Методология дегеніміз ғылыми танудың формасы, әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім. ҒЫлыми абстракция дегеніміз


НАҚТЫ ЕҢБЕК- бұл жеке мамандардың тауар өндіргенде тұтыну құнын жасауға шығындалған еңбек; АБСТРАКТЫЛЫ ЕҢБЕК



бет4/10
Дата23.04.2023
өлшемі26,97 Kb.
#85782
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
глоссарий

НАҚТЫ ЕҢБЕК- бұл жеке мамандардың тауар өндіргенде тұтыну құнын жасауға шығындалған еңбек;
АБСТРАКТЫЛЫ ЕҢБЕК- бұл адамдардың дене күші мен ақыл-ой энергиясын жұмсауы, осының көмегімен тауарларды айырбастау процесінде адам еңбегінің қоғамдық сипатқа ие болуы немесе тауардың құнын анықтауға шығындалған еңбек.
ПАЙДАЛЫЛЫҚбұл өзінің жек қажеттіліктерін қанағаттандырудағы белгілі бір игіліктердің ролі туралы әр сатып алушының беретін субъективті бағасы.
ИГІЛІК ҚҰНДЫЛЫҒЫбұл адамның өмірі мен әл-ауқаты үшін тұтынатын заттың маңыздылығын түсінуі.
АҚША- жалпыға бірдей балама болып табылатын ерекше тауар.
НАРЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ ДЕГЕНІМІЗ- сатушы мен сатып алушы арасындағы экономикалық қатынастар.
НАРЫҚ- сұраныс пен ұсыныс қатынастары немесе сатушы мен сатып алушылардың өзара қатынастары;
НАРЫҚ- бұл тауарлар айырбасы қатынастарының жиынтығы, тауар өндірісі мен айналым заңы бойынша ұйымдастырылған айырбас;
НАРЫҚ- тауар мен ақша айналымы қатынастарының жиынтығы;
НАРЫҚ-өнімді өндірушілер мен тұтынушыларды өзара байланыстыратын елдер арасындағы және елдің ішіндегі айырбас сферасы.
НАРЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ ДЕГЕНІМІЗ- тауарлық қатынастардың дамыған жүйесі ретінде әртүрлі өзара байланысты жеке нарықтардың жиынтығы.
РЫНОКТЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ- бұл ерекше рыноктар негізінде әрекет етіп, олардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін институттардың өзара байланысының жиынтығы, рыноктық экономика объектілерінің тиімді жұмыс істеуі мен олардың белгілі бір нақты рыноктық кеңістіктегі бірлігін қамтамасыз ететін қызметтер түрлерінің жиынтығы.
СҰРАНЫС ДЕГЕНІМІЗ- белгілі уақыт ішінде бағасы анықталған тауарларды тұтынушылардың сатып алу қабілеттілігі немесе адамдардың бір нәрсе үшін ақы төлеуге қабілеттілігі мен тілегін білдіреді.
СҰРАНЫСТЫҢ ӨЗГЕРУІ ДЕГЕНІМІЗ – бағалық емес факторлардың өзгеруі нәтижесінде сатып алушылардың сатып алатын тауарларының санындағы өзгерістер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет