Методические рекомендации по изучению предмета «Физическая культура»



бет29/92
Дата08.11.2022
өлшемі13,46 Mb.
#48449
түріМетодические рекомендации
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   92
10-сурет. Волейболда сызықта тұрған төрешілердің жалаумен беретін ресми белгілері (Волейбол ойынындағы төрешінің 26-30 қимыл-белгілері)










26. Доп алаңда – жалауды төмен көрсету

27. Доп алаң сыртында – жалауды тігінен жоғары көтеру

28. Допқа тию – жалауды көтеріп, оны бос қолдың алақанымен жабу







29. Доп ойын алаңының сыртында немесе доптың бөгде заттарға тиюі, не болмаса доп беру кезінде ойыншының сызықтан шығып кетуі – бас үстінде жалаумен бұлғау, бос қолмен антеннаға немесе сәйкес сызықты көрсету

30. Төрелік жүргізілмейді – екі қолды кеуденің алдына айқастырып қою





Баскетбол
Жарыстарды өткізудің негізгі ережелері. Ойынның басты мақсаты допты тартып алу және оны бәсекелестің себетіне лақтыру. Баскетбол алаңы ұзындығы 28 метр және көлденеңі 15 метр тікбұрышты болады. Қалқанның (щит) төменгі жағы еденнен 2,75 м көтеріліп тұрады, шығыршығы 3,05 м биіктікте орналасады. Қалқан алаңның ішіне қарай 1,2 м шығарылады, баскетбол добының салмағы 600-650 грамм болады. Баскетболды әр топта 5 негізгі ойыншыдан екі команда ойнайды. Команданың бірдей формасы болу керек. Ойын майкасының (футболкасының) арқасы мен кеудесіне ойыншы нөмірі қойылады (4-ші нөмерден басталады) команда капитанының формасы ерекше белгіленуі тиіс.
Ойын барысында ойыншыларды шектеусіз ауыстыруға болады. Допқа ие команда ойын тоқтаған сайын ойыншыны ауыстыра алады, басқа команда тайм-аут алған немесе допқа ие команда ойыншыны ауыстырған жағдайда ойыншыны ауыстыра алады.
1. Ойын орталық шеңберде допты ойнаудан басталады. Бәсекелес ойыншылар допты қағып алуға құқығы жоқ, тек допты қолмен тартып алады немесе оны серіктесіне лақтырады.
2. Допты ұстап алған ойыншы екі қадамнан артық қадам жасауға құқығы жоқ (анығында еденге екі тигізуге). Допты алып жүру кезінде ұстап алып жүгіру, қолындағы добымен орнында тұрып секіру және жерге түсу орын ауыстыру ережесін бұзғаны болып есептеледі.
3. Ойыншылар бір қолымен ғана допты ұстап жүруге құқығы бар. Егерде доп ұстап жүргеннен кейін алынса, қайтадан допты ұстап жүруге рұқсат етілмейді (екі рет алып жүру).
4. Егер доп немесе ойыншы добымен белгіленген ойын алаңының сызығына тисе, ойыншы алаңның сыртында болса, онда төреші «доп ойыннан тыс» деп есептейді.
5. Лақтыруды шабуылшы топтың кез келген ойыншысының жасауына құқығы бар, сәтсіз лақтырудан кейін, ұшып кеткен допты кез келген топтың ойыншылары иелене алады.
6. Допты лақтыру үшін, топқа 24 секунд беріледі. Бұл ережені бұзған жағдайда (егер доп лақтырылмаса) доп келесі топқа беріледі.
7. Сегіз секунд ішінде допқа ие болған топ, қорғаныс аймағынана шабуыл аймағына көшуі қажет.
8. Егер ойын кезінде:
- бәсекеге түскен екі не болмаса одан да көп ойыншылар допты бір немесе екі қолмен мықтап ұстап тұрса, онда талас доп белгіленеді;
- доп ойын алаңының сыртына шығып кеткенде, төрешілер екі команда ойыншыларының допқа соңынан кімнің қолы тиді деген пікірлері бір жерден шықпауы;
- доп ойын алаңының сыртына шығып кеткенде, қарсылас команданың екі ойыншысы да допқа бір мезгілде қолы тиюі;
- доптың себет бағанында (тіреуішінде) тұрып қалуы;
- екіжақты фол;
- 2-, 3-, 4-кезеңдер басталғанда, онда лақтырудан талас жағдайы туындайды. Бұл жағдайларда допты ойынға қосу кезектесе иелену тәсілімен (көрсеткіш тілімен) әрекетімен орнында, сол таласып қалған жеде лақтыру жолымен жасалады. Бірінші кезең басында допқа бақылау жасамаған команда кезектесе иелену процесін бастайды. Допты Ойынға қосуға құқығы бар команда, кезектесе иелену нәтижесінен кейін, қарсыластар себетіне қарай бағытталып, көрсеткіш тілімен белгіленеді. Кезектесе иелену нәтижесі процесінде допты ойынға қосу аяқталғанда ғана, көрсеткіш тілі бағыттары тез өзгертіледі.
9. Егер допты лақтыру кезінде ойыншыны итерсе немесе қолынан қағып жіберсе, доп себетке түспесе, ол екі айыптық добын лақтыру құқығына ие болады.
10. Егер ойын бұзушылық үш ұпайлы сызық артында (6,25 м) болса, ережені бұзғаны үшін үш ұпайлы айыптық лақтыру белгіленеді.
11. Ойыншы бес рет арнайы ескерту алса, ойыннан автоматты түрде шығарылады.
12. Қалған ереже бұзушылық, фол ретінде қарастырылмайтындары, жай қателіктер болып саналады: допты қолда ұстап жүру; допты қос-қолдап ұстап жүргізу, қайталап жүргізу (екі рет алып жүру); допты алаң сыртына шығару; аяқпен ойнау.
Қателіктер немесе фол болғанда, айыптық лақтыру белгіленбеген жағдайда, ойын допты бүйір сызығынан лақтырудан жалғастырылады. Нәтижелі лақтырудан, ойыннан немесе айыптық лақтырудан кейін доп қарсылас топ ойыншыларымен алдыңғы сызық жағынана ойынға енгізіледі. Нәтижелі лақтыруға топқа екі ұпай, айыптық лақтыруға бір ұпай беріледі. Басқа 6,25 м радиустағы нәтижелі лақтыруға үш ұпай беріледі. Көп ұпай жинаған топ жеңеді.
Ойын әрбіреуі 10 минуттан, төрт кезең бойы жалғасады. Тек таза уақыт тіркеледі. Екі топ ойынды тең нәтижемен аяқтаған жағдайда, 5 минуттық қосымша кезең беріледі. Бірінші және екінші, үшінші және төртінші кезең үзілістері – 2 минуттан, екінші және үшінші кезеңдер арасындағы үзіліс – 15 минут. Ойын кезінде ойыншыларды шексіз ауыстыруға рұқсат етіледі. Шабуылдаушыға үш секундтық зонада, 3 секундтан көп болуға рұқсат етілмейді. Егер ойыншы допты ұстап алып бермесе, лақтырмаса, домалатпаса немесе оны 5 секунд ішінде жүргізбесе (допты ұстап тұру), доп бұл топтан алынады. Егер ойыншы допты 5 секунд ішінде әріптесіне бермесе, себетке лақтырмаса және допты алып жүрмесе, оны қарсыласына береді.
Ойын (матч) жарысында екі төреші төрелік етеді. Шешім шығару кезінде ойын тоқтатылады, бірақ қорытынды шешімді аға төреші қабылдайды. Үстел басында: таза ойын (матч) уақытына жауапты төреші-хронометрші, уақыт ережесін сақтауға жауап беретін төреші-секундомерші, алаңда нәтижелі лақтырған доптарды (салған минутын, неше ұпай берілетінін), сондай-ақ, жеке және техникалық қателерді, тайм-ауттар қолдануды тіркейтін төреші-хаттамашы отырады.
ТӨРЕШІЛЕР ҚИМЫЛ-БЕЛГІЛЕРІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет