20
2.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ
МҦҒАЛІМДЕРДІҢ
ОЗЫҚ
ТӘЖІРИБЕСІН
ЖИНАҚТАУ ЖӘНЕ ТАРАТУ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ
Қазақстан Республикасында білім беру мазмұнының жаңартылуына,
қоғамның адами капиталдың сапасына қойылатын талаптарының ӛсуіне
байланысты, педагогикалық ғылым алдында мектеп жұмысының тәжірибесіне
құнды педагогикалық идеяларды енгізудің тиімді
тетіктерін іздестірумен
байланысты жаңа міндеттер тұр. Осы озық педагогикалық тәжірибе білім беру
әдістемесіне жаңашылдықтар енгізуге, білім беру сапасын арттыруға
бағытталған білім алушылармен жұмыстың белсенді әдістерін қолдануға ықпал
етеді.
Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру кезінде ӛзінің
кәсіби қызметіне
жаңашылдық енгізген педагог, белгілі бір мәселе бойынша жеке жинақталған
әдістемелік материалдарды жүйелеуді
жоспарлайды. Ӛз тәжірибесін жүйелеу
және жинақтау механизмін анықтайды.
Суретте (2.1 сурет) озық педагогикалық
тәжірибені анықтау, жүйелеу,
жинақтау, тарату, енгізу дәйектілігін кӛрсететін мұғалімнің инновациялық
қызметінің объектісі және оның білім беру қызметіне қарым-қатынасы
кӛрсетілген.
Сонымен қатар, жаңашылдықты институттандыру, яғни енгізу
режимінен тұрақты қолдану режиміне кӛшу кезеңін бӛліп кӛрсетеді [15].
Педагогикалық инноватика объектісі - білім беру жүйесінің
тиімділігін
арттыруға бағытталған инновациялардың (жаңалықтардың) қозғалысын
қамтамасыз ететін қызмет.
Инновациялық қызмет
Сурет 2.1. Мұғалімнің инновациялық қызметінің объектісі және оның білім
беру қызметіне
қатынасы
ОПТ тарату
ОПТ тарату
ОПТ енгізу
Тәжірибені
ӛзгерту
қажеттілігін
анықтау
Жаңа ОПТ
Білім беру қызметі
21
Инновация дегеніміз не?
- «Жаңа енгізілім (инновация) - енгізу ортасына жаңа тұрақты
элементтерді енгізетін мақсатты ӛзгеріс, соның салдарынан жүйенің бір күйден
екіншісіне ауысуы болады» [16].
- Инновация (үрдіс) - бұл технологиялық және басқарушылық жетілдіру
немесе жаңа қолданыстағы білім беру процесінің
тиімділігі мен сапасын
арттыратын принципті, жаңа процесті құру [17].
Достарыңызбен бөлісу: