М.Әуезовтің «Қараш-қараш», «Қилы заман» хикаятындағы өзекті ой. Орындағандар:Ахметова Тахмина,Тілеу Айханым,
Нусипходжаева Жаңылсын, Досымбек Нұргүл Садыкова Азиза.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов – Ұлы жазушы, қоғам қайраткері,
Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде
Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына
Ресейдегі саяси төңкерістер Әуезов өміріне үлкен өзгерістер әкеледі.
«Қилы заман» романында М.Әуезов сол тұстағы ресми идеологияның өнер атаулыға таңа бастаған догмаларының тас-талқанын шығарды. Сол кездегі қағидалар бойынша байлар мен болыстар ешқашан халық мүддесін көздемейді деп ойлады. М.Әуезов романында ел ағалары би, болыс, батырлар халық басына күн туғанда қасынан табылып, отаршы үкіметке қарсы күреске шығады. Алайда қазақ қоғамы басындағы қайраткерлердің бәрі бірдей емес, олардың арасында қара басынан басқаны ойлай алмайтындары да кездеседі.
Мұхтар Әуезовтің «Қилы заман» повесі 1928 жылы жазылған. Повесте Қазан төңкерісі алдындағы қазақ даласындағы отарлау саясаты, тар қыспақта қалған халықтың ауыр тұрмысы, ашу-ызасы барынша шынайы көрсетілген. Басты кейіпкерлерді бейнелеудің тәсілі де өзгеше. Автор шайқасқа шыға алмайтындардың да рухының биіктігін, күрес жолына беріктігін түрмедегі тұтқын мен тергеуші арасындағы жауаптасулар арқылы көрсетеді.
"Қараш-қараш оқиғасы" — повесть. Авторы - Мұхтар Әуезов. Бұл повесть 1927 жылы жазылған.
Бақтығұлдың інісі Тектіғұл Сәлмен деген байдың кесірінен қайтыс болады. Бақтығұл кек алмақ болып, Сәлменнің жылқысын ұрлайды. Сәлмен осы жағдайды біліп, Бақтығұлды сабайды. Кейін ол үміт етіп Жарасбайға көмек сұрап барады. Бірақ Жарасбай оны сатып кетеді. Оған шыдай алмай кегінің орнына Жарасбайды мерт қылады.
Қысқаша мазмұны.
Мұхтар Әуезовтың «Қараш қараш оқиғасы» арқылы танысқан Бақтығұлдың прототипі тарихи тұлға – Рысқұл Жылқайдаров.
Повестің бас кейіпкері Бақтығұл бейнесі арқылы дәуірдің қиын да қым-қиғаш қарама-қайшылығы бостандық аңсаған халық арманы мен жаңаша көзқарасы идеялық-көркемдік тұрғыда танылады. Бақтығұлдың өмір құбылысын аңғара түйсінуі арқылы драматизмі мен күрес жолдары сан сала тұтас әлем ашылады. Басынан кешкен тағдыр тауқыметі, жеке драмасы Бақтығұлды тартысқа толы күрделі өмірді тануға, бойындағы қуат-күшін жаңадан безбендеп, өзін-өзі адам ретінде сезінуге, әділет үшін күреске жетелейді. Тумысынан құлдықпен қаналуға жаратылғанмын дейтін қалыптасқан ой-сезімінен арылып, өз қадір-қасиетін сезіне бастағаннан кейін-ақ, тіршілігінің келелі кезеңі басталады