Методические рекомендации по изучению предмета «Физическая культура»



бет28/92
Дата08.11.2022
өлшемі13,46 Mb.
#48449
түріМетодические рекомендации
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   92
Доп мынадай жағдайларда жеңіліс табады: жерге тигенде; бір команда ойыншылары допты үш реттен артық ұрса; доп қолда немесе денеде бөгеліп қалса; допты ұрмай, лақтырса; аяқпен тепсе; бір ойыншы допқа қатарынан 3 рет қол тигізсе; ойыншы торға тиіп кетсе, ортаңғы сызықты басып кетсе және доп қарсы жақта болғанда қолын тордан асыра допқа тигізсе; доп алаң сыртына шығып кетсе немесе тордың астынан берілсе.
Ойын регламенті. Ойын партиясы уақытпен шектелмейді және бір команда 25 ұпай жинағанға дейін өткізіледі. Дегенмен, ол үшін қарсы командадан екі ұпайға басым болу керек және ойын сол басымдылыққа ие болғанға дейін жалғасады. Жеңіске жету үшін команда үш партияны ұтулары керек. Әр команда екі партиядан жеңіске жеткен жағдайда, бесінші партия 15 ұпайға дейін, тай-брейк жүйесімен өткізіледі. Әр партия сайын команда бапкері 30 секундтық екі үзіліс (тайм-аут) ала алады. Шешуші партияда бір команданың ұпай 8-ге жеткен кезде, командалар алаңдарымен ауысады. Бапкерге әр партияда ойыншыларды 6 рет ауыстыруға рұқсат беріледі (Либеро қоспағанда).
ТӨРЕШІЛЕР ҚИМЫЛ-БЕЛГІЛЕРІ
10-сурет (Волейбол ойынындағы төрешінің 1-25 қимыл-белгілері)









1. Допты беруге рұқсат ету – доптың бағытын көрсететін қолдың қозғалысы (бірінші төрешінің қимыл-белгісі)

2. Допты беретін команда – допты беретін команда бағытына қолды шығару (бірінші және екінші төрешінің қимыл-белгісі)



3. Алаңдағы команданың орын ауыстыруы – екі иықты көтеру: біреуін кеуденің алдына, екіншісін артқа; содан соң қолдың позициясын ауыстыру (бірінші төрешінің қимыл-белгісі)










4. Үзіліс (тайм-аут) – бір қолдың сасусақтарын екінші қолдың алақанына тіреу (Т әрпін түзіп). Содан соң бір қолмен үзіліс сұраған команда бағытына көрсету (бірінші және екінші төрешінің қимыл-белгісі)

5. Ауыстыру – білекті бір-бірінен айналдыру (бірінші және екінші төрешінің қимыл-белгісі)

6. Тәртіп бұзған жағдайда ескерту – ескертуге арналған сары карточканы көрсету (бірінші төрешінің қимыл-белгісі)










7. Ойыннан шығару – ойыннан шығаруға арналған қызыл карточканы көрсету (бірінші төрешінің қимыл-белгісі)

8. Ойыннан қуу – бір қолмен ойыннан қууға арналған екі карточканы бірдей көрсету (сары және қызыл) (бірінші төрешінің қимыл-белгісі)

9. Партия аяқталды (немесе матч) – білекті кеуденің алдына айқастырып қою (бірінші және екінші төрешінің қимыл-белгілері)










10. Беру кезінде доп лақтырылған жоқ – қолды алға шығарып, алақанды үстіне қаратып қою (бірінші төрешінің қимыл-белгісі)

11. Допты беруде 8 секундтан артық ұстау – арасын ашып, сегіз саусақты жоғары көтеру (бірінші төрешінің қимыл-белгісі)

12. Тосқауыл – екі қолды бір-біріне вертикаль қойып, алақанын алға қаратып жоғары көтеру (бірінші және екінші төрешінің қимыл-белгісі)








13. Орналастыру немесе бір-бірінің орнына ауысу кезіндегі қателер – сұқ саусақпен айналдыру қимылдарын жасау (бірінші және екінші төрешінің қимыл-белгілері)

14. Доп «алаңда» - қолды тіктеп саусақтарымен жерге көрсету (бірінші және екінші төрешінің қимыл-белгілері)

15. Доп алаң сыртында (аут) – алақанды денеге қарата, білекті тігінен көтеру (бірінші және екінші төрешінің қимыл-белгілері)










16. Допты ұстау – алақанды жоғары қарата, білекті жай көтеру (бірінші төрешінің қимыл-белгісі)

17. Екі рет тию – екі саусақты көтеру (бірінші төрешінің қимыл-белгісі)

18. Төрт соққы – төрт саусақты көтеру (бірінші төрешінің қимыл-белгісі)























19. Ойыншының қолы торға тию немесе беру кезінде доптың торға тиюі – сәйкес бағытта қолын торға тигізу (бірінші және екінші төрешінің қимыл-белгілері)

20. Қарсылас жақтың торында ойнау – алақанды төмен қарата, қолды тордың астына қою (бірінші төрешінің қимыл-белгісі)

21. Артқы сызықтағы ойыншының шабуылдап соғу кезінде жіберген қатесі немесе либеро, не болмаса қарсыластың берген добы бойынша шабуыл немесе алдыңғы сызықтан либероны орындау – алақанды ашып, қолды жоғары көтеріп, білекті төмен түсіру (бірінші және екінші төрешінің қимыл-белгілері)

22. Ортаңғы сызықтан ауысу (тордың астынан қарсыластың алаңына шығып кету) немесе допты беретін ойыншының алаңды (бет сызығын) тиіп кетуі, не болмаса ойыншы доп беру кезінде алаңның сыртына шығып кетуі – ортаңғы немесе сәйкес сызықты көрсету (бірінші және екінші төрешінің қимыл-белгілері)
















23. Екі жақтан жіберілген қателер және қайта ойнау – қолдың бас бармағын жоғары тігінен қою (бірінші төрешінің қимыл-белгісі)

24. Допқа тию – бір қолдың алақанына екінші қолдың саусақтарын тігінен қою (бірінші және екінші төрешінің қимыл-белгілері)

25. Уақытты алғаны үшін ескерту – бір қолдың білегін екінші қолдың ашылған алақанымен жабу (ескерту) немесе білекте сары карточканы көрсету (бірінші төрешінің қимыл-белгісі)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет