Коучинг - бұл нәтижеге қол жеткізуге бағытталған тәжірибе ұсынатын
педагог пен әріптестердің/коучинг қатысушыларының ӛзара әрекеттесуі
болатын консалтингтік кӛмек.
Мастер-класс - бұл педагогикалық тәжірибені ұсыну нысаны, онда ӛз
тәжірибесін беруге және оларды әріптестерінің практикалық қызметінде
қолдануға баса назар аударылады. Осы форманың ерекшелігі -
қатысушылардың тәжірибені игеру үрдісіне барынша толық қосылуын
қамтамасыз ететін оқытудың белсенді әдістерінің кең жиынтығын пайдалана
отырып, алдына қойылған міндеті мен тапсырманың үйлесімі
болып табылады.
Тапсырмаларды орындау мен іс-әрекетінде қолдану барысында берілген
ақпаратқа шоғылануы нәтижесіндегі тиімділігімен қамтамасыз етіледі.
Мастер-класс педагогқа ӛзін-ӛзі кӛрсету және ӛзін-ӛзі жетілдіру
мүмкіндігін береді. Педагогикалық тәжірибені жалпылау мен таратудың осы
түрі:
- қатысушы педагогтардың мотивациясы мен кәсіби қажеттіліктерін;
- педагог-қатысушылардың кәсіби қызығушылығын ынталандыруын;
- мастер-класқа қатысушы әрбір педагогқа жеке кӛзқарасты жүзеге
асыруды ықпал етеді.
Мастер-класс ӛткізу әдістемесінің құрылымдық және мазмұнды қатаң
регламенттеуі жоқ. Ол ӛзінің кӛпшілігінде оның жетекші педагогының
түйсігіне, сондай-ақ педагог-қатысушылардың тәжірибесін қабылдауға кӛңіл-
күйіне негізделеді.
Әдістемелік форум - практикалық инновациялық тәжірибемен алмасу
және оны енгізу жолдарын анықтау үшін шығармашылық педагогтардың,
ғалымдардың кездесуі.
Педагогикалық «Гайд-Парк» - шығармашыл педагог инновациялық
идеяларды талқылау үшін ұсына алатын пікірталас алаңы. Осы нысанның
ғылыми-практикалық
конференциялардан,
әдістемелік
семинарлардан
ӛзгешелігі білім беру процесінің барлық қатысушыларының (ата-аналар,
серіктестер, қоғам ӛкілдері және т.б.) педагогикалық тәжірибесін талқылауға
қатысу мүмкіндігі, сондай-ақ педагогтардың екі санатының:тәжірибелі
педагогтар мен бастаушы болуы ерекшелігі.