Методические рекомендации по обобщению передового педагогического опыта в республике казахстан


әдіс » педагогикалық тәжірибені жалпылау және тарату бойынша



Pdf көрінісі
бет27/119
Дата15.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#122466
түріМетодические рекомендации
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   119
әдіс
»
педагогикалық тәжірибені жалпылау және тарату бойынша 
реттелген ӛзара байланысты іс-әрекет тәсілі 
деп есептеуге болады.
Ю. З. Кушнердің «Педагогикалық зерттеудің методологиясы мен 
әдістері» атты оқу-әдістемелік құралында «педагогикалық тәжірибені зерттеу 
және жалпылау»ұғымын әдіс ретінде қарастырады, оның мәні «біріншіден, ол 


58 
оқытуды, тәрбиелеуді, дамытуды және білімді табысты жүзеге асыратын үздік 
мектептер мен мұғалімдердің жұмыс тәжірибесінің жетекші (стратегиялық) 
идеяларын зерделеуге және теориялық пайымдауға негізделген; екіншіден, ол 
ең ӛзекті ғылыми мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді; үшіншіден, ол 
педагогикалық үдерістің сыртқы заңдылықтарын анықтау үшін ғана емес
сонымен қатар жасырын (ішкі) педагогикалық заңдылықтарды түсінуге 
жақындауға мүмкіндік алу үшін теориялық-әдіснамалық база жасайды; 
тӛртіншіден, ол педагогикалық жаңашылдықты, яғни, ӛзіндік, бірегей 
педагогикалық олжаларды қамтитын тәжірибені зерделеуге мүмкіндік береді».
Педагогикалық практикада дәстүрлі түрде кешенді педагогикалық 
тәжірибені зерделеу мен жинақтаудың зерттеу әдістері қолданылады (зерттеу 
әдістері мен қорыту әдістеріне бӛлінбейді):
1. Зерттеу объектісін анықтау: 
- диагностикалық бақылау бағдарламасының кӛмегімен педагог қызметін 
бағалау; 
- тұрақты оң нәтиже алатын педагогтарды анықтау; 
- педагог қызметі туралы ақпарат жинау; 
- жоғары нәтиже алуға ықпал ететін факторларды анықтау; 
- зерттеу объектілерін анықтау. 
2. Зерттеу мақсатын қою: 
- шығармашыл педагогты шешуге бағытталған елеулі қарама-
қайшылықты анықтау; 
- мәселені тұжырымдау; 
- тәжірибені теориялық негіздеу; 
- тәжірибенің мәні мен негізгі идеялары туралы гипотезаны анықтау; 
- зерттеу мақсатын тұжырымдау.
3. Зерттелетін тәжірибе туралы ақпарат жинау: 
- ақпаратты жинау және ӛңдеу әдістерін іріктеу; 
- оқытылған мәселе бойынша күнделікті ӛмірде және сабақта педагог пен 
балалардың қызметін бақылау бағдарламасын құру; 
- тәжірибе туралы ақпаратты жинау әдістерін жүзеге асыру. 
4. Жиналған ақпаратқа педагогикалық талдау: 
- зерделенетін тәжірибені тәжірибенің негізгі идеяларына сәйкес 
бӛлімдерге бӛлу; 
- критериялар негізінде тәжірибе идеяларын бағалау; 
- мәлімделген мәселе мен тәжірибе идеясы арасындағы себеп-салдарлық 
байланыстарды анықтау; 
- тұтас педагогикалық жүйедегі тәжірибе рӛлін анықтау.
5. Тәжірибе жинақтау: 


59 
- талдау негізінде алынған деректерді жүйелеу және синтездеу;
тәжірибенің мәні мен жетекші идеясын қалыптастыру; 
- педагог қызметіндегі тәжірибе мен проблемалар дамыған жағдайларды 
ашу; 
- тәжірибені қолданудың "шекарасын" анықтау және оның басқа 
педагогтар үшін практикалық маңыздылығы;
- талаптарға сәйкес тәжірибені сипаттау. (http://www.ohansk-
mmcit.narod.ru/4/46/peredov_ped_opit.htm ) 
Бақылау 
тікелей (жұмыста бақылау) және жанама болуы мүмкін. (оқу 
әдістемелік құжаттамамен және жұмыс материалдармен танысу). 
Бақылау объектілері: білім алушылардың қызметі, тәжірибесін 
жинақтайтын педагог қызметі, жоспарланған жұмысты орындау сапасы, белгілі 
бір құзыреттердің қалыптасуы; білім беру үрдісін дидактикалық қамтамасыз 
ету, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру сапасы, оқыту құралдары). Бақылау әдісі 
объективтілік пен негізділік болған жағдайда тиімді болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет