Методические рекомендации по изучению предмета «Физическая культура»



бет31/92
Дата08.11.2022
өлшемі13,46 Mb.
#48449
түріМетодические рекомендации
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   92
Сабақтың ортаңғы бөлімі – мән-мағынасын түсіну

25 минут


Мұғалім оқушыларға гимнастикадан тапсырма береді
Мұғалім «Сәттіліктің сыры» страегиясын өткізеді
1-тапсырма. Мұғалім сыныпты шағын топтарға (жұптарға) бөледі
Аунау – бұл дененің айналу қимылынан соң еденге тиюі және бастан аса айналуы. Домалау – басты аса бұрылмай, дененің айналу қимылынан соң еденге тие аунау әрекеті. Аунау және домалау түсініктерін зерттеу. Гимнастика бойынша қарапайым комбинациялар құру.
Дескрипторлар:

  • оқушылар қауіпсіздік техника ережесін (ҚТ) сақтайды;

  • аунаудың домалаудан айырмашылығын анықтайды;

  • аунау мен домалауларды көрсете алады;

  • бір жаттығулар комбинациясын құра алады

Ауқымды кеңістік



Ысқырық, гимнастикалық төсеніш
Бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар құрыңыз. Бағалаудың сапасы мен тиімділігі оқушылардың ақпаратты қабылдауларына емес, түсіну деңгейлерін дамытуға бағытталған болуы керек. Формативтік бағалау кезінде тапсырмаларды орындау өзара әрекет етуге, ілгерілеушілік пен даму салаларын анықтауға мүмкіндік береді. Тапсырмаларды орындау кезінде оқушы да, мұғалім де оқыту үдерісін жақсартуға қажет ақпараттарды алулары керек. Сол арқылы күтілетін нәтижелерге қол жеткізіледі.
Тапсырмаға қажет дескрипторларды құрыңыз. Бағалау процесінде орындалған тапсырмаларды формативтік бағалау үшін дескрипторлар қолданылуы мүмкін. Бағалау кезіндегі мұғалімнің шешімдері шынайы болу үшін тапсырмаларға арналған дескрипторлар анық та, дәл болуы керек және олар тапсырма деңгейіне қарай бірнеше болуы да мүмкін. Дескрипторлар білім алушылардың қай кезеңде қиындыққа тап болғандығын және қай жерде қателік кеткенін мұғалім мен оқушыға анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, дескрипторлар мұғалімдерге оқушымен кері байланыс орнатуға, ал оқушыларға өздерінің күшті және әлсіз тұстарын анықтауға мүмкіндік береді.
Белгілі бір тақырып бойынша бағалауға арналған тапсырмаларды даярлаған кезде, келесі әрекеттерді орындау қажет:
Бірінші. Сабаққа деген мақсаттарды айқындау. Оны анықтауға оқу бағдарламасы көмектеседі.
Екінші. Оқыту мақсаттарын негізге ала отырып, бағалау критерийлерін құру.
Үшінші. Бағалау критерийлеріне сәйкес келетін ойлау дағдыларының деңгейін анықтау.
Тек содан кейін ғана, төртінші. Бағалауға арналған тапсырмаларды іріктеу немесе құру.
Мысалы: Сапалы бағалау үшін жақсы құралдардан басқа, бағалау іс-шараларына арналған нұсқаулықтардың маңызы жоғары екендігін ұмытпаған дұрыс. Ол үшін мұғалімге көмек ретінде келесі алгоритм ұсынылады:

  1. Бөлім/өтімді тақырып бойынша оқу бағдарламасы мен оқыту мақсаттарын зерттеу;

  2. Жиынтық бағалауда тексерілетін оқыту мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлерін анықтау және оларды ойлау деңгейлерімен салыстыру;

  3. Оқыту мақсаттарын қамтитын, критерилерді тексеретін және ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келетін бір немесе бірнеше тапсырма құрастыру;

  4. Әрбір тапсырмаға дескрипторлар құру;

  5. Білім алушылар мен олардың ата-аналарына жиынтық бағалау бойынша нәтижелерді көрсету үшін, бөлім/өтімді тақырыптарды жиынтық бағалауға қажет рубрикаларды (бағалау критерийлеріне сәйкес деңгейлерді сипаттау) құрастыру.

Бөлімді жиынтық бағалаудың міндеті – аралық нәтижені, яғни білім алушылардың ағымдық оқу жетістіктерін тіркеу.
Жиынтық бағалауды жүргізу үшін бөлім/ортақ тақырыптар бойынша тапсырма үлгілері ата-аналарды ақпараттандыруға арналған ұсыныс ретінде беріледі [28]. Әрбір мұғалім өзіне қолайлы кері байланыс нұсқаларын әзірлейді. Мұғалімдер қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың нәтижелерін оқушылармен арадағы кері байланыс үшін және оқу процесінің барысында ата-аналарға ақпарат беру үшін пайдаланады.
Үлгілер:
1-нұсқа
Мысалы, 6-сыныптың дене шынықтыру пәні бойынша оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарының 1-тоқсанында 2 бөлім берілген: «Жүгіру, секіру және лақтыру дағдыларын дамыту» және «Командалық спорт ойындары». Тиісінше, дене шынықтырудың 1-тоқсанының бөлімін жиынтық бағалау екі рет, әр бөлімді игеру аяқталған соң өткізіледі. Әр бөлім бойынша бағалау үшін 6 ұпай беруге болады. Егер тоқсанда екі бөлім болса, онда тоқсан бойынша 12 ұпай болады.
Екі бөлім бойынша 6 ұпай (ең аз дегенде 3 ұпай, яғни 50%) алған оқушыға сынақ қойылады. Аз ұпай жиналса - сынақты тапсырмаған болып саналады (яғни, қайта сынақ тапсыруға жіберіледі).

№ Бөлім
бойынша ЖБ

Оқушының ұпайы (балы)

Бөлім бойынша ең жоғары ЖБ

Барлығы

1

3

6

Сынақ

2

4

6

Сынақ

Оқушының аты-жөні:
Мұғалім:
«Жүгіру, секіру және лақтыру дағдыларын дамыту» бөлімі бойынша
қорытынды жұмыс
Пән атауы: Дене шынықтыру
6-шы сынып ______
Жалпы балл саны: 6





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет