Методические рекомендации по оцениванию учебных достижений детей с особыми образовательными потребностями и детей, обучающихся на дому


Ақыл-ой кемістігі бар балалар үшін білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері



бет17/31
Дата06.01.2022
өлшемі0,67 Mb.
#14349
түріМетодические рекомендации
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31
Ақыл-ой кемістігі бар балалар үшін білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері

Ақыл-ой кемістігі бар балалардың психофизикалық ерекшеліктері

және ерекше білім беру қажеттіліктері

Ақыл-ой кемістігі бар балалар санатына бас ми қабығының диффузиялық органикалық зақымдануы салдарынан танымдық әрекеті мен эмоционалдық-ерік мүмкіндіктері тұрақты бұзылған балалар жатады. Бұзылудың байқалу дәрежесі зақымдану ауырлығына, оның басым орналасқан жеріне, сондай-ақ пайда болу уақытына байланысты болады. Ақыл-ой кемістігінің жеңіл формалары кезінде дене дамуының жай-күйінде көзге көрінетін өзгерістер байқалмауы мүмкін. Дене дамуының жай-күйіндегі өзгерістер туа біткен аурулар, әсіресе хромосомалық жиынтықтың бұзылуына байланысты (мысалы, Даун ауруы, сондай-ақ зат алмасудың бұзылуымен байланысты олигофренияның тұқым қуалайтын формалары кезінде) аурулар кезінде байқалады. Дене дамуының жетілмеу белгілері ми қабығы ауыр зақымданған кезде жиі кездеседі. Ішкі органдар жағынан да өзгерістер байқалады – жүрек ақауы, жүрек-қан тамыры жүйесінің немесе ішек-қарын жолының басқа да бұзылулары, дем алу органдарының даму ақаулары, бөлініп шығатын заттар жиі кездеседі.

Ақыл-ой кемістігі бар балаларда қозғалыс аппаратының бұзылулары орын алады, олар онша байқалмайтын парез түрінде, әртүрлі сипаттағы буын ет тонусының өзгеруі түрінде байқалуы мүмкін. Анамнезінде қозғалыс функцияларының дамуында артта қалушылық байқалады. Қозғалыс бұзылулары жылдамдыққа, дәлдікке, ептілік пен қозғалыс мәнеріне қатысты болады. Балалар сөздік нұсқама бойынша орындайтын қозғалыстар синкинезияларға (негізгілерді сүйемелдейтін қосымша қозғалыстар) ұласады. Ақыл-ой кемістігі бар балалардың көпшілігінде сөйлеу тілінің бұзылулары байқалады [13].

Ақыл-ой кемістігі бар балалардың негізгі даму ерекшелігі барлық танымдық әрекеттің, әсіресе ойлау қабілетінің жетілмегендігін сипаттайтын, психикалық әрекеттің бұзылуы болып табылады. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар балалар қоршаған ортаны негізінен сайма-сай қабылдайды, алайда қабылдау процесінің өзінің белсенділігі төмен болады. Бұл балалардың түсініктері нақты емес және аз дифференцияланған. Қалыптасқан шартты байланыстары мықты емес және тез өшеді. Жадтың бұл ерекшеліктері оқу материалын зерделеген кезде едәуір қиындықтар тудырады. Оны бірнеше рет қайталау керек. Қабылдау мен түсінудегі бұзылулар зияткерлік әрекеттің негізін құрайтын жоғары психикалық функциялардың қалыптасуына теріс әсер етеді. Бұл барабар емес реакцияларға және жеткілікті ойланбай жасалған мінез-құлық формаларына себеп болуы мүмкін.

Ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың танымдық әрекетінің өзіндік ерекшелігі сөздік-логикалық ойлау қабілетінің едәуір жетілмеуінде. Ең аз дегенде бұл ерекшелік көрнекі-әсерлі, көрнекі-бейнелеп ойлау процесінде байқалады, оны оқыту мазмұнын таңдаған кезде де, ақыл-ой кемістігі бар мектеп оқушыларын оқыту әдістерін, тәсілдері мен құралдарын анықтаған кезде де ескеру қажет.

Ақыл-ой кемістігі кезінде ерік-жігер дамуында бұзылулар байқалады. Сырттан қарағанда ол ретсіз жүріс-тұрыстан, еріксіз сипаттағы қозғалыстар мен әрекеттердің басымдығынан байқалады. Кейде мүлдем мойындамау (негативизм) көрінісі байқалады. Еркі-жігерінің әлсіздігі басқа адамның ықпалына бағынуынан, табандылық пен бастамашылдықтың болмауынан көрініп тұрады. Жүріс-тұрысы ырықсыздық сипатта болады. Ерікті зейіні тұрақсыздықпен сипатталады. Оқушылардың бір затқа, әрекетке көңіл бөлуі қиын болады, бұл оқытуды өте күрделендіреді. Алайда, оқыту мен тәрбиелеу процесінде зейін тұрақтырақ бола бастайды, оның көлемі кеңейеді. Бұған өз-өзіне қызмет көрсету және қиын тапсырмаларды орындау дағдыларын меңгеруі ықпал етеді.

Психикалық әрекеттің бұзылуларына эмоционалдық тұрғыдан ауытқушылықтар да жатады, оның оқыту процесіндегі маңызы зор, өйткені ол ойлау қабілетін жандандырады. Мұндай балалардың сезімдері де аз дифференцияланған, селдір болып келеді.

Ақыл-ой кемістігі кезіндегі қалыпты бұзылу сөйлеу тіліндегі бұзылулар болып табылады. Сөздік қоры баяу кеңейеді және қалыпты дамып келе жатқан құрбыларының деңгейіне жетпейді. Сөздердің буындық құрылымы, сөйлеу мәнерінің грамматикалық құрылымы бұзылады. Айналадағы адамдардың сөзін түсіну шектеулі болады.

Танымдық әрекеттің, дене дамуы мен соматикалық денсаулық ерекшеліктерінің елеулі бұзылуы салдарынан ақыл-ой кемістігі бар оқушыларда ерекше білім беру қажеттіліктері туындайды. Қарастырылып отырған санаттағы мектеп оқушылары:


  • түсінуге қолжетімді және әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға және кәсіп алуға (МЖББС) талаптарын орындауды болжамайтын) бағытталған оқу материалын іріктеуді;

  • дәстүрлі білім беруде қолданылмайтын, оқытудың спецификалық құралдары мен әдістерін;

  • қорғаушылық педагогикалық режиммен қамтамасыз етуді (мөлшерленген оқу және физикалық жүктеме, жұмыс қабілеттілігінің жеке ерекшеліктеріне, психологиялық жайлылық атмосферасына және т.б. сәйкес еңбек пен демалысты алмастырып отыру);

  • таңдап алынған оқыту бағдарламасының шынайы жетістіктерге, баланың даму деңгейіне сәйкестігін үнемі бақылауды;

  • психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу көрсететін мамандардың (логопед, психолог, ЕДШ нұсқаушысы және т.б.) жеке көмегін;

  • ақыл-ой кемістігі бар оқушының айналасындағы ересектердің баланың ерекше, оның ішінде білім беру кеңістігінен тыс, білім беру қажеттіліктерін іске асыруға дайын болуын және нақты қатысуын қажет етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет