«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
91
жасайды және оны стақандағы суға түп жағымен еппен салады. Балалар бұл
жағдайда жұқалтырдың батпай, стақандағы судың бетінде қалықтап тұрғанын
байқайды. Осылайша проблемалық жағдаят туындайды. Ауыр материалдар
әрдайым суға батады деп айтылған ой жоққа шығарылады. Ендеше
жұқалтырдың суға бату себебі материалда емес, басқа жағдайға байланысты
болып тұр. Мұғалім оқушыларға тағы да бір тілім жұқалтырды және
жұқалтырдан жасалған қорапшаны мұқият қарауды, олардың арасындағы
айырмашылықты табуды ұсынады. Оқушылар бұл заттардың пішінінде ғана
айырмашылықтың барын анықтайды: бір тілім жұқалтыр тегіс жазық пішінді,
ал жұқалтырдан жасалған қорапшаның пішіні – көлемді бос дене. Бос денелі
заттар немен толтырылған? (Ауамен). Ауаның салмағы жеңіл болады.
Қандай қорытынды жасауға болады? (Жеңіл) ауамен толтырылған бос
денелі заттар, металл тәрізді ауыр материалдардан жасалған болса да суға
батпайды. Металдан жасалған үлкен теңіз кемелері неліктен суға батпайды?
(Себебі олар бос денелі затзар). Егер жұқалтырдан жасалған қорапшаны тебен
инемен тессе не болады? (Қорапша суға батып кетеді). Неліктен? (Себебі
қорапшаның ішіне су толады). Егер металдан жасалған кеменің корпусы тесілсе
және кеменің іші суға толса, не болады? (Кеме суға батып кетеді).
Осылайша мұғалім проблемалық жағдаяттар жасай отырып, тәжірибелер
мен бақылаулар жүргізу арқылы оқушыларды болжам жасауға жетелейді,
жасаған болжамды дәлелдеу немесе теріске шығару, өз бетінше негізделген
қорытынды жасау мүмкіндігін жасайды. Сонымен бірге мұғалім түсіндіру,
әңгімелеу, заттарды көрсету, бақылаулар мен тәжірибелер жасауды қолданады.
Осының бәрі оқушылардың алдында проблемалық жағдаят тудырады,
балаларды ғылыми ізденіске тартады, олардың ойлау қабілетін белсендендіреді,
болжам жасау және эксперимент жасауға қызықтырады. Оқу материалын
проблемалық әдіс арқылы игеруді ұсыну жалпы білім беретін мектептердегі оқу
үдерісін ғылыми ізденіске жақындатады.
Зерттеушілік әдіс – материалды талдаудан, мәселелер мен міндеттер
қоюдан және қысқаша ауызша немесе жазбаша нұсқаулық берілгеннен кейін
білім алушылар әдебиеттерді, дереккөздерді өз беттерінше зерделейді,
іздеушілік сипаттағы бақылаулар мен өлшеу жұмыстарын орындайды.
Ынтагерлік, дербестік, шығармашылық ізденіс ізденушілік іс-әрекет барысында
неғұрлым толық көрініс табады. Оқу қызметінің әдістері ғылыми зерттеу
әдісіне қарай өзгереді.
Оқыту процесі барысында бұл әдіс мұғалім мен оқушылардың нақты
мақсаттарға жетудегі және оқушылардың оқу-танымдық қызметін
ұйымдастырудың өзара біріккен іс-әрекетінің ретке келтірілген тәсілі ретінде
жүзеге асады. Мысалы, аппликация тәсілімен орындалған «Күзгі ағаш»
аппликациялық мозаикасын орындағаннан кейін оқушыларға осындай жолмен
орындалатын басқа жұмыс түрлерін іздестіруге тапсырма беруге болады, яғни
балалар қосымша әдебиеттерден, интернеттен материалдар іздеп ұқсас
жұмыстар орындау арқылы алған білім, білік және дағдыларын тереңдетеді.
Дәстүрлі оқытудың түсіндірмелі-иллюстративті әдісі оқушыларға дайын
МЕТОДИЧЕСКОЕ
ПОСОБИЕ
ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА»
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
92
белгілі білім беру болып табылады. Аталған әдісті келесідей топтастыруға
болады:
-
мұғалімнің білімді ауызша баяндау және оқушылардың танымдық
әрекетін белсендендіру әдісі (әңгімелеу, түсіндіру, баяндама, сұхбат);
-
оқылатын материалды ауызша әңгімелеу барысында көрнекіліктер
қолдану әдісі;
-
оқылған материалды қорытындылау әдісі;
-
жаңа материалды түсіну және меңгеру бойынша оқушылардың өздік
жұмыстары әдісі (оқулықпен, қосымша әдебиетпен, дереккөздермен жұмыс,
тәжірибелік жұмыстар орындау);
-
білімді тәжірибеде (күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарда) қолдану
және біліктер мен дағдылар (жаттығулар, практикалық жұмыстар)
қалыптастыру бойынша оқу әдісі;
-
оқушылардың білім, білік, дағдыларын бақылау мен бағалау әдістері.
Көркем
еңбек
сабақтарының
нәтижесінде
бастауыш
сынып
оқушыларының бойында біліктің негізгі үш тобы қалыптасады:
-
политехникалық – өлшеу, есептеу, графикалық және технологиялық
біліктер;
-
жалпы
еңбектік
–
ұйымдастырушылық,
құрастырушылық,
диагностикалық немесе жорамал жасаушылық біліктер;
-
арнайы еңбек – әртүрлі әдістермен түрлі материалдарды өңдеу білігі.
Білікті қалыптастыру әрқашанда практикалық іс-әрекетпен тығыз
байланысты болады.
Нұсқаулық. Бұл әдіс еңбек іс-әрекеттері тәсілдерінің, олардың дәл
көрсетілуі мен қауіпсіз орындалуының түсіндірілуі деп ұғынылады (көркем
еңбек).
Нұсқаманың түрлері жүргізілу уақыты бойынша:
кіріспе – сабақтың басында жүргізіледі, нақты еңбек міндетінің қойылуын
қамтиды, операцияға сипаттама беріледі, жұмыс тәсілдеріне түсінік беріледі.
Ағымдағы – тәжірибелік іс-әрекет жасау кезінде жүргізіледі, жіберілген
қателерді түсіндіру, себебін анықтау, жұмыстың кемшіліктерін, қателерді түзеу,
дұрыс тәсілдерді түсіндіру, өзін-өзі бақылауды қамтиды.
Қорытынды – жұмыстарды талдау, жұмыста жіберілген қателерге
сипаттама, оқушылардың жұмысарына баға қоюды қамтиды.
Оқушыларды қамту бойынша: жеке, топтық, сыныптық.
Баяндау түрі бойынша: ауызша, жазбаша, графиктік, аралас.
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін және оқу қызметіндегі олардың
өзбетінше әрекет ету деңгейін сипаттамайтындығы, оқытудың аталған
әдістерінің басты кемшілігі болып табылады. Алайда бұл әдістер кіріктірілген
«Көркем еңбек» пәнінде кеңінен қолдануға болатын тәсілдер болып отыр.
Сонымен бірге, кіріктірілген сабақтар техникалық құрал-жабдықтарды
кеңінен қолдануды, проблемалық міндеттер қоюды, оқулықпен жұмыс істеуді,
көрнекіліктерді пайдалануды, оқытудың жеке, топтық, ұжымдық формаларын
«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
93
ұйымдастыруды, сабақтан тыс жұмыспен байланыс болуын және оқыту
принциптерін тиімді пайдалануды қажет етеді.
Оқыту принциптері дегеніміз дидактикалық процесті жүзеге асыруда
басшылыққа алынатын жетекші идея мен оны ұйымдастырудағы қағидалық
ұстаным және тиісті деңгейлік мөлшерге қойылатын негізгі талаптар. Бұл
оқыту үрдісін реттеп, ереже белгілеп, деңгейін айқындауға ортақ жалпылама
нұсқау арқылы сипатталады.
Қазіргі заман дидактикасында оқу принциптері табиғи сәйкестік басты
принципінің төңірегінде жүйелі біріккен. Бұл жүйедегі дидактикалық
принциптер төмендегідей:
-
көрнекілік;
-
саналылық және белсенділік;
-
жүйелілік және бірізділік;
-
беріктік;
-
түсіністік;
-
ғылымилық;
-
көңіл-күй;
-
теория мен практиканың байланысы [18].
Көрнекілік принципін қолдану барысында іске асырылуы тиіс ережелер:
-
көрнекілік оқушының ойын дамыту және оқыту құралы, сондықтан бір
көрнекілікпен шектелмеу. Алайда көрнекі құралдар санын шектен асырмау
қажет, себебі бұл оқушы зейінінің шашыраңқы болуына әкеледі де негізгі
мағынаны, ұғымды түсінуге кедергі жасайды;
-
сезімдік қабылдауды, яғни көз қабылдауына – көрінетінді, құлақ
қабылдауына – естілетінді т.б. барынша қолдану;
-
көрнекілікті проблемалық жағдаяттарда өз бетінше білім алу көзі ретінде
пайдалану, бұл оқушылардың тиімді ізденіс және зерттеу жұмыстарын
ұйымдастыруға мүмкіндік береді;
-
көрнекіліктер пән мазмұны аясында өтілетін заттар, құбылыстар,
үдерістер туралы анық және дұрыс ұғым қалыптастыруға жағдай жасайды;
-
көрнекі құралдар оқушыларды ондағы бейнелерді тұтастай қабылдауға,
содан соң бастысын және екінші дәрежелілерін анықтауға, кейін қайтадан
тұтастыққа келтіруге үйретуге көмектеседі.
Көрнекі әдістерді қолдануға қойылатын талаптар:
-
қолданылатын көрнекілік оқушылардың жастарына сай келуі;
-
көрнекілік бір шамада ғана қолданылуы тиіс және оны біртіндеп,
сабақтың тиісті кезеңінде ғана көрсету;
-
бақылап көру барлық оқушыларға көрсетілетін пәннің жақсы
көрінетіндей етіп ұйымдастырылуы;
-
безендірілуін көрсеткен кезде ең бастысын, маңыздысын нақты бөліп
көрсету;
-
құбылысты көрсету барысында берілетін түсініктерді егжей-тегжейлі
ойлап алу;
-
көрсетілетін көрнекілік материалдың мазмұнымен дәл үйлесуі;
МЕТОДИЧЕСКОЕ
ПОСОБИЕ
ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА»
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
94
-
көрнекілік құралда немесе көрсетілетін құрылымда болуын қалаған
ақпараттарды табуға оқушылардың өздерін тарту керек.
Оқытудың көрнекі әдістерінің ерекшеліктері олардың ауызша әдістермен
қандай да бір шамада міндетті түрде үйлесетіндіктерін жорамалдайтынында
болып табылады. Сөз бен көрнекіліктің өзара тығыз байланысы «объективті
шындықты білудің диалектикалық жолы тез пайымдау, абстакциялық ойлау
мен тәжірибені біртұтас қолдануды болжаудан» туындайды.
Көркем еңбек сабағында бұйымдардың негізгі бөлігін оқушылар
графикалық бейнелер бойынша жасайды. Оған мыналар жатады:
-
көркем сурет – заттың қолда болмауына байланысты, көрсету мүмкін
болмаған жағдайда оның кішкентай немесе үлкен нақты бейнесі
пайдаланылады; материалы мен түсін анықтауға мүмкіндік береді;
-
техникалық сурет – сызба-өлшеуіш аспаптарды пайдаланып қолдан
еркінше орындалған графикалық бейнелеу; құрылымның барлық
элементтерінің мөлшерлері мен пропорциялары жуықтап сақталып беріледі;
-
эскиз – мөлшерлері мен пропорциялары жуықтап сақталып сызба-
өлшеуіш аспаптарды қолданбай орындалған заттың шартты бейнесі;
-
сызба – заттың мөлшерлері мен формасы туралы деректерді сыйыстыра
отырып параллель пропорция әдістерін пайдаланып мөлшерлерін дәл сақтап,
белгілі масштабта сызба-өлшеуіш аспаптар көмегімен затты графикалық
бейнелеу;
-
техникалық карта – бұйымның суреті болуы, аспаптар, материалдар және
құралдар болуы мүмкін, бірақ міндетті түрде операциялардың орындалу реті
және жұмыс тәсілдері бар болатын бейнелеу.
Көркем еңбек сабақтарында көрнекі материал ретінде: түрлі суреттерді
кестелерді, халық шығармашылығының туындыларын немесе нақты заттарды
(ағаштан қашап ою, кесте тігу, ұлттық ойыншықтар, матадан ою-өрнектер ою
және т.б.) қолдануға болады.
Әсірісе бейнелеу өнерінің қарапайым негіздері – сурет салуды меңгеру
барысында көрнекілікті жиі қолдану қажет. Сурет салуды үйренуге қажетті
көрнекіліктер:
-
суреттер мен кестелердің сызбанұсқалары, геометриялық денелердің
гипстен жасалған модельдері;
-
заттың құрылымдық ерекшеліктерін көрсететін сымнан және қатырма
қағаздан жасалған модельдер;
-
жұмысты орындаудың әдістемелік бірізділігін көрсететін суреттер мен
кестелер;
-
қарындашпен, қылқаламмен, ермексазбен, ине-жіппен т.б. жұмыс істеу
техникасын көрсететін бейнефильмдер;
-
оқушылардың бойында түс және өң (реңк) сезімін қалыптастыру мен
дамытуға бағытталған арнайы құралдар («Түстік шеңбер», «Өңдік шеңбер»).
Аталған көрнекіліктер оқушыға заттың пішінін, құрылымын, түсін және
көркемдік техникасының ерекшелігін көруге және түсінуге көмектеседі.
Мысалы, «өң (реңк)» ұғымын ашып көрсету барысында мұғалім әртүрлі түске
«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
95
боялған қатырма қағаздарды қолдану арқылы түсіндіре алады немесе балалар
түрлі бояуларды өз қалауларынша араластырып тәжірибе жасау барысында
алынған түсті көру арқылы да түсіне алады.
Алайда оқушы тарапынан белсенділік болмайынша, сурет салу
заңдылықтарын бір ғана көрнекіліктің көмегімен табысты меңгеру мүмкін емес.
Көрнекіліктерді көрсету барысында оқушы көзбен көруге болатын нақты
бейнелерді қабылдайды, бұл оның көп нәрсені түсінуіне мүмкіндік береді.
Бірақ, ол мұғалімнің көрсеткенін тамашалайтын көрермен рөлінде ғана болады.
Оқушының оқу материалын қаншалықты меңгергенін оның өздік және белсенді
жұмысы ғана көрсете алады. Осыдан барып оқытудың саналылық және
белсенділік принципі шығады.
Оқушылардың көркем еңбекке оқудағы саналылық және белсенділік
принципі. Бұл принцип оқушылардың білімді саналылықпен және
белсенділікпен меңгеруін және оны күнделікті өмірінде, тәжірибесінде қолдана
білуін, сонымен бірге балалардың бойында еңбекке қажетті біліктер мен
дағдылар, шығармашылық бастама мен дербестік, ойлау, сөйлеу қабілеті және
еңбек ету мәдениетінің қалыптасуын қамтамасыз етуді қарастырады [18].
Саналылық және белсенділік принципі негізінде оқушының өз ақыл-ой
белсенділігі арқасында игерілген терең де әрі өз бетінше ұғынылған
білімдерден құралады.
Кіріктірілген «Көркем еңбек» пәнін оқыту барысында саналылық және
белсенділік принципінің келесі ережелері сақталуы тиіс:
-
орындалатын жұмыстың мақсаттары мен міндеттерінің маңызы мен
мәнін оқушыларға түсіндіру, яғни баланың санасына жеткізе білу;
-
оқушының жұмысты орындау жолдарын түсінуі немесе орындау
тәсілдерін өздігінен ойлап табуы, жұмыс нәтижесінің мән, мағынасын,
қолданылу аясын, қажеттілігін түсінуі;
-
танымдық іс-әрекеттің түрлерін, талдауды, салыстыруды, біріктіруді,
сәйкестендіруді пайдалану;
-
оқушы сөздің, сөйлемнің, пәнге байланысты ұғымның мағынасын
түсінуіне, оларды дұрыс қолдана білуіне назар аудару және мағынасы түсініксіз
ұғымдарды қолданудан аулақ болу;
-
оқушылардың бірін-бірі оқыту, яғни жұптық, топтық оқыту
мүмкіндіктерді пайдалану, яғни дұрыс шешім табудың ұжымдық формаларын
дамытуға жағдай жасау;
-
бастауыш сынып оқушылары үшін белгісіз жаңа ұғымдарды,
мәліметтерді бұрыңғы белгілілермен логикалық ұштастыру, себебі бұрын алған
білім мен жаңа білімнің арасында логикалық байланыс болмаса, саналы оқу да
болмайды.
Саналылық принципін жүзеге асыру оқушыларды көркем еңбек сабағының
мақсаты және міндеттерімен таныстырудан басталады. Оқушылардың
саналылығы теориялық материалды өз беттерінше игеру, тапсырмаларды
орындау, шығармашылық міндеттерді шешу барысында көріне бастайды. Олар
жұмысты өз бетінше жоспарлауды, оны орындаудың жолдарын анықтауды,
МЕТОДИЧЕСКОЕ
ПОСОБИЕ
ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА»
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
96
нәтижесін бақылауды, түзетулер енгізуді және қорытынды жасауды үйренеді.
Сонымен қатар, оқушыларды технологиялық процестерді талдауға, өзінің
жұмыс орны мен жұмысын ұйымдастыруға, шығармашылық әрекеттер жасауға
үйрету, саналылығы мен белсенділігін арттыруда үлкен рөл атқарады. Оларды
өнертапқыштық біліктерге және құрылымдауға үйретудің ерекше мәні бар.
Оқушылар технологиялық құжаттар, бұйымдардың сызбаларын әзірлеу және
оларды істеп шығару бойынша орындалатын жұмыстарға қатысады, оларды
орындау барысында еңбек біліктері мен дағдыларын меңгереді. Осылай
оқытудың арқасында оқушылар мұғалімнің көрсеткен жұмыс тәсілдерін, еңбек
іс-әрекеттерін механикалық тұрғыда ғана меңгеріп қоймайды. Олар оны
бүтіндей барлық технологиясы мен оның жекелеген элементтерін толық түсініп
орындайды. Оқушылар өздерінің іс-әрекеттерінің келешек нәтижесі мен оларды
дұрыс орындамауының мүмкін нәтижесінің үлгісін ұсынады. Үлгінің бар
болуы, оларға өзін-өзі бақылауды жүзеге асыруы және жіберген қателерін
түзеуіне мүмкіндік береді.
Оқушылар техникалық-технологиялық білім алғанда жаңа терминдер мен
анықтамаларды есте сақтап қана қоймай, олардың мазмұнын ұғыну, нақты
еңбек процестерімен байланыстырулары керек. Олай болмаған жағдайда
оқушылар материалды айтып береді (басынан бастап және тек ретімен ғана),
бірақ оның мәнін түсінбейді және іс жүзінде қолдана алмайтын білімге деген
формализм дамитын болады. Формализмнің бір себебі мұғалімнің материалды
догматтық тұрғыда баяндауы (кейде диктант түрінде) және оны оқушылардың
ойша талдаусыз игеруі болып табылады.
Оқушылардың ойын дамыту және білімді саналы меңгерту құралы,
олардың алдына танымдық міндеттер қою, эвристикалық әңгімелесуді және
материалды проблемалық баяндауды пайдалану, экспериметтік есептер құру
және шығару, тәжірибелік жұмыста білімдерін қолдану және т.б. болып
табылады.
Оқушының тілі оймен тығыз байланыста дамиды. Оның кемшіліктері
ойдың дамуына кедергі жасайды. Сондықтан мұғалімге оқушылардың тілін
қадағалау және олардың терминдерді дұрыс қолдануы, өз ойларын дәл жеткізу
дағдыларын қалыптастыру, қателіктерін түзету қажет.
Жүйелілік және бірізділік принципі келесі ғылыми тұжырымдарды негізге
алады: қоршаған орта болмысының айқын бедерлері мида нақты бейнеленсе
ғана, оқушы шынайы білім топтай алады; ғылыми білімдер жүйесін
қалыптастырудың басты тәсілі – белгілі жолмен ұйымдастырылған оқу;
ғылыми білімдер жүйесінің бірізділігі оқу материалының ішкі логикасымен
және оқушылардың танымдық мүмкіндіктерімен байланысты; жеке
элементтерден тұратын оқу процесінің тиімді әрі жоғары нәтижеге жетуі ол
процесте орынсыз үзілістердің, ескерілмей қалған қажетті сәттердің болмауына
және бірізділіктің қандай да себептермен бұзылмауына тәуелді. Егер дағдылар
тиісті жаттығулармен жүйелі бекімесе, олар көп ұзамай жойылады; егер
оқушылар логикалық ойлауға үйретілмесе, олар өздерінің ойлау іс-әрекетінде
«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
97
үлкен қиыншылықтарға кезігеді; егер оқу ісінде жүйелілік және бірізділік
сақталмаса, оқушылардың даму процесі бәсеңдейді [18].
Жүйелілік және бірізділік принципі:
-
оқушылардың білімдер жүйесін қалыпты игеруін қамтамасыз ету үшін
сызбанұсқаларды, жоспарларды, кестелерді, кескіндерді, үлгілерді орынды
пайдалану. Бұлар «Көркем еңбек» пәнінде орындалатын аппликация, оригами,
ашық хат, коллаж техникаларын орындауда қолданылады. Аталған жұмыс
түрлерін орындауда оқу материалын логикалық бітімге келген бөліктерге
ажырату арқылы, балаларды бір-бірімен байланысты бірізді оқу әрекеттерін
жасауға үйрету;
-
пәнаралық байланыстарды пайдалану. Мазмұндық тұрғыдан, сондай-ақ
оқу әдістемелерінде сыныптар арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету.
Жаңартылған білім мазмұны аясында әзірленген кіріктірілген «Көркем еңбек»
пәнінің бағдарламасында бұл принцип айқын көрініс табады. Мысалы
«Шығармашылық идеяларды зерттеу және дамыту» бөлімінің «Қоршаған
ортаны білу және түсіну» бөлімшесін оқу барысына қойылатын мақсат:
1-
сыныпта – Қоршаған ортаның кейбір ерекшеліктерін, таныс бейнелер
мен пішіндерін білу (түс, фактура, пішін және т.б.). Бұл мақсат келесі сыныпта
тереңдетіледі.
2-
сыныпта – Таныс бейнелер мен пішіндерді зерттеу барысында қоршаған
ортаның кейбір ерекшеліктерін сипаттау (түс, фактура, пішін және т.б.).
3-
сыныпта – Бейнелер мен пішіндерді зерттеу барысында олардың
айырмашылығы мен ұқсастықтарын меңгере отырып, қоршаған ортаның
ерекшеліктерін түсіндіру (түс, фактура, пішін және т.б.).
4-
сыныпта – Қоршаған ортаның ерекшеліктерін, аса күрделі бейнелері мен
пішіндерін зерттеу барысында олардың, айырмашылығын, ұқсастығын және
өзара байланыс себептерін түсіну және түсіндіру (түс, фактура, пішін және
т.б.). Аталған мақсаттарға жету арқылы оқушылардың бір тақырып бойынша
білімдері
тереңдетілуімен
қатар
«Дүниетану»,
«Жаратылыстану»,
«Математика» және тіл пәндерімен пәнаралық байланыс жүзеге асырылады.
Оқытудағы ғылымилық принцип оқушыға берілетін білімнің мазмұны
ғылымның қазіргі даму дәрежесіне сәйкес деректерді, теорияны, заңдарды
қамтуын талап етеді. Бұл принцип оқу бағдарламасында, оқулықтарда және
оқылатын басқа материалдарда да көрініс табатын болса, оқыту барысында
оларға ғылыми әдістеме мен ғылыми зерттеудің қарапайым жолдарын да
білгізуге жағдай жасары сөзсіз. Ғылымилық принципі табиғаттың
заңдылықтарын ашуға, қоршаған ортаның алуан түрлілігін және әсемдігін
көруге мүмкіндік береді [18].
Ғылымилық принципі көркем өнер сабақтарында заманауи құрал-
жабдықтардың, өлшеуіш құралдардың, түрлі суреттердің қолданылуын талап
етеді. Оқушылар жаңа материалдармен танысып, олардың қасиеттерімен,
күнделікті өмірде, шаруашылықта қолданылуымен танысулары қажет.
Оқу суретінің ғылыми негіздері сәуле мен көлеңкенің, анатомия және т.б.
заңдарын оқып білетін перспектива, түсті оқу, көлеңкелер теориясы сияқты
|