90
байқайды. Осылайша проблемалық жағдаят туындайды. Ауыр материалдар
әрдайым суға батады деп айтылған ой жоққа шығарылады. Ендеше
жұқалтырдың суға бату себебі материалда емес, басқа жағдайға байланысты
болып тұр. Мұғалім оқушыларға тағы да бір тілім жұқалтырды және
жұқалтырдан жасалған қорапшаны мұқият қарауды, олардың арасындағы
айырмашылықты табуды ұсынады. Оқушылар бұл заттардың пішінінде ғана
айырмашылықтың барын анықтайды: бір тілім жұқалтыр тегіс жазық пішінді,
ал жұқалтырдан жасалған қорапшаның пішіні – көлемді бос дене. Бос денелі
заттар немен толтырылған? (Ауамен). Ауаның салмағы жеңіл болады.
Қандай қорытынды жасауға болады? (Жеңіл) ауамен толтырылған бос
денелі заттар, металл тәрізді ауыр материалдардан жасалған болса да суға
батпайды. Металдан жасалған үлкен теңіз кемелері неліктен суға батпайды?
(Себебі олар бос денелі заттар). Егер жұқалтырдан жасалған қорапшаны тебен
инемен тессе не болады? (Қорапша суға батып кетеді). Неліктен? (Себебі
қорапшаның ішіне су толады). Егер металдан жасалған кеменің корпусы тесілсе
және кеменің іші суға толса, не болады? (Кеме суға батып кетеді).
Осылайша мұғалім проблемалық жағдаяттар жасай отырып, тәжірибелер
мен бақылаулар жүргізу арқылы оқушыларды болжам жасауға жетелейді,
жасаған болжамды дәлелдеу немесе теріске шығару, өз бетінше негізделген
қорытынды жасау мүмкіндігін жасайды. Сонымен бірге мұғалім түсіндіру,
әңгімелеу, заттарды көрсету, бақылаулар мен тәжірибелер жасауды қолданады.
Осының бәрі оқушылардың алдында проблемалық жағдаят тудырады,
балаларды ғылыми ізденіске тартады, олардың ойлау қабілетін белсендендіреді,
болжам жасау және эксперимент жасауға қызықтырады. Оқу материалын
проблемалық әдіс арқылы игеруді ұсыну жалпы білім беретін мектептердегі оқу
үдерісін ғылыми ізденіске жақындатады.
Достарыңызбен бөлісу: