ЖИЫНТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ӨНІМ ДЕГЕНІМІЗ- 1 жылда материалдық өндірісте өндірілген өнім мен еңбек заттарының қайталанған есебінің жиынтығы.
ЖИЫНТЫҚ ҰЛТТЫҚ ӨНІМ- бұл материалдық және материалдық емес өндіріс пен жеке адамдар табысының сомасы немесе 1 жыл ішінде елде өндірілген барлық дайын өнім мен қызметтердің жалпы нарықтық құны.
ЖИЫНТЫҚ ІШКІ ӨНІМ- бұл белгілі бір елдің ішіндегі өндірістік қызмет нәтижелері немесе ұлттық ерекшеліктеріне байланыссыз белгілі мемлекет территориясында қалыптасқан кәсіпорындарда өндірілген өнімдер мен қызметтердің жиынтық нарықтық құны.
ТАЗА ҰЛТТЫҚ ӨНІМ ДЕГЕНІМІЗ- жеке тұтыну заттары мен өндірісті ұлғайтуға қажет өндіріс құрал-жабдықтары немесе ағымдағы жылы жұмсалған еңбек нәтижесі.
ҰЛТТЫҚ ТАБЫС ДЕГЕНІМІЗ- 1 жылда өндірілген өнімдердің нарықтық құндарының жиынтығы.
ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ –бұл нарық механизмінің қалыпты қызмет жасауын қамтамасыз ету үшін қолданылатын мемлекет және оның мекемелерінің ұдайы өндіріс процесіне мақсатты бағытта әсер ету тәсілдері.
ЖИЫНТЫҚ СҰРАНЫМ ДЕГЕНІМІЗ - белгілі бір баға деңгейімен ұсынылған жалпы тауарлар мен қызметтер көлеміне сұраныс.
ЖИЫНТЫҚ ҰСЫНЫМ ДЕГЕНІМІЗ- өндірілген ұлттық өнімнің барлық элементтерінің ақшалай көрінісіндегі ұсынымның топтастырылған деңгейі.
МУЛЬТИПЛИКАТОР ДЕГЕНІМІЗ -ұлттық табыс өсімімен осы өсімге әкелетін шығындардың арасындағы тікелей тәуелділікті көрсететін сандық көрсеткіш.
ЦИКЛДІЛІК – бұл ұлттық шаруашылық пен дүниежүзілік шаруашылық қозғалысының жалпылама формасын біртұтас жүйе ретінде қарастыру.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЦИКЛ –бұл экономикалық өсуге ұзақмерзімді тенденция болған кездегі бір-бірінен ұзақтылығымен және интенсивтілігімен ерекшеленетін экономикалық белсенділік деңгейінің көтерілуі мен құлдырау деңгейінің бірнеше жыл бойы қайталануы.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЦИКЛ ДЕГЕНІМІЗ – экономикадағы қалыптасқан бір дағдарыстан екніші дағдарысқа дейінгі уақыт аралығы.
ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕГЕНІМІЗ- жұмыс күшінің 1 бөлігінің тауарлар мен қызметтер өндіруге қатыспауын көрсететін әлеуметті-экономикалық көрсеткіш.