Методические рекомендации по обобщению передового педагогического опыта в республике казахстан



Pdf көрінісі
бет31/119
Дата15.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#122466
түріМетодические рекомендации
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   119
Байланысты:
РЕКОМЕНДАЦИИ ПО ОБОБЩЕНИЮ опыта

 
 
 


67 
Қорытынды 
Білім беру жүйесін жаңғырту кәсіби құзыреттілігімен, дербестігімен 
ерекшеленетін, мектептегі оқу - тәрбие процесін жетілдіруге, білім 
алушылардың оқу жетістіктерінің сапасын арттыруға бағытталған ӛз қызметін 
болжай, жобалай алатын білікті мұғалімдерсіз мүмкін емес. 
Мектеп түлектерінің болашағы мұғалімнің кәсібилігіне, құзыреттілігіне 
байланысты. Оқыту және тәрбиелеу үдерісінде инновациялық технологияларды 
қолдану, оқытудағы тәжірибе мұғалімге кәсіби қызметте жоғары кӛрсеткіштерге 
қол жеткізуге, ӛз болашағын жоспарлай алатын, ойлай алатын мектеп 
бітірушілерді дайындауға мүмкіндік береді. 
Педагогтың ӛз педагогикалық қызметін талдауы және түзете білуі, қазіргі 
заман талабына және қоғам мен еңбек нарығының талаптарына сәйкес оны 
жұмыс тәжірибесіне жаңалықтарды енгізуге бағыттайды. Үздіксіз білім беру 
кәсіпқойлықты арттырудың маңызды шарттарының бірі, қалыптасқан оқыту 
тәжірибесі мен талаптар, қоғамда кӛрсетілетін білім беру қызметтерінің 
сапасының жаңа стандарттары арасында орын алып отырған "келісуді" жою 
болып табылады. 
Мұғалімнің үздіксіз білім беруге дайындығы мен қажеттілігі-"ӛмір бойы 
білім беру" мұғалімнің кәсіби қызметте күшті және әлсіз жақтарын анықтау, 
одан әрі дамыту мен жетілдіру үшін бағыттарды анықтау мақсатында ӛз 
тәжірибесін талдау, қорыту бойынша үлкен жұмысты кӛздейді. 
Жеке педагогикалық тәжірибені талдау негізінде мұғалімнің тұлғалық-
кәсіби дамуы жетекші бағыт болып табылады. Мұғалімнің педагогикалық іс-
әрекеті процесінде алған материалды жинақтау және жүйелеу, оқу іс-әрекетін 
ұйымдастыру әдістерін, тәсілдерін, формаларын қолдану фактілерін талдау 
және ойлау педагогикалық тәжірибені жинақтау үшін негізін құруға ықпал 
етеді. 
Мұғалімнің ӛз қызметіне сыни, аналитикалық кӛзқарасы жеке – кәсіби 
дамуына және оқу –тәрбие процесінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне,
қоғам үшін тәжірибені таратуына ықпал етеді. 
Ең үздік практикалардың жинақталған тәжірибесін жүйелеуде ӛңірлерде 
алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе бойынша анықтамалық-ақпараттық 
материалдар тиімді қолданылады, онда мынадай деректер кӛрсетіледі: 


68 
Мұғалімнің аты –жӛні 
Тақырыбы/тәжірбие авторының идеясы
Педагогикалық озық тәжірибиенің мазмұны(қысқаша) 
Тәжірибиенің бағасы(тәжірибие қайда қаралды, эксперт кеңесі ұсынған(ҒӘК) 
Жұмыс тәжірибесіне енгізу үшін қандай санатқа (педагогтар, ата-аналар) 
ұсынылды 
Мұндай есеп жүргізу нысаны жаңа мәліметтер енгізуге мүмкіндік береді, 
мысалы:
- білім беру ұйымдарында тәжірибені енгізу туралы;
- автордың жаңа идеяларды тәжірибесіне енгізуі
- үздік тәжірибе республикалық деңгейде ұсынылды немесе конкурс 
қорытындысы бойынша идея/тәжірибенің авторы "Үздік педагог"атағын алды.
Осылайша, озық педагогикалық тәжірибені жалпылау және тарату кезінде 
белгілі бір нәтижелерге (мақсаттарға - оқу, тәрбие) қол жеткізуге және ұсынуға 
бағытталған педагогтың ӛзара байланысты компоненттерінің, іс-әрекеттерінің 
жиынтығы қарастырылады.Тәжірибенің жетекші идеясы қандай? Тәжірибе 
авторының басты, негізгі идеяларын анықтау, оқытудың дәстүрлі емес әдістерін, 
тәсілдері мен формаларын қолдануды есепке ала отырып, оқу процесін 
ұйымдастыру, пәнаралық байланыстарды есепке алу, әзірлеменің жаңалығы, 
оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке алу, оқушылардың сабақтарда білім 
беру қызметіне уәждемесін қалыптастыру басқа педагогтар мен білім беру 
ұйымдарының жұмыс тәжірибесінде осы тәжірибені(оның элементтерін) 
пайдалану мүмкіндігі мен шарттарын бағалауға мүмкіндік береді. 
Озық 
педагогикалық 
тәжірибе 
бойынша 
жұмыс-педагогтардың 
біліктілігін арттыру бойынша мақсатты, жүйелі жұмыс жасауды қамтамасыз 
ететін әдістемелік қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Бұл қызметтің 
мақсаты-Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында кӛрсетілетін 
білім беру қызметтерінің сапасын арттыру. Мұғалімдердің кәсіби деңгейі, 
олардың үнемі ӛзін-ӛзі жетілдіру, білім беру саласындағы инновациялық 
технологиялармен танысу, әріптестердің үздік тәжірибелерін зерттеу және оқу-
тәрбие үдерісіне енгізу- біздің республикамыздың болашағына байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет