Методические рекомендации по организации исследовательской и проектной деятельности обучающихся мкш нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет3/184
Дата18.10.2023
өлшемі5,4 Mb.
#118880
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   184
1.
 
ШЖМ ЖАҒДАЙЫНДА ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН 
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Оқудың екі тәсілі бар: айта отырып үйрету және сұрай отырып үйрету. 
Ең дәстүрлі тәсіл, монолог, мұғалімнің дәрістері арқылы оқыту болып 
табылады: білім алушыларға жаңа материалды түсіндіреді, олар оны есте 
сақтауы және одан әрі пайдалануы қажет. Мұғалім бұл жерде білім беретін 
белсенді субъект, ал білім алушылар – білімді қабылдайтын және меңгеретін 
пассивті объект болып табылады.
Неғұрлым инновациялық тәсіл – сұрау арқылы үйрету. Мұғалім білім 
алушылардан жаңа материалды өз бетінше пысықтауды талап ететін сұрақтарды 
қояды немесе міндеттер қояды (алайда ішінара басшылық ету немесе арнайы 
алдын ала даярлықпен). Бұл жаңа білімді мұғалім кейін түзетеді және растайды. 
Сұрақтарды әрқалай қоюға болады. «Етістіктен жасалған сын есімдер мен 
есімшенің арасындағы айырмашылықтар неде?» деген сұраққа оқулықтан 
формальды түрде жаттанды жауап алуға болады. Егер «Етістіктен жасалған 
тайғак, ұрысқақ, сынық, ақсақ, білгіш, ұшқыр, білгір, қызғаншақ, мақтаншақ т.б. 
сын есімдердің түбірі мен етістіктің арасындағы ортақ нәрсе не деп ойлайсыз 
және олар несімен ерекшеленеді?» деген сұрақ қойсақ, білім алушылар ойлана
бастайды, бұл олардың сөз таптарын анықтауына әкеледі.
Сондай-ақ: «Радиоактивтілікті және екі жаңа химиялық элементті ашу 
барысында Пьер Кюри мен Мария Склодовская-Кюри қандай қиындықтарға 
тап болды деп ойлайсыз?- деп сұрасақ, білім алушылар ХХ ғасырдың басындағы
Еуропаның ғылыми қауымдастығының құрылымын, сол кездегі аспаптардың 
құрылысын, ғылыми әдістерді, сондай-ақ қарапайым тұрмыстық мәселелер 
туралы ойлана бастайды. Бұл сұрақ пәнаралық байланысқа ауысуды қамтамасыз 
етеді, яғни оларды әлемді тұтастай қабылдауға жетелейді. 
ХХ ғасырдың 50-70 жылдарында кеңес теледидарында М.Ю.Лермонтов, 
А.С.Пушкин және басқа да бұрынғы және кейінгі танымал тұлғалардың
өмірбаянынан және шығармашылығынан түрлі фактілер туралы баяндайтын
«Ираклий Андроников хабарлайды» бағдарламасы танымал болды. Бұл 
телебағдарламаның артықшылығы не болды, олар жиырма жыл бойы барлық
елде көрермендерді сол кездегі саны аз теледидарға тұрақты түрде тарта алған. 
Жауап бұл бағдарламаның табысты оқытудың бірнеше қағидаттарына
негізделгенін көрсетеді: 

таңданыс; 

ойлап табуға қызығушылық; 

жаңа ойдың келуі; 

іздеу әсемдігі және оның сипаттамасы.
Әдебиеттанушы И.Л. Андроников автордың өзінен де, осы бағдарламаны 
көретін көрермендерден де шығатын білім беру мүмкіндіктерінің қуатты 
зарядына ие болатын бірегей контентті жасады. Бұл телебағдарламаның 
көмегімен ақпарат ұзақ уақыт есте сақталады, өйткені ерекше эмоционалдық 
өңде дайындалған болатын: көрермендер де Андрониковтың ізінен 



портреттердің түпнұсқалығын зерттеудің барлық кезеңдерін, өлеңдердің кімге 
арналғанын және т.б. байқап, қойылған сұраққа жауап іздеудің кереметтілігінен
әсер алды, қандай да бір жаңа фактілерге таң қалды, әңгімелеушінің ізімен 
болжамдар жасалды және олардың болжамдары расталған кезде қуана білді. 
Мынадай сұрақтар да қоюға болады: «Інілеріңді, сіңілілеріңді оқуға қалай 
қызықтыруға болады?», «Біздің аймақта қандай туристік бағыттар құруға 
болады?», «Онлайн-платформада тоғызқұмалақ ойынының нұсқасын қалай 
жасауға болады?» және т.б. Мұндай сұрақтар білім берудің әдеттегі мазмұнының 
шегінен шығып, жобалық сипатқа ие болады.
Зерттеу және жобалау қызметінің құндылығы ол білім алушылардың 
қызығушылығын тудыруға қабілетті қол жетімді міндеттерді шешу арқылы
белсенді оқытуды ұсынады. Демек, зерттеу және жобалау қызметі жаңа нәрсе 
білгісі келетіндерді немесе жаңа нәрсе жасауға ынталандырады.
Зерттеушілердің көпшілігі зерттеу қызметі мен жобалау қызметін 
синонимдер деп санайды, бірақ бұл олай емес.
Зерттеу – бұл адамның танымдық іс-әрекетінің бір түрі, жаңа білім алу 
үдерісі. 
Зерттеу қызметі – бұл оқу зерттеуін негізгі құрал ретінде пайдаланатын 
білім беру технологиясы. Зерттеу қызметі білім алушылардың қоршаған 
ортаның объектісі немесе құбылысы туралы түсінік алуға бағытталған алдын ала 
белгісіз шешімі бар оқу зерттеу міндеттерін орындауын меңзейді [1]. 
Жобаны (лат projectus – алға шығарылған) сызбаларда, сұлбаларда немесе 
өзге де сипаттамаларда көрсетілген, қандай да бір жаңа объектінің, құбылыстың, 
қызмет түрінің, үдерістің түпкі ойы, прототипі ретінде көрсетуге болады.
Педагог Е.С. Полаттың анықтамасы бойынша: «Жоба – бұл түптұлға, 
болжамды немесе мүмкін болатын объектінің мінсіз бейнесі, жай-күйі, кейбір 
жағдайларда – жоспар, қандай да бір іс-әрекеттің түпкі ойы». Жобалық қызмет, 
осылайша, жобаны құру үдерісіне айналады. 
Жобалар әдісі – XX ғасырдың басында АҚШ-та аяқталған құбылыс 
ретінде пайда болған педагогикалық технология, оны бастапқыда проблемалар 
әдісі деп атаған. Әдістің авторлары мен идеологтары Дж. Дьюи және оның 
оқушысы В.Х.Килпатрик, Ресейде С.Т.Шацкий, содан кейін А.С.Макаренко 
жүзеге асырды. Әдістің философиялық негізі гуманистік философия мен 
педагогика идеялары, сондай-ақ Дж. Дьюидің прагматикалық педагогикасы. Әдіс 
идеясы білім алушының немесе білім алушылар тобының мақсатты және 
мақсатқа бағытталған қызметі арқылы белсенді түрде оқытумен байланысты. 
Жоба әдісінің дидактикалық мақсаты оқушылардың танымдық дағдыларын
дамытумен, өз білімін өз бетінше құрастыра білуді қалыптастырумен, 
ақпараттық кеңістікте бейімделумен, мәселені көрумен, тұжырымдаумен және 
шешумен, сыни және шығармашылық ойлауды дамытумен байланысты. 
Жобалау қызметі ойын, танымдық, құндылық-бағдарлы, түрлендіргіш, оқу, 
коммуникативтік, ең бастысы шығармашылық қызмет элементтерін 
синтездейтін интегративтік қызмет түрі болып табылады. 
Бұл екі білім беру технологиясы арасында оларға іздеу сипаты ортақ
болып табылады. Іздеу әдісінің негізгі артықшылықтары: 




Әдістің белсенді, уәждеуші сипаты; ол пәнге деген қызығушылықты 
оятады. 

Білім алушылар пәнді өздігінен жеке түсінуі тиіс: олар жаңа, 
анықталған ақпаратты түсініп, оны өзінің алдыңғы білімімен және 
алдыңғы тәжірибесімен байланыстыруы қажет.

Блум таксономиясы бойынша талдау, жинақтау, бағалау, 
шығармашылық арқылы білім алушылардың ойлау үдерісінің жоғары 
деңгейлерін оятса, әдеттегі монологтік сөйлеу білім алушының ойлау 
үдерісін тек төмен деңгейде, яғни есте сақтау және түсінуі деңгейінде ғана 
оята алады. 

Білім алушылар өз оқуын сырттан таңылған емес, ең алдымен өздері 
үшін құнды қызмет ретінде қабылдайды.
Жобалау және зерттеу қызметі арасындағы негізгі айырмашылықтар 1-
суретте көрсетілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет