Методические рекомендации по изучению предмета «Физическая культура»



бет30/92
Дата08.11.2022
өлшемі13,46 Mb.
#48449
түріМетодические рекомендации
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   92
11-сурет (Баскетбол ойынындағы төрешінің 58 белгілері)
І. ДОПТЫ ЕСЕПТЕУ (1-5 қимыл-белгі. І.)


















1. Бір ұпай – бір саусақты төмен түсіру

2. Екі ұпай – екі саусақты төмен түсіру

3. Допты үшұпайлық жерден лақтыру – бір қолды шапшаң жоғары көтеріп, үш саусақты көрсету

4. Үш ұпайлық жерден себетке доптың түсуі – екі қолды шапшаң жоғары көтеріп, үш саусақты көрсету

5. Ұпайды есептемеу, ойын әрекетін тоқтату – қолды жылдам ажырату

II. УАҚЫТҚА БАЙЛАНЫСТЫ БЕЛГІЛЕР (6-9 қимыл-белгі. ІI.)













6. Уақытты тоқтату (ысқырықпен бірге) немесе сағатты қоспау – алақанды ашу

7. Фолға арналған уақытты тоқтату (ысқырықпен бірге) – қолды ережені бұзған адамға бағыттау

8. Ойын уақытын қосу – қолды сілтеу

9. 24 секундті қайта есептеу – сұқ саусақты айналдыру

III. ӘКІМШІЛІК (10-13 қимыл-белгі. III.)













10. Ауыстыру – қолды кеуденің алдында айқастыру

11. Алаңға шақыру – алақанды ашып бұлғау

12.Үзіліс талап ету –бір қолдың алақаны мен екіншісінің саусақтарымен Т әрпін түзу

13. Алаңдағы және үстелде отырған төрешілердің арасындағы байланыс – бас бармақты жоғары көтеру

IV. ЕРЕЖЕНІ БҰЗУ (14-24 қимыл-белгі. IV.)













14. Жүгіріп кету – білекті бір-бірінен айналдыру

15. Допты дұрыс алып жүрмеу немесе қос жүргізу – алақанмен жоғары-төмен қимылдары

16. Допты бөгеу – қолды алға-жанына шығарып, жартылай бұру

17. 3 секундтік ережені бұзу – қолды алға шығарып, үш саусақты көрсету
















18. 5 секундтік ережені бұзу – 5 саусақты көрсету

19. 8 секундтік ережені бұзу – 8 саусақты көрсету

20. 24 секундтік ережені бұзу – саусақтарды иыққа тигізу

21. Артқы аймаққа допты қайтару – саусақпен көрсету













22. Допты аяқпен қасақана ойнау – аяқты сұқ саусақпен көрсету

23. Доптың немесе шабуылдау әрекетінің алаң сыртына шығып кетуі – бүйір сызыққа саусақты паралелль шығару

24. Даулы лақтырыс – екі қолды жоғары көтеріп, бас бармақты көрсету

ХАТШЫЛАР ОТЫРАТЫН ҮСТЕЛГЕ ФОЛДЫ КӨРСЕТУ
(III ПОЗИЦИЯ)
1-ПОЗИЦИЯ. ОЙЫНШЫНЫҢ НӨМІРІ (25-36 қимыл-белгі. V.1-позиция)



















25. №.4

26.№5

27.№6

28.№7

29.№8

30.№9



















31.№10

32.№11

33.№12

34.№13

35.№14

36.№15

2-ПОЗИЦИЯ. ФОЛДЫҢ ТҮРЛЕРІ (37-47 қимыл-белгі. V. 2-позиция)















37. Қолмен дұрыс ойнамау – саусаққа соғу

38. Тосқауыл қою (шабуылдау немесе қорғау кезінде) – екі қолды жамбастың жанына қою

39. Шынтақты кең қою – шынтақпен жанына қозғалту

40. Бөгелу – екінші қолдың білезігін қармап ұстау















41. Итеру немесе добы жоқ ойыншымен соқтығысу – итеруді көрсету

42. Добы бар ойыншымен соқтығысу – бір қолдың алақанын ашып, екіншісіне жұдырықпен соғу

43. Допты қадағалайтын командаға фол – ережені бұзған командаға жұдырық түйіп көрсету

44. Екіжақты фол – бастың үстіне жұдырықты айқастыру











45. Техникалық фол – екі алақанды ашып, Т әрпін түзу

46. Спорттық емес фол – білезіктен қармап ұстау

47. Ойыннан шығаратын фол – жұдырық түйе, қолды жоғары көтеру

3-ПОЗИЦИЯ. БЕЛГІЛЕНГЕН АЙЫП ДОПТАРЫНЫҢ САНЫ
(48-50 қимыл-белгі. V.3-позиция)










48. Бір айып добы – бір саусақты көрсету

49. Екі айып добы – екі саусақты көрсету

50. Үш айып добы – үш саусақты көрсету

НЕМЕСЕ – ОЙЫН БАҒЫТТАРЫ (51-52 қимыл-белгі. V.3-позиция)









51. Саусақты бүйір сызыққа паралелль қою

52. Допты қадағалайтын командаға фол берілгенде – жұдырықты бүйір сызыққа қою

VI. АЙЫП АЛАҢЫНДАҒЫ ДОПТЫ ОРЫНДАУ (2 ПОЗИЦИЯ).
1-ПОЗИЦИЯ. ШЕКТЕЛГЕН АЙМАҚТА (53-55 қимыл-белгі. VI.1-позиция)










53. Бір айып добы – бір саусақты горизонталь қою

54. Екі айып добы – екі саусақты горизонталь қою

55. Бір айып добы – үш саусақты горизонтальді қою

2-ПОЗИЦИЯ. ШЕКТЕЛГЕН АЙМАҚ СЫРТЫНДА
(56-58 қимыл-белгі. VI.2-позиция)










56. Бір айып добы – сұқ саусақты көтеру

57. Екі айып добы – саусақтарды бірге қою

58. Үш айып добы – үш саусақты көтеру (бас бармақ, сұқ саусақ, орта саусақ)


3 «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға қойылатын талаптар (есептелінді/есептелінген жоқ)

Дене шынықтыру сабақтарында бағалау.


Білім алушылардың білім алу нәтижелері туралы шынайы ақпарат алу және оқу процесін одан әрі жетілдіруге қызығушылық танытқан тұлғалардың барлығына бағалауға мүмкіндік беру – критерийлер бойынша бағалаудың басты мақсаты болып табылады.
Бағалау міндеттері:
1. Оқу процесінің әр кезеңінде әрбір оқушының дайындық деңгейін анықтау;
2. Жеке жетістіктерді қадағалау және білім алушылардың жеке дамуын түзету;
3. Білім алушыларды оқу бағдарламасын меңгерудегі бар кемшіліктерді жоюға ынталандыру;
4. Әртүрлі қызметтің маңыздылығын саралау;
5. Оқу бағдарламаларының тиімділігін қадағалау;
6. Мұғалім, оқушы мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты қамтамасыз ету.
Мұғалім оқушылардың нақты оқыту деңгейінің мақсаттарын, оқу-тәрбие процесінің педагогикалық міндеттерін қалыптастыруға негізделген негіздеме бойынша бағалай отырып, нақты оқыту деңгейінің сәйкестігін белгілейді.
Дене шынықтыру сабақтарында бағалау элементтері – білім, қозғалыс және оқу дағдылары, қимыл-қозғалыс қасиеттерін дамыту деңгейі (денені шынықтыру дайындығы), оқушылардың физикалық белсенділігінің түрлерін қалыптастыру.
Бағалау:
- икемді;
- көптеген маңызды құралдар;
- түсінікті;
- психологиялық ыңғайлы болуы керек.
Критериалдық бағалау қағидалары. Критериалдық бағалау келесі қағидаларға сәйкес іске асырылады:

  • Оқыту және бағалау арасындағы өзара байланыс. Бағалау оқытудың ажырамас бөлігі және оқу бағдарламасы мен күтілетін нәтижелердің мақсаттарымен тікелей байланысты.

  • Шынайылық, дәлелділік және жарамдылық. Бағалау дәл де, сенімді ақпарат береді. Қолданылатын критерийлер мен құралдар оқыту мақсаттары мен күтілетін нәтижелерге қол жеткізуді бағалауға деген сенімділік болады.

  • Айқындық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті де, таза ақпарат береді. Білім алу үдерісіне қатысушылардың барлығының жауапкершілігін, қатысу дәрежесін арттырады.

  • Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістіктеріндегі ілгерілеушілікті уақытылы және жүйелі түрде тексеріп отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз процесс.

  • Дамуға деген бағыттылық. Бағалау нәтижелері білім беру жүйесін, мектептерді, мұғалімдер мен оқушылардың даму бағытын ынталандырады және анықтайды [24].



12-сурет. «Дене шынықтыру» пәні бойынша критериалдық бағалау жүйесінің мазмұны

Оқыту мақсаттарының таксономиясы. Оқыту мақсаттары білім алушылардың даму деңгейлерінің ілгерілеуін көрсетуде тиімді қолданылуы мүмкін. Оқыту мақсаттары критерийлерді анық та, жеңіл түрде түсіндіруге мүмкіндік беретіндіктен, критериалдық бағалау жүйесі маңызды болып табылады.
Оқыту мақсаттары әрбір оқу бағдарламасында пәнді оқитын оқушының дамытуы керек білім және біліктілік деңгейлерін анықтайды. Ол дамулар мен анықтамаларды ақпараттандыру үшін білім беру стандарттарында Блум таксономиясы қолданылады (1956) және ол оқу бағдарламасының басты бағдары болып табылады [25].
Ойлау дағдыларының деңгейлері – бұл оқыту мақсаттарының жүйесі және оның әрбір деңгейі ойлаудың белгілі бір дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Ойлаудың «Білім» атты алғашқы деңгейі оқушының үйретілген нақты ақпаратты орындай білу қабілетімен анықталады. Дене шынықтыру сабағында ойлаудың аталған деңгейін анықтауға мыналарды жатқызуға болады:

  • дене сапаларын атау;

  • дене сапаларына анықтамалар беру;

  • дене сапаларын дамытатын жаттығуларды атап беру;

  • дене сапаларын жетілдіретін процестерді сипаттап беру;

  • осыған ұқсас басқа да тапсырмалар.

Ойлаудың «Түсіну» атты екінші деңгейі ақпаратты түсіндіре және тасымалдай білу, сондай-ақ деректерді түсіндіре білу біліктілігі арқылы анықталады. Ондай тапсырмаларға мыналарды жатқызуға болады:

  • түрлі тактикалар мен стратегияларды көрсете білу;

  • қыздырыну және қалпына келу техникаларының ағзаға тигізетін әсерлерін түсіндіре білу.

Ойлаудың «Қолдану» атты келесі деңгейі алған білімді жаңа немесе таныс емес немесе әртүрлі жағдайда пайдалана білу біліктілігімен сипатталады. Ойлаудың осындай деңгейін бағалауға арналған тапсырмаға – практикалық тапсырмаларды жатқызуға болады.
Егер білім алушылар өздеріне берілген тапсырмаларды жылдам орындап, ұқсастықтар мен айырмашылықтарды ажырата білсе, тұжырымдар жасап, ол тұжырымдарын дәлелдей алса, онда ол оқушылардың «Талдау» атты деңгейді игергендігін дәлелдейді.
Ойлаудың «Жинақтау» атты деңгейі бұрын игерілген білімді жаңа бағытта қайта құра білу қабілеттерімен сипатталады (мәселен, дене сапаларын дамытуға арналған жаттығуларды өз беттерімен құра білу немесе өздеріне жүктелген тапсырмаларды шешу үшін бағдарламаның түрлі бөлімдері бойынша алған білімдерін қолдана білу).
Ойлаудың «Бағалау» атты жоғары деңгейіне болжам жасау, ой-пікірін білдіру және оларды дәйекті дәлелдей білу тапсырмаларын сәтті орындаған кезде қол жеткізіледі.
Қазіргі жағдайда дене шынықтыру сабақтарында критериалдық бағалау жүйесін қолданылады, ол екі компоненттен тұрады: қалыптастырушы (формативті) және жиынтық (суммативті) бағалау.
Оқуды жетілдіру мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау, осы мүмкіндіктерді жүзеге асырудың әдістері мен формалары қалыптастырушы болып табылады, яғни оқуды бағалау. Бағалаудың бұл түрі үздіксіз жүргізіледі, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді, оқу жетістіктерінің өсуіне және дамуына тікелей әсер етеді және оқу процесін ұпайлар мен бағаларсыз көрсетуге мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу процесінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойында үздіксіз жүргізіледі.
Қалыптастырушы бағалау үшін ұсынылады:
1) білім алушылардың оқу мақсаттарын білу және түсіну;
2) білім алушылармен тиімді кері байланыс;
3) білім алушылардың өзіндік таным процесіне белсенді қатысуы;
4) білім алушылардың бағалау критерийлерін білуі және түсінуі;
5) білім алушылардың өз жұмыстарын талдауға қабілеттілігі (рефлексия);
6) бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытудағы тәсілдерді түзету.
Осы тармақтардың әрқайсысын қарастырайық.

13- сурет. Формативтік (Қалыптастырушы) бағалау

1) Білім алушылардың оқу мақсаттарын білу және түсіну. Мақсаттар ауқымды болуы керек, сұрақтар түрінде тұжырымдалуы керек. Білім алушы қандай нәтижеге жету керектігін нақты білуі керек. Нәтижелер нақты, бақыланатын, өлшенетін болуы керек.


2) Кері байланыс. Ол нақты, түсінікті, уақытылы және тақырып бойынша болуы керек. Ол әрбір білім алушының білім жетістіктері мен олқылықтар туралы хабарлайды, өзара сыйластық пен ізгілік атмосферасында өтіледі, білім алушыларға қателіктерді түзетуге, білімнің жетістіктерін қамтамасыз етуге уақыт береді.
Білім алушы үшін – бұл бағалаудың нәтижесінде алынған ақпараттың негізінде оқушылар оқу барысында өздерінің тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағанын біледі, өз жетістіктерін, оқытудағы кемшіліктерді түсінуге көмектеседі және алға қарай жылжу үшін нақты ұсыныстарды алады.
Мұғалім үшін – оқушының қаншалықты ілгерілегені туралы мәлімет алып, соған сүйене отырып оқыту процесіне (жаңа әдістерді таңдау, оқыту әдістемесі, сабақ уақытын бөлудегі өзгерістер енгізу және т.б.) өзгеріс енгізіп, оқытудағы кемшіліктерді түсінуге және олардың іс-әрекеттеріне өзгерістер енгізуге көмектесетін ақпарат алынады.
3) Білім алушылардың өзіндік таным процесіне белсенді қатысуы. Білім алушы дене шынықтыру туралы білім негіздерін білуді үйрену құралына айналдырып, олармен жұмыс істеу керек:
- оларды қолдану;
- қолданыстың шарттары мен лимиттерін іздеу;
- түрлендіру, кеңейту және толықтыру;
- жаңа байланыстар мен қарым-қатынастарды табу;
- түрлі модельдер мен контексттерді қарастыру.
4) Білім алушылардың бағалау критерийлерін білуі және түсінуі. Тәжірибе көрсеткендей, критерийлерді әзірлеуде бағалау процесі барлығы үшін ашық және түсінікті болды. Критерийлерді бірлесіп әзірлеу бағалауға оң көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді. Критерийлер негізінде бағалау қабілеттері адамда өмір бойы қалады.
5) Білім алушылардың өз жұмыстарын талдауға қабілеттілігі (рефлексия). Білім алушылар оқытудың мақсатын және табысқа жету жолын түсіну үшін өзін-өзі бағалауды үйренуі керек. Өзін-өзі бағалау үшін төмендегілерді пайдалана алады:
- өзін-өзі бағалау және өзара бағалау кестесін,
- рефлексияға арналған сұрақтарды және т.б.
6) Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуға тәсілдерді түзету. Формативтік бағалау күнделікті оқыту мен оқу процесінің ажырамас бөлігі. Формативтік (Қалыптастырушы) бағалауды қолдану тиімді оқытудың мәні болып табылады, ол оқытуды жетілдірудің қуатты құралы бола алады [26].
Формативтік (Қалыптастырушы) бағалау – бұл интерактивті оқытудың міндетті құрам-бөлігі, онда: мәселені сынып болып талқылау мәдениеті қалыптасады; сыни және шығармашылық тұрғыдан ойлану дағдылары дамиды; білім алушыны қолдайтын орта қалыптасады; білім алушылардың әрқайсысының өз нәтижелерін жақсартуға деген сенімділіктеріне қолдау көрсетіледі; білім алушылардан қандай нәтиже күтілетіні туралы үлгі ұсынылады.
Формативтік бағалау күнделікті әрекет кезінде қолданылады (әр сабақ сайын, күнделікті) және оқушыға да, мұғалімге де қолайлы болып табылатын үлгі ретінде қызмет етеді. Кері байланыстың қай түрін қолданатынын мұғалім өз тәжірибесіне сүйене отырып таңдайды. Осы жерде айта кететін бір жайт, байланыс оң және тиімді сипатта қызмет етуі керек.
Қимыл-қозғалыс әрекеттерін үйретуді бастағанға дейін бағалау критерийлерін құрастырып, білім алушыларға оларды түсіндіру керек. Білім алушыларға бағалау критерийлерінің маңызы түсіндіріледі және олар тапсырманы орындаған кезде неге назар аудару керек екендігін білулері керек. Құрастырылған критерийлер негізінде, білім алушылар өздерінің, сондай-ақ, құрбы-достарының қимыл-қозғалыс әрекеттерін игеру жетістіктерін бағалай алады. Білім алушыларға өздік және өзара бағалауды үйрету – оларды өз беттерімен шұғылдануға тәрбиелеудің маңызды шарты болып табылады.
Формативтік бағалауға арналған тапсырмаларды мұғалім өзі құрастыра алады немесе формативті бағалау бойынша ұсынылған тапсырмалар жинағын қолданса да болады [27].
Оқушылардың дене мәдениеттерінің өнімдік іс-әрекеттерін бағалау критерийлері
Дене шынықтыру бойынша бағалау критерийлері сапалық және сандық деп екіге бөлінеді:
Үлгерімнің сапалық критерийлері бағдарлама материалдарын игеру дәрежесімен сипатталады: білім беру мазмұнының міндетті минимумы мен мектептің білім беру стандартына енгізілген дене тәрбиесі мен сауықтыру іс-әрекеттері бойынша білім, қимыл-қозғалыс біліктіліктері мен дағдылар.


14-сурет. «Формативтік бағалауға арналған тапсырмаларды құру алгоритмі»



Үлгерімнің сандық критерийлері дене дайындығындағы өзгерістермен анықталады және күштілік, жылдамдық, қимыл-қозғалыс үйлесімділігі, төзімділік секілді негізгі дене сапаларының көрсеткіштерінен тұрады. Сонымен қатар білім алушының екпіні (белгілі бір уақыт ішіндегі дене сапаларының өзгеру динамикасы) мен дербес ерекшеліктері ескеріледі.
Формативтік бағалау мұғалімге сыныппен жүргізілетін күнделікті жұмыс кезінде білім алушылардың білім мен дағдыларын игеруді анықтай отырып, сыныптың сабақ үлгерімін қадағалауға мүмкіндік береді.
Мұғалімнің әр сабақ сайын жүргізетін бақылау жұмыстары жүйелі түрде іске асырылады және білім алушының тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындап жатқандарын түсінуге, олардың білім алу траекторияларына түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.
Формативтік бағалау қорытындысы бойынша, дене шынықтыру пәнінен әр тоқсан, жарты жыл және оқу жылының соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады. «Дене шынықтыру» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді.
«Есептелінді» және «есептелінген жоқ» деген сынақ қойған кезде критериалды бағалау қағидасына сүйену керек. Яғни, білім алушы «есептелінді» деген сынақ алу үшін сабаққа қатысып қана қоймай, дене дамуы бойынша білім мен біліктілік негіздерін игеруі керек.
Формативтік бағалау бойынша нәтижелерді құжаттық тіркеудің қажеті жоқ. Формативті бағалау нәтижелерін тіркеуді мұғалім өзі анықтайды және ол сандық, графикалық немесе балдық үлгіде болуы мүмкін. Формативтік бағалау нәтижелері мұғалімнің есеп беру құжаты болып саналмайды.


15-сурет. Дене шынықтыру сабағында «Формативтік бағалауға арналған тапсырмаларды құру алгоритмі»

Бағалаудың мұндай түрі қорытынды бағаға әсер етпейді және білім алушылардың «қателеспеуім керек» деген қорқыныш сезімдеріне жол бермейді.


Сонымен, жаңартылған үлгідегі дене шынықтыру сабағының басты міндеті – оқушының дене мүмкіндігін бағалау емес, оның спортқа деген қызығушылығын ояту, қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамытуға, өз біліктіліктерін арттыруға және адамгершілік-жігер сапаларын дамытуға ынталандыру. Ынтаның дене сапалары нашар дамыған оқушыларға ғана емес, сонымен қатар спортпен шұғылданатын білім алушылар ға да қажет екендігін естен шығармаған дұрыс. Тұрақты түрдегі ынта-жігерсіз, кез-келген адамның бір іспен шұғылдануға деген қызығушылығы төмендеуі мүмкін және мұғалімнің басты міндеті – оған жол бермеу.
Формативтік бағалауды тиімді жоспарлау
Оқу бағдарламасының және оқыту мақсаттарын талдаудың ұзақ мерзімді жоспарына шолу жасау қажет. Ол алдын ала дайындалуға және оқу жылы ішінде білім алушылар формативтік жоспар бойынша дайындалатын барлық жұмыстардың тақырыптарын анықтауға мүмкіндік береді.


16-сурет. Нәтижелерді тіркеу

Мысалы, ұзақ мерзімді жоспарды талдай отырып, оқушылар акробатикалық жаттығулардың адам ағзасына тигізетін әсерін білу және түсінулері үшін, «Ағзаны гимнастика арқылы нығайту» атты №3 бөлімдегі «6.3.2.1 – қыздырыну жаттығулары мен қалпына келу техникасының шешуші комбинацияларының ағзаға тигізетін әсерін түсіндіру және орындау» және «6.1.2.1 – қимыл-қозғалыс комбинацияларын құрастыру мен орындай білу және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігі» атты оқыту мақсаттарымен қоса «Акробатикалық жаттығулар мен комбинацияларды орындау» тақырыбы бойынша екінші тоқсанда жиынтық бағалау жасау керек екендігін көресіз. Тиісінше, сабақтардың қысқа мерзімді жоспарлары, сабақтың осы тақырыбы мен оқыту мақсаттарына сәйкес құрылуы керек болады.

__ қысқа мерзімді жоспар



Сабақ: Дене шынықтыру

Мектеп атауы:

Мерзімі:

Оқытушының аты-жөні

Сынып: 6

Сабаққа қатысушылар саны:

Сабаққа келмегендер:

Сабақтың тақырыбы:

Гимнастика арқылы денсаулықты нығайту

Сабақта қол жеткізуге көмектестетін оқыту мақсаттары:

6.3.2.1 – қыздырыну жаттығулары мен қалпына келу техникасының шешуші комбинацияларының ағзаға тигізетін әсерін түсіндіру және орындау;
6.1.2.1 – қимыл-қозғалыс комбинацияларын құрастыру мен орындай білу және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігі

Сабақтың мақсаттары:

  • қыздырыну жаттығуларының әсері және олардың акробатикалық жаттығулардағы реттілігін оқушыларға үйрету;

- оқушыларға қимыл-қозғалыс комбинацияларын құру мен орындауды және олардың акробатикалық жаттығулардағы реттілігін үйрету.

Бағалау критерилері:

  • оқушы қауіпсіздік техникасын сақтайды;

- оқушы акробатикалық комбинациялардың техникасын құрастыра және көрсете алады

Бойға сіңірілетін құндылықтар:

Үйретілетін материалға деген әуесқұмарлық, шығармашылық және сыни тұрғыдан қарау арқылы оқу үдерісіне деген сүйіспеншілікті шыңдау, ақыл-ой, денелік дамуға итермелеу. Оқушының білім деңгейін дербес дамытуына ықпал ететін біліктілік пен дағдыларды дамытады

Оқыту мақсаттары негізінде бағалау критерийлерін құру. Бағалау критерилері оқушы қандай нақты әрекеттер мен дағдыларды көрсетуі керек екендігін негіздеуге мүмкіндік береді. Тапсырмаларға қажет критерийлерді құру, оқыту мақсаттарына байланысты және ойлау дағдылары деңгейіне сәйкес келеді. Оған Блум таксономиясы көмектеседі.


Блум таксономиясына сәйкес, бағалау критерийлерін ойлау дағдылары деңгейлерімен салыстырып көріңіз. Бағалау критерийлерін ойлау дағдылары деңгейлерімен салыстырып көру, мұғалімге жүктелген дағдыларды тексеруге бағытталған тапсырмаларды құрастыруға немесе іріктеуге мүмкіндік береді. Міне осылайша, білім алушылардың нәтижелерін күтілетін нәтижемен салыстыра талдау, қажетті дағдыларды дамытуға және одан кейінгі іс-әрекеттерді жоспарлауға ықпал етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет