Методология дегеніміз ғылыми танудың формасы, әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім. ҒЫлыми абстракция дегеніміз


МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС ӨНДІРІС ДЕГЕНІМІЗ



бет2/10
Дата23.04.2023
өлшемі26,97 Kb.
#85782
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
глоссарий

МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС ӨНДІРІС ДЕГЕНІМІЗ - өндірістен тыс игіліктер өндіретін және материалдық емес рухани қызметтер көрсететін салалар мен кәсіпорындардың жиынтығы.
ӨНДІРІС ДЕГЕНІМІЗ - адамдардың өмір сүруі үшін қажетті материалдық игіліктер мен қызметтерді жасау мақсатында табиғат заттарына әсер ету процесі.
МАТЕРИАЛДЫҚ ИГІЛІКТЕРДІ ӨНДІРУ ТӘСІЛІ- өндірістік күштер мен өндірістік қатынастардың диалектикалық бірлігі болып табылады.
ЕҢБЕК ДЕГЕНІМІЗ- мақсаттқа сай қызмет ету, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас процесі немесе өнім өндіруге адамның жұмсайтын ой және дене қабілеттілігі.
ЖҰМЫС КҮШІ ДЕГЕНІМІЗ- адамның еңбек ету қабілеттілігі.
ЕҢБЕК ЗАТТАРЫ ДЕГЕНІМІЗ- өнделетін материалдар, яғни адамның күш-қуаты, еңбек құралдары арқылы өнделетін заттар. Оның 2 түрі бар: а) табиғи- руда, көмір, мұнай, балық және т.б.; ә) белгілі бір табиғи процестен, өндеуден өткен- шикізат, материал.
ЕҢБЕК ҚҰРАЛДАРЫ ДЕГЕНІМІЗ- адамның өзі мен еңбек құралдары арасында тұратын және оның осы затқа ететін ықпалын іске асырушы ретінде пайдаланатын зат немесе заттар жиынтығы.
ҚОҒАМДЫҚ ЖИЫНТЫҚ ӨНІМ - бұл қоғамның белгілі бір уақыт ішінде өндірген барлық материалдық игіліктердің жиынтығы.
ҰДАЙЫ ӨНДІРІС ДЕГЕНІМІЗ- өндірістің үздіксіз дамып, тұрақты қайталанып, жаңарып, ұлғайып отыруы.
ӨНДІРГІШ КҮШТЕРДІ ҰДАЙЫ ӨНДІРУ ДЕГЕНІМІЗ - жұмыс күші мен өндіріс құрал-жабдықтарын тұрақты түрде қайталап, жаңартып, дамытып отыру.
ЖАЙ ҰДАЙЫ ӨНДІРІС- бұл өндіріс процесінің бұрыңғы ауқымда қайталануы, сондықтан да алынған табыстардың бәрі жеке тұтынуға жұмсалады.
ҰЛҒАЙМАЛЫ ҰДАЙЫ ӨНДІРІС- бұл өндіріс процесінің ұлғайтылған ауқымда қайталануы, өйткені алынған табыстардың бір бөлігі қосымша ресурстар сатып алуға, ал олардың пайдалану есебінен өндіріс процесі ұлғайтылған ауқымда жаңғыртылады.
ЖҮЙЕ (грек тілінен аударғанда – «құру, бөліктерді біріктіру») – бір-бірімен байланысты құбылыстардың, соныменен қатар табиғат пен қоғам туралы заңдылықтардың объективті біртұтастығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет