Методические рекомендации по внедрению эффективных методик и технологий в процесс обучения детей с особыми образовательными потребностями



Pdf көрінісі
бет15/150
Дата07.01.2022
өлшемі4,45 Mb.
#17120
түріМетодические рекомендации
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   150
Оқу  процесін  жағдаят,  ең  алдымен,  ойын  негізінде  құруды  көздейтін 

технология.  Академиялық  және  практикалық  іс-әрекет  арасында  тым  үлкен 

алшақтық  байқалады,  бұл  арқылы  оқу  процесін  балалардың  нақты  өмірінің 

контекстіне енгізуге көмектеседі.  

Оқу  процесін  диалог  негізінде  құруды  көздейтін  технология.  Диалогқа 

әлі де кең таралған мұғалімдер монологы қарсы тұратыны белгілі. Диалогтың 

құндылығы – мұғалім қойған сұрақтың оқушыларда тек жауап қана емес, өз 

кезегінде жаңа сұрақты туындатуында. Мұғалім мен оқушылар тең сөйлейді. 




40 

 

Диалогтың мәні, субъект-субъектілі қарым-қатынастардың сабақта тек білім 



беруге қатысты емес, адамгершілік-этикалық аяда да іске асырылуында. 

Оқу процесін өзара негізде құруды көздейтін технология. 

Бұл оқытудың ұжымдық тәсілдері. 

Алгоритмдік негізде құрылған технологиялар (М. Ланда). 

Бағдарламалық негізде құрылған технологиялар (В.П. Беспалько). 

Бұл  технологиялардың  «желпуіші»  тәжірибелі  педагогтың  қолында 

ашыла-жабыла  алады,  өйткені  оларды  қолдану  шарттары  көптеген 

факторларға  байланысты;  сонымен  қатар  технологиялар  өзара  тығыз 

байланысты келеді [36]. 

Монодидактикалық  технологиялар  өте  сирек  қолданылады.  Әдетте  оқу 

процесі  қандай  да  бір  басым  түпнұсқа  авторлық  идея  негізінде  түрлі 

монотехнологиялардың 

бірқатар 

элементтерін 

біріктіретін 

кейбір 

полидидактикалық  технология  құрастырылады.  Біріктірілген  дидактикалық 

технология  оған  кіретін  технологиялардың  әрқайсысының  сапасынан  асып 

түсетін қасиеттерге ие болуы мүмкін. 

Әдетте  аралас  технологияны  негізгі  жаңғыртуды  сипаттайтын,  оқыту 

мақсаттарына  қол  жеткізуге  үлкен  үлес  қосатын  идея  (монотехнологиялар) 

бойынша атайды. 

Педагогикалық  технология  ұғымын  анықтаудың  қазіргі  заманғы 

тәсілдерін  талдай  отырып,  педагогикалық  әдебиетте  педагогикалық 

технология,  білім  беру  технологиясы,  оқыту  технологиясы  ұғымдары  бар 

екенін атап өту қажет. 

«Оқыту  технологиясы»,  «педагогикалық  технология»,  «білім  беру 

технологиясы»  ұғымдары  бүгінгі  таңда  педагогикалық  әдебиетте  жалпы 

қабылданған  деуге  келмейді.  Мысалы,  ЮНЕСКО  құжаттарында  оқыту 

технологиясы  техникалық  және  адами  ресурстарды  және  олардың  өзара  іс-

әрекеттерін  ескере  отырып,  білім  беру  формаларын  оңтайландыруды  өз 

міндетіне  алатын  білім  беру  мен  игерудің  барлық  процесін  құрудың, 

қолданудың және анықтаудың жүйелік әдісі ретінде қарастырылады. 

Технология  ұғымы  білім  беру  саласына  техникалық  өндірістен  оның 

айқындылығы және процесс пен нәтиженің бір мағыналылығы арқылы кірді. 

Қазіргі  уақытта  білім  беруде  «технология»  ұғымын  қолданудың  екі  негізгі 

мәні ерекшеленді. Бірінші мағынада технология – өнер, шеберлік синонимі. 

Онда 

педагогикалық 



қарым-қатынас 

технологиясы 

секілді 

педагогикалық терминдерді, мысалға, «педагогикалық қарым-қатынас өнері» 

және  т.б.  деп  оқуға  болады.  Екінші  мағынада  технология  түсінігі  дұрыс 

мағынаға  сәйкес  келеді  және  білім  беру  процесін  технологияландыру,  оны 

басқарылатын  және  болжанатын  ету  секілді  талпыныстарды  бейнелейді. 

Кейбір түсіндірмелерде технология туралы әңгіме тек әрекет тәсілі алдын ала 

белгілі  болған  кезде  ғана,  операциялар  бойынша  егжей-тегжейлі  жазылған 

кезде  ғана,  нәтиже  белгіленіп,  кепілдендірілгенде  ғана  сөз  болатыны 




41 

 

айтылған.  Белгілі  бір  технологияны  енгізу  немесе  пайдалану  алгоритмді 



нақты қолдану болып табылады [36]. 

Е.  Бершадскийдің  пікірінше,  «технология»  терминін  қолданудың  төрт 

негізгі аясын бөліп көрсетуге болады.  

1.  Түсінік  кез  келген  педагогикалық  процестер  мен  құбылыстарға 

интуитивті қолданылады, оның мәні не мүлдем түсінілмейді, не ішінара ғана 

түсініледі  және  сәнді  педагогикалық  терминмен  байланыстырылады.  Кез 

келген педагогикалық қызмет технологиямен жарияланады.  

2.  Технология  өнер,  оқыту  шеберлігі,  оқушылармен  қарым-қатынас 

ретінде.  Бұл  ұғым  әртүрлі  жағдайларда  оқушылармен  қарым-қатынас 

жасаудың көптеген нақты тәсілдерін қамтиды.  

3.  Классикалық  технология  (алгоритмдік  парадигма).  Өндірістік 

технологиялық  процестің  парадигмасына  сәйкес  білім  беру  процесінің 

үлгілерін сипаттау үшін қолданылады. Модель теориялық негізде құрылады 

және  мыналарды  қамтиды:  бақылауға  жататын  параметрлерді  және  оларды 

диагностикалау  тәсілдерін  сипаттаумен  оқушы  тұлғасының  моделі; 

оқытудың  белгілі  теориялық  тұжырымдамасын  іске  асыратын  белгілі 

операциялардан  тұратын  оқушыға  педагогикалық  әсер  ету  жүйесі;  білім 

берудің  белгілі  бір  мақсаттарының  диагностикалық  және  операциялық 

жүйесі. Бұл мағынада технология ұғымы экологиялық вадлидтілікке ие. 

4.  Тұлғаға  бағдарланған  білім  беру  технологиясы.  Оқыту  ортасын 

жобалауға  негізделген  білім  беру  процесінің  стохастикалық  үлгілерін 

сипаттау  үшін  қолданылады,  ол  оның  әртүрлі  бағыттарда  жүру 

ықтималдығына  әсер  етеді.  Технология  таңдау  мәселесі  –  білім  беру 

мақсаттарын таңдау мәселесі.  

Бірқатар  ғалымдардың  пікірінше,  «оқыту  технологиясы»  терминінің 

мағынасы  келесі  анықтаманы  береді:  оқыту  технологиясы  –  бұл  оқу 

бағдарламаларында  көзделген  оқыту  мазмұнын  жүзеге  асыру  тәсілі, 

қойылған  мақсаттарға  барынша  тиімді  қол  жеткізуді  қамтамасыз  ететін 

оқыту  формалары,  әдістері  мен  құралдары  жүйесі.  Оқытушының 

педагогикалық  шеберлігі  қажетті  мазмұнды  таңдап  алу,  бағдарламаға  және 

қойылған  міндеттерге  сәйкес  оқытудың  оңтайлы  әдістері  мен  құралдарын 

қолдану  болып  табылады.  Нақты  педагогикалық  технологияны  әзірлеу 

процесін  педагогикалық  жобалау  процесі  деп  атауға  болады.  Оның 

қадамдарының реті келесідей болады: 

-  оқу  жоспары  мен  оқу  бағдарламаларында  қарастырылған  оқу 

мазмұнын таңдау;  

- оқытушы бағдарлануы тиіс басым мақсаттарды таңдау

-  мақсаттар  жиынтығына  немесе  бір  басым  мақсатқа  бағытталған 

технологияны таңдау; 

- оқыту технологиясын әзірлеу.  

Оқыту  технологиясын  жобалау  пән  мазмұнын,  оқу  процесін 



42 

 

ұйымдастыру  нысандарын  жобалауды,  оқыту  әдістері  мен  құралдарын 



таңдауды көздейді.  

Оқыту  технологиясының  мазмұны  студенттерге  ұсынылатын  оқу 

ақпаратының  мазмұны  мен  құрылымы  және  оқу  және  әлеуметтік  дағдылар 

мен  іскерлікті  қалыптастыруды,  кәсіби  қызметтің  бастапқы  тәжірибесін 

жинақтауды қамтамасыз ететін жаттығулар мен тапсырмалар кешені ретінде 

қарастырылады.  Бұл  ретте  студенттердің  білім,  дағды  мен  іскерлікті 

меңгеруіне,  олардың  көлемі  бойынша  өзара  қатынасына,  кезектесуіне, 

сондай-ақ  алынған  білімді  бекітуге  ықпал  ететін  бақылау  нысандарына 

бағытталған  оқу  тапсырмаларын  ұйымдастыру  формалары  маңызды  рөл 

атқарады. 

Көптеген  зерттеушілер  «технология»  ұғымына  анықтама  берді,  алайда 

бұл  анықтамалар  көбінесе  педагогикалық  технологияға,  нақтырақ  айтқанда 

дидактикалық  технологияға  қатысты.  Білім  беру  технологияларының 

дефинициясы кең түсінік ретінде өте сирек кездеседі. 

Дидактикалық,  тәрбиелік,  педагогикалық,  білім  беру  технологияларын 

ажырату  керек.  Дидактикалық  технология  оқыту  бойынша  әрекеттермен 

байланысты  (тек  балаларды  ғана  емес,  ересектерді  де,  өзін-өзі  оқытуды  да 

қоса  алғанда);  тәрбиелік  –  тәрбиелік  іс-шаралармен  байланысты; 

педагогикалық – тұлғаны өзгертетін кез келген іс-әрекеттермен байланысты, 

оған  жеке  жағдайлар  ретінде  дидактикалық  және  тәрбиелік  технологиялар 

жатады;  білім  беру  технологиясы  –  қарастырылатындардың  ішіндегі  ең  кең 

ұғым  –  кез  келген  білім  беру  процестеріне  қатысты  іс-әрекеттерді  қамтиды 

(білім  беру  жүйесін  басқару,  білім  беру  мекемесін  дамыту,  педагогикалық 

ұжымды қалыптастыру және т.б.). 

Білім  беру  технологиясы  –  бұл  белгілі  бір  білім  беру  феноменінің 

(түлектердің  сапасы,  білім  беру  мазмұны,  білім  беру  қызметкерлерінің 

біліктілігін  арттыру  және  т.б.)  берілген  сипаттамаларын  алуға  бағытталған 

және  бір  мәнді  анықтайтын  білім  беру  жүйесінің  құралдарын  мақсатты 

қолдану. 

Білім беру технологиясы ұғымы жоспарланған білім беру мақсаттарына 

қол  жеткізуге  бағытталған  мұғалімдер  мен  оқушылардың  өзара  іс-

қимылының  арнайы  ұйымдастырылған  процесінің  технологиясы,  яғни  оқу 

процесінің  технологиясы  ретінде  қолданылады.  Ол  кезде  оқыту, 

қалыптастыру, дамыту, тәрбиелеу және т.б. технологиялары ұғымдары білім 

беру  технологиялары  класында  көптеген  түрлік  ұғымдарды  құрайды. 

Олардың кез келгені білім беру технологиясы болып табылады. 

Сонымен  қатар  соңғы  уақытта  әдістемелік  әдебиетте  педагогикалық 

технология ретінде тәрбие мәселелеріне арналған жұмыстарды жиі түсінеді. 

Білім  беру  технологиясы  ұғымының  қазіргі  анықтамалары  оның  келесі 

маңызды  белгілерін  көрсетеді:  педагог  пен  білім  алушылардың  бірлескен 

қызметінің  жүйелілігі,  стандартталуы,  адами-техникалық  ресурстардың 



43 

 

бірлігі және оқыту мен тәрбиелеуді оңтайландыру. 



«Білім  беру  технологиясы»  және  «педагогикалық  технология» 

санаттарының  мәні  мен  мазмұны  білім  беру  саласындағы  дәстүрлі  «оқыту 

әдістемесі»  және  «тәрбие  әдістемесі»  ұғымдарына  қарағанда  неғұрлым  кең 

болып табылатынын ескеру қажет [36]. 

Технологияның  әдістемеден  айырмашылығы  –  педагог  бірыңғай 

әдістеменің  «трансляторы»  болып  табылмайды.  Педагогтің  кәсіби  міндеті 

студенттерді  оқыту  мен  тәрбиелеудің  оңтайлы  стилін  анықтау  болып 

табылады.  Технология,  әдістемеге  қарағанда,  білім  беру  процесінің 

субъектілерін  соңғы  нәтижеге  қатаң  бағдарлайды  (бағыттайды),  үлгерім 

деңгейіне  қарамастан,  әрқайсысына  оқу  материалын  қабылдаудың  оңтайлы 

жағдайларын қамтамасыз етеді. 

Технология педагогтың іс-әрекетіне мағыналық болжамдық беретін жеке 

әдістемелік жүйенің болуын көздейді. 

«Білім  беру  технологиясы»  ұғымымен  бірдей  жалпылық  өлшеміне 

үміткер  педагогикалық  технологияны  ерекше  атап  өтеміз.  Бұл  бұрын  оқу 

процесі  педагогикалық  деп  аталғанына  байланысты.  Белгілі  бір  мағынада 

«педагогикалық  технология»  және  «білім  беру  технологиясы»  ұғымдарын 

синонимдер ретінде қарастыруға болады. Алайда білім беру жүйесінің артып 

келе  жатқан  интеграциясын  ескере  отырып,  «білім  беру  технологиясы» 

терминіне артықшылық берген жөн. 

Бұл  айырмашылықты  осы  секілді  А.М.  Кушнир  де  байқаған.  Ол 

технологияны  әдістемелерден  өзінің  ұдайы  жетілуімен,  нәтижелердің 

тұрақтылығымен, көптеген шарттылықтардың: «егер мұғалім талантты болса, 

балалар  дарынды  болса,  мектеп  бай  болса...»  жоқтығымен  ерекшеленетінін 

айтқан.  Әдістеме  тәжірибені  жалпылау  немесе  жаңа  білім  беру  тәсілінің 

өнертабысы нәтижесінде пайда болатыны әдетке айналды. Технология нақты 

жағдайларға  сүйене  отырып,  болжамды  нәтижеге  емес,  берілген  нәтижеге 

бағдарланады [37]. 

В.И. Загвязинский технология мен әдістемелерді ажырату проблемасын 

қарастыра  отырып,  «оқыту  технологиясы»  терминін  пайдалануды  ұсынады 

және  мұндай  феномендердің  төрт  тобын  белгілейді:  іздеу-зерттеу 

технологиялары, 

критериалды-бағдарланған 

оқыту 


технологиялары, 

оқытудың  имитациялық  (модельдеуші)  технологиялары  және  ақпараттық 

технологиялар [38]. 

Қазіргі  уақытта  оқытудың  түрлі  технологияларын  тиімді  пайдалану 

мәселелері  теориялық  және  ғылыми

‐қолданбалы  аспектілерде  зерттеледі. 

Теориялық  тұрғыдан  педагогикалық  технология  мәртебесін  педагогика 

санаты  ретінде  іздеу  жүзеге  асырылады,  оның  мәні,  құрылымдық 

құрамдастары  туралы  тұтас  түсінік  қалыптасады.  Практикалық  тұрғыда 

педагогикалық  қызметтің  түрлі  салаларында  (дидактикалық,  тәрбиелік, 

кәсіби  бағдар  беру)  және  т.б.  технологияларды  қолдану  жағдайлары 



44 

 

зерттеледі. 



Педагогикалық  ғылымда  «оқыту  технологиясы»  ұғымы  кең  таралған. 

Қазіргі  заманғы  ғылыми

‐педагогикалық  әдебиетте  «технология»  терминінің 

және  оның  туындыларының  («оқыту  технологиясы»,  «білім  беру 

технологиялары», 

«оқытудағы 

технологиялар», 

«білім 


берудегі 

технологиялар»,  «тәрбие  технологиялары»  және  т.б.)  түсіндірілуі  әртүрлі 

нұсқаларда көрсетілген [39, 40, 41]. 

Технология  –  бұл  қалай  оқыту  керектігін  нақты  білу  және  нәтижеге 

бағытталған,  оған  қол  жеткізуге  кепілдік  беретін  оқыту  тәсілі.  Технология 

«Нәтижелер  қойылған  талаптарға  сәйкес  келуі  үшін  қалай  оқыту  керек? 

Қалай  әрекет  ету  керек?»  секілді  сұрақтарға  жауап  береді.Технологиялар 

алгоритмдер, әдістер мен құралдар жүйесі болып табылады, оларды кешенді 

қолдану  алдын  ала  белгіленген  қызмет  нәтижелеріне  әкеледі,  өнімнің 

берілген саны мен сапасын алуға кепілдік береді. 

Негізгі білім беру бағдарламаларының мазмұнын жобалау технологиясы 

келесі түрге ие болады: 

1) жұмыс берушімен ынтымақтастықта даярлау бағыты бойынша қандай 

да бір бейіндегі негізгі функциялардың тізбесі пайда болады; 

2)  осы  функцияларды  іске  асыру  үшін  қажетті  жалпы  мәдени  және 

кәсіби құзыреттер жиынтығы айқындалады; 

3)  болашақ  практикалық  іс-әрекеттердің  негізі  ретінде  типтік  кәсіби 

міндеттердің, проблемалар мен жағдайлардың тізбесі жобаланады; 

4)  оқыту  мен  тәрбиелеудің  тиісті  мақсаттарымен,  мазмұнымен  білім 

беру модульдерінің жүйесі әзірленеді; 

5)  модульдердің  белгілі  бір  жиынтығынан  негізгі  білім  беру 

бағдарламалары жобаланады; 

6)  жалпы  мәдени  және  кәсіптік  құзыреттердің  қалыптасу  деңгейін 

анықтау критерийлері және тиісті бақылау рәсімдері әзірленеді. 

Ғылыми  әдебиетте  педагогикалық  технологияларды  жүзеге  асыру 

кезеңінде әрбір педагогтың шеберлігі ретінде қарастыратын тәсіл бар: 

–  жобалау  деңгейіндегі  педагогикалық  технологиялар  жаппай  және 

әмбебап  болуы  мүмкін,  іске  асыру  деңгейінде  –  тек  авторлық  (педагог 

жоғары кәсіби мәдениетке ие болғанда); 

– әрбір педагог іс жүзінде өзінің жеке технологиялары бойынша жұмыс 

істейді,  бірақ  технологияларды  жеке  шеберліктен  тыс  шығарып,  оларды 

нақты педагогтың жеке тұлғасына аз тәуелді етіп көрсету керек

– педагогикалық технологиялар педагогикалық шеберлікпен байланысты 

және  технологияларды  жетік  меңгеру  шеберлік  болып  табылады  (ал  өз 

кезегінде  педагогикалық  шеберлік  –  педагогикалық  технологияларды 

меңгерудің 

жоғары 

деңгейі); 

технологиялар 

педагогтың 

жеке 

параметрлерімен  анықталады,  педагогтың  шеберлігі  –  педагогикалық 



процестің  жоғары  тиімділігін  айқындайтын  жеке  тұлғалық-іскерлік 


45 

 

қасиеттерінің және жеке тұлғаның қасиеттерінің синтезі. 



Сондай-ақ  ғылыми  әдебиетте  оқыту  технологиялары  мен  оқыту 

әдістемесінің  ұқсастығы  мен  айырмашылықтары  туралы  мәселені  шешу 

жеткілікті.  Оқыту  технологияларының  оқыту  әдістемесінен  негізгі  маңызды 

айырмашылықтарын атап өтейік: 

-  технологиялар  жиі  пәндік  сипатқа  ие  болмайды,  олар  мазмұнына 

қарамастан, кез келген оқу пәнінде жүзеге асырылуы мүмкін; 

-  әдістеме  педагогқа  кепілді  нәтижелерге  уәде  бермейді,  технологиялар 

болса,  керісінше,  әртүрлі  балалармен  түрлі  білім  беру  мекемелерінде  түрлі 

педагогтардың қолдануы кезінде бірдей жоғары нәтиже береді; 

-  технологиялар  бірінен  кейін  бірін  қатаң  түрде  ұстануға  тиіс  рәсімдер 

мен  іс-әрекеттерді  алгоритмдеу  арқылы  мақсатқа  қол  жеткізу  тәсілін  қатал 

ұстанады,  яғни  инструменталдылыққа  ие,  әдістеме  теориялық  ережелерді 

іске  асыру  тәсілдерінің  әртүрлілігін,  вариативтілігін  қарастырады,  мақсатқа 

жетудің кепілдігін көздемейді, жоғары инструменталдылыққа ие емес; 

-  технология  «Қалай  үйрету  керек?»  деген  сұраққа  жауап  береді, 

әдістеме-  «Нені  үйрету  керек?»,  «Неге  үйрету  керек?»  және  «Қалай  үйрету 

керек?» секілді нақты оқу пәні шеңберіндегі сұрақтарға жауап береді

-  әдістемеге  қарағанда  технологиялар  тәрбиеленушілердің  өз  қызметін 

ұйымдастырудың мазмұны мен тәсілдерін әзірлеуді болжайды; 

-  әдістемеде  педагогтың  жеке  сипаттамалары  мен  шеберлігінің  әсері 

басым. 

Білім  беру  процесіне  педагогикалық  технологияларды  енгізудің 

тиімділігін  зерттеумен  айналысатын  барлық  заманауи  ғалымдар  әрбір 

педагогикалық  технология  жекелеген  әдістер  мен  тәсілдерді  емес,  дәл  осы 

технологияның  қолданылатынын  көрсететін  бірқатар  сипаттамаларға 

(белгілерге, қасиеттерге) ие болуы тиіс екенін атап өтті. 

Әрбір педагогикалық технологияны төмендегіше сипаттайды:  

-  тұжырымдамалық  (әрбір  технологияның  негізінде  білім  беру 

мақсаттарына  қол  жеткізудің  философиялық,  психологиялық,  әлеуметтік-

педагогикалық  негіздемесін  қамтитын  оның  ғылыми  тұжырымдамасы 

жатыр); 

-  жүйелілік  (процесс  логикасы,  оның  барлық  бөліктерінің  өзара 

байланысы, тұтастығы); 

-  мазмұндылық  (белгілі  бір  әрекеттер  жиынтығы  осы  технология 

шеңберінде міндетті); 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет