Методология дегеніміз ғылыми танудың формасы, әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім. ҒЫлыми абстракция дегеніміз



бет10/10
Дата23.04.2023
өлшемі26,97 Kb.
#85782
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
глоссарий

САЛЫҚ ДЕГЕНІМІЗ- мемлекеттік бюджетке адамдардың, кәсіпорындардың және мекемелердің міндетті түрде аударатын төлемі.
САЛЫҚ САЛУДЫҢ НОРМАСЫ- салық ставкасы объектінің бір өлшеміне салынған мөлшері.
НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ ДЕГЕНІМІЗ - мерзімділік, төлемділік және қайтарымдылық шарттарында ақша қаражаттарын қалыптастыратын, айналысқа түсіретін, ұсынатын ақша несие бөлімшелерінің жиынтығы.
НЕСИЕ ДЕГЕНІМІЗ - белгіленген мерзімге процентін қосып қайтару шартымен ақшалай қаржы беру. Әдетте несие төлем мерзімін ұзарту түрінде немесе заемшының қарыздық міндеттемесін сатып алуға берілуі мүмкін.
ССУДАЛЫҚ КАПИТАЛ ДЕГЕНІМІЗ - процент түрінде ақыға қайтарымдылық шартында меншік иесінің ссудаға беретін ақшалай түрдегі капиталы.
ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ ДЕГЕНІМІЗ - жеке индивидтердің өмір сүруі үшін ыңғайлы шарттармен қамтамасыз етуде мемлекеттің жүргізетін іс-әрекеті.
ТАБЫС ДЕГЕНІМІЗ - жеке қажеттілікті қанағаттандыратын игіліктер мен қызметтерді алу үшін тағайындалған және белгілі уақыт ішінде алынатын ақша қаражаттарының жиынтығы.
НОМИНАЛДЫ ТАБЫС- жұмысшылардың атқарған қызметтері және жұмыстары үшін қолына алған ақша сомасы.
НАҚТЫ ТАБЫС- халықтың нақты тұтынатын игіліктерінің құны.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА - әртүрлі елдердегі тауар өндірушілер арасындағы байланыс формасы болып табылады, яғни ол халықаралық еңбек бөлінісі негізінде қалыптасады және елдердің өзара тәуелділігін көрсетеді.
ҰЛТТЫҚ НАРЫҚбұл халықаралық еңбек бөлінісі негізінде елдің ішкі және сыртқы сауда операцияларын жүзеге асыратын сфера.
СЫРТҚЫ САУДА ДЕГЕНІМІЗ- белгілі бір елдің басқа елдермен сауда жасауы.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ДЕГЕНІМІЗ- белгілі бір мерзімде елдегі шығарылатын тауарлар мен қызметтер көлемінің өзгеруі.
ЭКСТЕНСИВТІ ӨСУ- ұлтттық өнімді қосымша өндірістік факторларды тарту есебінен жоғарлату.
ИНТЕНСИВТІ ӨСУ- ҒТП есебінен, яғни жетілген өндіріс факторлары мен технологияны қолдану арқылы ұлттық өнім көлемін өсіру.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет