ФРИКЦИОНДЫҚ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ халықтың әрдайым бір аймақтан екінші аймаққа (қалаларға, поселоктарға) ауысуымен, кәсіптерін ауыстырумен, өмір-сүру кезеңдерімен (оқу, жұмыс, бала туу және оған қарау және т.с.с.) туады.
ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ өндірістегі технологиялық өзгерістермен байланысты еңбекті ұсыныс пен жұмыс күшіне деген сұраныстың сәйкес келмеуі нәтижесінде пайда болады, ол жұмыс күшіне сұранысты құрылымдық өзгерісті туғызады.
ТАБИҒИ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ –экономикадағы толық жұмыспен қамтудың мақсатты деңгейіне, яғни потенциалды ЖІӨ-ге сәйкес келетін жұмыссыздардың үлесі болып табылады.
ИНФЛЯЦИЯ – орташа және жалпы бағалар деңгейінің өсуіне әкелетін тұрақты тенденция.
ҚАЛЫПТЫ ИНФЛЯЦИЯ – оның жылдық қарқыны бір белгілі санмен өлшенеді, яғни 10 пайызға дейінгі. Қалыпты инфляция кезінде бағалардың өсуі баяу жүреді және оны анықтауға болады, бірақ баға еңбек ақыға қарағанда тез өседі.
ҚАРҚЫНДЫ ИНФЛЯЦИЯ – оның жылдық өзгеру қарқыны 20-дан 200-ге дейінгі пайыздық шекте екі немесе үш белгілі санмен өлшенеді. Ол елдегі ақша-несие саясатында күрделі бұзушылқтар туралы куәландырады. Адамдар нақты ақшаны аз сақтайды, өйткені олар өздерінің құндылығын тез жоғалтады.
ГИПЕРИНФЛЯЦИЯ – баға айына 50 пайыздан жоғары өседі,и оның жылдық өсімі төртбелгілі санмен өлшенеді.
ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ- бұл экономикалық, ақшалай қатынастардың белгілі бір жүйесі, осы арқылы ұлғаймалы ұдайы өндірісті, сондай-ақ қоғамның басқа да қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қажетті ақшалай қаражаттар құралып, тиісінше бөлініп, қайтадан бөлініп, одан әрі пайдаланып отырады.
БЮДЖЕТ ДЕГЕНІМІЗ- мемлекеттің, кәсіпорынның немесе жеке адамның белгілі бір мерзімдегі ақшалай қаражаттарының кірістері мен шығыстары.
САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ ДЕГЕНІМІЗ- мемлекеттегі алынатын салықтар, түсімдер, баж салықтары және т.б. төлемдер, оларды құрау формалары мен әдістерінің жиынтығы. Салық жүйесі белгілі бір заң актілері арқылы жұмыс істейді. Ол заңдарда салықты алу және құраудың нақты әдістері, яғни салық элементтері анықталады. Салық элементтеріне жататындар: салық субъектісі немесе салық төлеуші; салық алу объектісі; салықты алу көздері; салық ставкалары.