Методические рекомендации по организации исследовательской и проектной деятельности обучающихся мкш нұр-Сұлтан 2019


Жұмыстың негізгі (мазмұнды) бөлімі



Pdf көрінісі
бет14/184
Дата18.10.2023
өлшемі5,4 Mb.
#118880
түріМетодические рекомендации
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   184
Жұмыстың негізгі (мазмұнды) бөлімі
1-
2 тараудан тұрады, онда 
тақырыптың негізгі сұрақтары қарастырылады. Бірінші тарау, әдетте, 
зерттелетін мәселе баспа басылымдарында қалай жасалғанына байланысты 
теориялық мәселелерге арналады. Жұмыстарды жазуда пайдаланылған
 


26 
дереккөздерге қысқаша шолу мен талдау жасап қоймай, өзіне дейінгі 
зерттеушілердің бұл тақырыпта не жасағанын атап өту қажет, бірақ өз 
көзқарасын және ұстанымын анықтау керек.
Мұнда қойылған проблеманың 
даму тарихын түсіну және оны басқалардың шешу әрекеттерін көрсету өте 
маңызды. Сондай-ақ бұл бөлім не жасалғанын дәлелдеу мақсатында емес, 
тақырыпты әзірлеуде қол жеткізілген нәрселерді лайықты бағалау мақсатында 
жазылғанын есте сақтау қажет. Жалпы жұмыстың бұл бөлімі зерттеушінің 
арнайы әдебиеттермен толық танысуын, онымен жұмыс істей білуін көрсетуі 
тиіс. Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді зерттеу таңдалған ғылыми 
тақырыптың шеңберінде не белгілі екенін түсінуге, негізгі терминдерді 
түсіндіруге, бірнеше авторлардың мәселеге көзқарасын түсінуге, салыстыруға 
мүмкіндік береді. 
Практикалық зерттеу жұмысында екінші тарауда алынған деректерді 
талдау, эксперимент немесе зерттеу барысында зерттелетін құбылыстардың 
белгілі бір заңдылықтарын анықтау және жұмыстың практикалық кезеңдері 
сипатталады. Әрбір тараудың соңында қорытынды жазылады. 
Ақпаратты іздеу және жинау механизмі. 
Ақпаратты іздеу үдерісі көп уақыт алады.
Тақырыпқа байланысты дереккөздер: 

әдебиеттер: анықтамалық, энциклопедиялар, оқулықтар, зерттелетін 
объектінің немесе құбылыстың толық сипаттамасы бар кітаптар,

аудио- және бейнедеректер,

мультимедиа ақпарат тасымалдаушылар: ғылыми, ғылыми-танымал 
фильмдер, 
хабарлар, 
көркем 
фильмдер, 
аудиотасымалдаушылар, 
мультимедиалық бағдарламалар,

жаһандық компьютерлік желілер,

ақпарат көзі ретінде адам: осы мәселемен кәсіби айналысатын 
мамандар, нақты объектілер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет