Аутизмі бар баланың спецификалық сипаттамаларды жеңу жолдарын анықтайық:
- ақпаратты сызбалар, көрнекі картиналар арқылы жеткізу,
- қатты жалықтырмау,
- оқу кеңістігін нақты ұйымдастыру,
- жазылған сақтау жүйелерін пайдалану,
- бала пайдаланатын заттарды жазып қою,
- балаға есімін атап сөйлеу,
- өзіне-өзі қызмет көрсету және тұрмыстық бағыт-бағдар дағдыларына үйрету,
- әрекеттерді бөліктермен, кезеңдермен меңгеру, содан кейін біртұтас етіп біріктіру,
- дұрыс әрекетті тәтті көтермелеумен, құшақтаумен, стимулмен бекітуді пайдалану,
- ірі және шағын моториканы ұдайы дамыту [13].
Аутистикалық спектр бұзылулары бар білім алушылар үшін жиынтық жұмыстар жүргізу тәртібін ұйымдастыру бойынша ұсынымдар
аутистикалық спектр бұзылулары бар білім алушылар үшін жиынтық жұмыстар арнайы әзірленген дифференциалды тапсырмаларды; жиынтық жұмыс тапсырмаларын пайдаланып жүргізіледі, бағалау өлшемшарттары мен дескрипторларды мұғалім психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу маманымен бірлесіп әзірлейді;
аутистикалық спектр бұзылулары бар білім алушылар үшін жиынтық жұмыстар жүргізудің уақыт режимін білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып көбейтуге болады;
жиынтық жұмысы жүргізген кезде, қажеттілігіне қарай білім алушыға демалу немесе басқа да қажетті іс-шаралар үшін үзіліс беруге болады;
аутистикалық спектр бұзылулары бар білім алушыларға арнайы психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуді жүзеге асыру, оқу тапсырмасын қабылдау, орындау кезеңдерінде эмоционалдық қолайлы климат орнату және қолдау мақсатында қажеттілігіне қарай психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу көрсететін маманның қатысуына рұқсат етіледі;
жиынтық жұмыстарды орындау кезінде психикалық жағдай (аффективті мінез-құлық, агрессия және самоагрессия, бақылауға және өзін-өзі бақылауға көнбейтін, қозғалыстың өршуі) өршіген сәтте осы жағдайды жазып алатын және АСБ бар балаға осы жұмысты қайта тапсыруға мүмкіндік беру қажет;
тапсырмалардың көлемі мен мазмұнын аутистикалық спектр бұзылулары бар білім алушының ерекшеліктері мен психофизиологиялық даму мүмкіндіктеріне байланысты өзгертуге болады;
қажет болған жағдайда қосалқы құралдар мен көрнекі материалды (калькулятор, формулалар, таблицалар және т.б.) қолдануға рұқсат етіледі;
жиынтық жұмысты компьютерлік нұсқада немесе кейіннен басып шығарып, планшетте орындау мүмкіндігін қарастыру ұсынылады;
аутистикалық спектр бұзылулары бар білім алушылардың жиынтық жұмыстарын бағалау жалпыға танымал өлшемшарттарды да, сонымен қатар психофизиологиялық жай-күй мен даму ерекшеліктерін ескеретін өлшемшарттарды да ескере отырып жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |