)
1 мин.

30 сек.

3 мин.

5 мин.
5.30 сек.



1.Қазақтың ұлттық ойындары туралы презентация көрсету.
Оқушылардың зейін шоғырландыру, сыртқы сипаттарына, көңіл – кұйлеріне назар аудару.

2.Оқушылармен бірге оқу мақсаттарын, сабақ мңндеттерін анықтап алу, сабақ барысындағы жетістік критерийлерге тоқталу;.


Оқушыларға сұрақ қою: Сабақ тақырыбы, оқу мақсаты қандай деп ойлайсыз?

3. Жүру түрлері:


а) Қолды жоғары көтеріп, аяқ ұшымен жүру;
ә) қолды жанына созып, өкшемен жүру;
б) қолды белге қойып, аяқтың сыртқы жағымен, ішкі жағымен жүру
5.Денені қыздыруға арналған жүгіру кезіндегі жаттығуларды орындау;
6.Жалпы дене жаттығуларын өткізу (ұлттық әуенмен жүргізу)
а) қолды бүкпей, түзу ұстау, арқаны тіке ұстау;
ә) басты түзу, арқаны тік ұстау;
б) басты көтеріп, тізені сәл бүгу

Үлкен бос кеңістік, мұғалімге ысқырық, уақыт өлшегіш, шенбер, баскетбол добы, конустар, кубиктер, стикерлер, қалам, планшет, LED экран



Сабақтың ортасы
(22 мин.)

1мин.15.сек.


7 мин.25 сек.

1 мин.15сек.

4 мин.45 сек.



8 мин.



«Көкпар» ойыны
Оқушылар «Көкпар» ойынымен сілтеме арқылы танысады.


Мұғалім қыскаша ойын туралы мәлімет береді: Көкпар ұлттық ойыны біздің елімізде баяғы заманнан бастап пайда болды. Бұл көшпенділердің сауығы қазіргі уақытта елімізде және көп басқа мемлекеттерде танымал. Көкпар -жігіттердің күш-қайраты мен ептілігін сыналатын ұлттық ат ойыны. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қаймана халық қасқырды соғып алғанда, өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір-бірінен ала қашып, лақтырып ойна­ған. Кейін ол ұлттық ат спорты ойынына айналып, көк бөрі — көкпар аталып кеткен. Көшпелі елдің керемет мәдениетін үлгі еткен көкпар ойынының бәсекелік сипаты жастардың күші мен ептілігін арттырып, көшпелі шаруа мен батыр сарбаз үшін қажетті батылдық пен ерлік қасиеттерін дамы­тады».
Мұғалім ойында қауіпсіздік шараларының сақталуына баса назар аударуы шарт. Ойын басталмас бұрын оның ережелерін толық түсіндіру қажет.
Адал ойын жағдайында оқушылар қарсыластан допты тартып алып, жеңіп шығуға тырысады.
Тапсырма № 1 (Т, Ж, ҚБ) Бұл ойында оқушылар әрқайсысында 6-10 қатысушыдан бар екі тең топқа бөлінеді. Әр топтың өз ішінде оқушылар жұптасулары шарт. Жұптағы бір оқушы мініс атының, ал екіншісі сол атқа шабушының ролін иемденеді. Әр жаңа ойын басталған сайын допқа кімнің ие болатындығы анықталуы керек. Ол үшін екі топтың топбасшылары ортаға шығады, шеңбер не сызықтың сыртына қарсыласын тартып шығарған оқушының тобы допқа ие болады. Мініс аты мен атқа шабушының роліндегі оқушылар барлық ойын бойы қолдарын ұстап тұрулары керек. Атқа шабушылар бос қолдарымен допты алып, бір біріне бере алады. Мұғалімнің белгісі бойынша аттар мен атқа шабушылар жүгіріп келіп, допты қарсы беттегі шенберге салулары тиіс.
Допты салған топқа ұпай беріледі.Ең көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет