«М.Әуезов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Психологиялық қызмет көрсету «Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы»



Дата05.02.2023
өлшемі17,89 Kb.
#65226
Байланысты:
ХАТТАМАлар


«М.Әуезов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Психологиялық қызмет көрсету «Орта білім беру ұйымдарындағы
психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы»
377 бұйрығының қосымшасына сәйкес мектептегі психологиялық қызметтің жұмыс жоспары

2022-2023 оқу жылы


Хаттама №1

М.Әуезов атындағы орта мектебінде 2022 жылдың 5-қыркүйек күні мектепішілік әкімшілік отырысы болып өтті.


Қатысқандар саны: 9




Күн тәртібінде:
1.Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» №377 бұйрығының қосымшасына сәйкес мектептегі психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын талқылау;
Ж: Н. Аубакирова
2.Психологиялық қызметтің құрамына кіретін мамандардың құрамы және лауазымдық міндеттерін бекіту;
Ж: Н. Аубакирова
3.Әртүрлі мәселелер.
Ж: Ж.Джанабаева


Тыңдалды:

Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Н.Аубакирова сөз алып, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 25.08.2022 жылғы №377 бұйрығы мен қосымшасына сәйкес мектептегі психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын толық талқылап, таныстырды. Н.Аубакирова №377 бұйрығы мен қосымшасына сәйкес мектептегі психологиялық қызметтің жалпы ережелері, психологиялық қызметтің жұмысы, жұмыс істеу тәртібі, психологиялық қызметтің жұмысы кәсіптік әдепті сақтаудан, баланың жеке басына эмпатия және құрмет көрсетуден, білім алушы мен тәрбиеленушінің жеке және жас ерекшеліктерін, психологиялық және педагогикалық білімді интеграциялаудан, баланың құқықтары мен мүдделерін сақтай отырып, ақпараттың құпиялылығын, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің, педагогтердің денсаулығына, ар-намысы мен қадір-қасиетіне зиян келтіру мүмкіндігін болғызбаудан, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білім беру процесінде сүйемелдеудің ғылыми, кешенділігін, бірізділігін, кезеңділігін және үздіксіздігін ескере отырып, педагог-психолог өз қызметін диагностикалық, консультациялық, дамытушылық (түзету), психологиялық-педагогикалық ағарту және ұйымдастыру-әдістемелік бағыттары бойынша жүзеге асыратындығы, білім алушылар мен тәрбиеленушілер, ата-аналар немесе өзге де заңды өкілдері мен педагогтердің психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асыратын мамандарға жүгіну кезіндегі іс-қимыл тәртібі туралы айтып өтті.


Екінші мәселе бойынша мектеп директоры Н.Аубакирова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегіт № 338 бұйрығымен бекітілген педагог-психолог, білім беру ұйымдарының психологінің лауазымдық міндеттерімен таныстырды.
Әртүрлі мәселелер бойынша жарыс сөзді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Джанабаева алып, аутодиструктивті мінез-құлықты әрекеттерді анықтау, түзету, дамыту шараларын жүзеге асыру туралы айтып өтті. Анықталған оқушыларға жеке жұмыс жоспары құрылып, сынып жетекші, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтармен бірлесіп жұмыс жасауы керектігін айтты.
Сонымен бірге, оқушылардың әлеуметтік және отбасылық жағдайларын баса назарға алып отырудың маңызды екенін ескертті.
Ұсыныс:

1.Жоғарыда көрсетілген психологиялық қызметтің жұмыс жоспары құрылып, бекіту;


2.Психологиялық қызметтің құрамына кіретін мамандардың лауазымдық міндеттері бекіту;
3.Аутодиструктивті мінез-құлықты әрекеттердің алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізіліп, оқушылардың әлеуметтік және отбасылық жағдайлары баса назарға алыну.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет