Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі.
Қазақстанда әрбір азамат тегін медициналық көмек ала алады, бұл тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) деп аталады.
ТМККК бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ұсынылады, барынша дәлелденген тиімді профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтерді, сондай-ақ дәрілік көмекті қамтиды.
ТМККК республикалық және жергілікті бюджет қаражатын бөлу арқылы қаржыландырылады.
ТМККК мыналарды қамтиды:
Стационарды алмастыратын және стационарлық медициналық көмек көрсету кезінде уәкілетті орган бекіткен туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес туберкулезбен ауыратын және туберкулезбен ауырған науқастарды қалпына келтіру емін және медициналық оңалтуды қоса алғанда, мамандандырылған медициналық көмек көрсету.
Шұғыл, төтенше жағдайларда пайда болатын аурулар кезінде медициналық көмек көрсету. Сот-медициналық сараптама.
Жергілікті бюджет есебінен орындалатын ТМККК мыналарды қамтиды:
Уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша әлеуметтік мәні бар аурулар, инфекциялық аурулар және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар, динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулар кезінде бастапқы медициналық-санитариялық көмек мамандарының жолдамасы бойынша мамандандырылған амбулаториялық - емханалық ұйымдар жүзеге асыратын консультациялық-диагностикалық көмек.
Жедел және шұғыл көмек көрсету.
Жергілікті деңгейде стационарлық медициналық көмек, оның ішінде оңалту, ересектер мен балаларға: шұғыл көмек көрсетуді қоса алғанда.
Уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша әлеуметтік мәні бар аурулар, инфекциялық аурулар және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар, алғашқы медициналық-санитариялық көмек мамандарының жолдамасы бойынша динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар кезінде жоспарлы көмек көрсету.
6.7. Әдебиет:
- Стрельников А.А. Скрининг и профилактика актуальных заболеваний, изд. СпецЛиц. г. Санкт-Петербург, 2015 г. 544 с.
- Долгов И.М. Телевизионная скрининг-диагностика, изд. Инфра-М г. Москва, 2020 г. 320 с.
Достарыңызбен бөлісу: |