Методические рекомендации по оцениванию учебных достижений детей с особыми образовательными потребностями и детей, обучающихся на дому



бет16/31
Дата06.01.2022
өлшемі0,67 Mb.
#14349
түріМетодические рекомендации
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31
Психикалық дамуы тежелген балалар үшін білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету

Қажетті арнайы құрал-жабдықтар

ПДТ бар балаларды жалпы білім беретін ұйымға қосқан кезде білім беру ортасын көрнекі материалмен және мультимедиялық аппаратурамен міндетті жеткілікті жабдықтау туралы есте сақтау керек.

Оқытудың интербелсенді техникалық құралдары:


  • психикалық дамуы тежелген балалар үшін көзбен және есту арқылы көруге болатын көрнекіліктерге сүйенетін қажетті, сондай-ақ баланың танымдық қызығушылығын оятатын құралдарды пайдалану;

  • психикалық дамуы тежелген балаларда бастапқы біліктер мен дағдыларды қалыптастыруға арналған мамандандырылған оқу-жаттығу құрылғылары. Оқытуда тренажерларды пайдалану меңгерілетін әрекетті модельдеу процесінің негізінде құрастырылатын, арнайы әзірленген бағдарламаларды қолдануға негізделген, бұл психикалық дамуы тежелген балаларда сол немесе өзге әрекеттің динамикалық стереотипін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қосымша дидактикалық материалдар

ПДТ бар балалардың ерекше білім беру қажеттіліктері барлық мазмұнды салалар бойынша оқыту процесін тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін дидактикалық материалды арнайы іріктеу қажет екенін көрсетеді.



Айналадағы адамдармен қарым-қатынас жасау практикасын меңгеру көрнекі-дидактикалық, иллюстрациялық материалды, басқа тәсілдермен (түсіндіру, нұсқау, сұрақтар) үйлестіріп сөздік жаттығуларды; белгі-символдарды модельдеуді (модельдер құру және оларды объектілердің құрылымы, осы объектілер элементтерінің арасындағы қарым-қатынастар мен байланыстар туралы түсінік қалыптастыру мақсатында пайдалану); вербальды коммуникация құралдарын пайдалануды болжайды.

Психикалық дамуы тежелген балалардың білім беру процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

  • балалардың жас ерекшеліктерін ескеру, жақын және жуық даму аймағы туралы есте сақтау қажет;

  • көбірек ұнататын әрекет түрлерін іріктеу ПДТ бар балалардың әлеуетті мүмкіндіктерін іске асыру жағдайларын оңтайландыруды ескере отырып жүргізіледі. Оқу процесіне қабылдауды, талдау жасай отырып бақылауды, ойлау операцияларын (талдау және жинақтау, топтау және жіктеу, жүйелендіру), әрекеттер мен біліктерді дамытуға арналған тапсырмаларды қосу мақсатқа сай болады;

  • тапсырманы ұсына отырып, сабақта бір және сол баланың өзекті және әлеуетті мүмкіндіктері әртүрлі тапсырмаларды орындау кезінде әртүрлі болуы мүмкін екенін ескеру қажет;

  • балалар түсінуі, мазмұнына жетіп ойлануы үшін сұрақтарды дәл, қысқа қою қажет, бұл ретте оларды жауап беруге асықтырмай, ойлануға уақыт беру керек;

  • ПДТ балаларға тән тез шаршауды болдырмау мақсатында балаларды бір әрекет түрінен екіншісіне ауыстырып отыру, сабақ түрлерін түрлендіру, әртүрлі әрекет түрлерін пайдалану дұрыс болады;

  • әрекет түрлерін немесе тапсырмаларды ауыстырған кезде баланың мұғалімді түсінгеніне көз жеткізу қажет;

  • білім беру міндеттеріне сәйкес әртүрлі көрнекі материалдарды ұтымды пайдаланыңыз;

  • ПДТ бар әр бала үшін оған қажетті көрнекі тіректерді пайдаланыңыз, танымдылық пен бастамашылықтың кез келген көрінісін қолдаңыз және көтермелеңіз;

  • балаға қатысты әртүрлі педагогикалық шараларды пайдаланыңыз: ПДТ бар балалардың қызығушылықтары, әдетте, санаулы бағытта, тұрақсыз болып келеді; қажетті ықпал ету шарасын үнемі тез табу мүмкін бола бермейді – баланың оған бейімделуіне байланысты бір және дәл сол шара өз күшін жояды.

  • баланың оқудағы жетістіктерін оның танымдық дербестілікке, танымдық қызығушылыққа жылжу қарқынына қарай бағалаңыз;

  • ПДТ бар балалармен жұмыс істеген кезде ерекше педагогикалық такт көрсетіңіз – балалардың ең аз жетістігін ескеру және көтермелеу қажет, онңы өз күші мен мүмкіндігіне деген сенімін дамыту қажет, жағымды эмоционалдық көңіл-күйін қолдау керек;

  • балалардың әрекетін бағалаған кезде жеке тәсілдерді пайдаланыңыз: егер ол тапсырманы жақсы орындаса, баланы міндетті түрде көтермелеңіз, бір нәрсені нашар орындаған балаларға ешқандай сөгіс айтып, жазғыруға жол бермеңіз;

  • бала еңбегінің нәтижелерін басқа балалармен салыстырып бағаламаңыз. Нақты баланың өз алдына әрбір жеке ұмтылысын көтермелеу және соңғы нәтижені ғана емес, сонымен қатар танымдық процесті, баланың әрекетін, оның дамуындағы динамиканы бағалау да маңызды [12].


Психикалық дамуы тежелген білім алушылар үшін жиынтық жұмыстар жүргізу тәртібін ұйымдастыру бойынша ұсынымдар

  • ПДТ бар білім алушылар үшін жиынтық жұмыстар арнайы әзірленген дифференциалды тапсырмаларды; жиынтық жұмыс тапсырмаларын пайдаланып жүргізіледі, бағалау өлшемшарттары мен дескрипторларды мұғалім психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу көрсететін маманмен бірлесіп әзірлейді;

  • ПДТ бар білім алушылар үшін жиынтық жұмыстар жүргізудің уақыт режимін білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып көбейтуге болады;

  • жиынтық жұмыс жүргізген кезде, қажеттілігіне қарай білім алушыға демалу немесе басқа да қажетті іс-шаралар үшін шамалы үзіліс беруге болады;

  • ПДТ бар мектеп оқушыларына арнайы психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуді жүзеге асыру, оқу тапсырмасын қабылдау, орындау кезеңдерінде эмоционалдық қолайлы климат орнату және қолдау мақсатында қажеттілігіне қарай психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу көрсететін маманның қатысуына рұқсат етіледі;

  • тапсырмалардың көлемі мен мазмұнын білім алушының психофизиологиялық даму ерекшеліктеріне байланысты өзгертуге болады;

  • қажет болған жағдайда қосалқы құралдар мен көрнекі материалды (калькулятор, формулалар, таблицалар және т.б.) қолдануға рұқсат етіледі;

  • ПДТ бар білім алушылардың жиынтық жұмыстарын бағалау жалпыға танымал өлшемшарттарды да, сонымен қатар психофизиологиялық жай-күй мен даму ерекшеліктерін ескеретін өлшемшарттарды да ескере отырып жүзеге асырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет