Методология дегеніміз ғылыми танудың формасы, әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім. ҒЫлыми абстракция дегеніміз



бет1/10
Дата23.04.2023
өлшемі26,97 Kb.
#85782
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
глоссарий


ГЛОССАРИЙ
ЭКОНОМИКА ДЕГЕНІМІЗ – адам өміріне қажетті тауарлар мен қызметтерді өндіретін салалар мен кәсіпорындардың жиынтығы.
МЕТОДОЛОГИЯ ДЕГЕНІМІЗ - ғылыми танудың формасы, әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім.
ҒЫЛЫМИ АБСТРАКЦИЯ ДЕГЕНІМІЗ - зерттеу пәнін жеке, әсіресе кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу.
ИНДУКЦИЯ ДЕГЕНІМІЗ - жеке оқиға, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар, принциптер шығарылады.
ДЕДУКЦИЯ ДЕГЕНІМІЗ - керісінше, жалпы қағидалар негізінде экономикалық объектілердің, процестердің кейбір жеке алынған ерекшеліктері сипатталады.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ПӘНІ ДЕГЕНІМІЗ - шектелген ресурстар әлемі мен оларды басқару кезіндегі өндірістік игілік жасау процесіндегі адамдардың тигізетін әсері.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР ДЕГЕНІМІЗ - адамдардың қоғамдық-өндірістік қатынастарының нақты орын алуын теориялық тұрғыдан анықтау.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗАҢДАР - адам қоғамы дамуының түрлі сатыларында өндіріс, бөлу, айырбас және материалдық игіліктерді тұтыну салаларындағы қатынастарды анықтап, оны басқарып отыратын заңдар.
ЖАЛПЫЛАМА ЗАҢДАР – бүкіл адам тарихында немесе бірнеше ғасыр бойы күшіне енген заңдар (еңбек өнімділігін жоғарлату заңы, керексіну заңы).
ЕРЕКШЕ ЗАҢДАР - жеке қоғамдық өндіріс түрлерінің ерекшеліктері мен оларға сәйкес әлеуметтік-экономикалық қатынастардың негізін көрсететін заңдар.
ҚАЖЕТТІЛІК – бұл жеке адам мен қоғамның дамуына қажетті заттарға деген мұқтаждығы.
ИГІЛІК ДЕГЕНІМІЗ - қажеттілікті қанағаттандыру үшін керекті заттар.
РЕСУРС ДЕГЕНІМІЗ - экономикалық игіліктерді өндіру үшін қажетті факторлар.
ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІС - адамзат баласының тіршілігінің негізін құрайтын материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процестерін қамтиды.
МАТЕРИАЛДЫҚ ӨНДІРІС ДЕГЕНІМІЗ - материалдықигіліктерді өндіру саласы мен материалдық қызмет көрсету кәсіпорындары ның жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет