Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы



бет2/3
Дата02.06.2023
өлшемі21,62 Kb.
#98088
түріОқулық
1   2   3
Оқу қызметі аясы бойынша: Сабақтың өту қарқынына ерекше мəн беріп, заман талабына сай оқушылардың білім алуын нəтижеге бағыттап оқыту жəне мұғалімдердің кəсіби дамуына өзгерістер енгізу.
Үдеріс: жұмыс жоспары,іс-əрекеттегі зерттеулер, Lesson Study, коучинг жəне тəлімгерлік.
Жұмыс құралдары жəне түрлері, желілік қоғамдастық үшін: АКТ, қысқа мерзімді жəне орта мерзімді жоспарлар, бағдарламалар, өзара жəне өзін-өзі бағалау əдістері, рефлексия, зерттеу жұмыстары, сауалнамалар, коучинг, семинарлар, конференциялар, педагогикалық бірлескен оқулар.
Қоғамдастық барысы кезінді ынтымақтастық, сенімділік жəне сəтті серіктестік, ең бастысы өзара түсіністік болуы шарт. Сонда ғана жоспар мен жұмыс алға басып, нəтижесінде анықталған маңызды мəселелер мен проблемалар өз шешімін табады жəне жаңа идеялар туындайды. Бұл қоғамдастықтың тұрақты қамтамасыз ету үшін ынтымақтастықпен бірлесе жұмыс істеу өте тиімді.
Желілік қоғамдастыққа қолдау көрсетушілер: мұғалімдер,оқушылар, ата-аналар болуы шарт.
Біздің мектепте желілік қоғамдастықтың құрылғанына аз уақыт яғни биылғы жыл болса да, қоғамдастық аясында мектепішілік, мектеп аралық, облыстық, республикалық мектептер

мен байланыстарға шығып өз іс-ə рекеттерімізбен тəжірибе бөлістік: мектепішілік коучингтер өткізіліп, аудандық қоғамдастық мүшелерінің отырысы, Шығыс Қазақстан облыстық оқыту семинары қатысулар болды.


Мектептің дамыту жоспары негізінде іске асырылған іс-шаралар:

  1. Кездесу: 1-2 деңгей мұғалімдерімен кəсіби əңгіме өткізу;

  2. Кездесу: Кəсіби қоғамдастық құру;

  3. Кəсіби сұхбат: Тəлімгерлік жасау;

  4. Желілік қоғамдастық жұмысын ұйымдастыру;

  5. Талис саалнамасын алу арқылы мектеп проблемасын анықтау;

  6. Коучинг: «Оқушылардың білім алуын нəтижеге ағыттап оқыту»

  7. Коучинг: «Оқу үдерісіне жеті модульді енгізудің тиімділігі»

Осындай атқарылған іс- шараларға мұғалімдердің қатысуы белсенді түрде жəне түсіністікте болды. Өткізілген коучингтер нəтижесінде əр мұғалім өзінің кəсіби дамуы мақсатында өз тəжірибелеріне жаңа өзгерістер енгізе білді. Қоғамдастық мүшелері өздерінің тиісті міндеттерін де жауапкершілікпен сезінді, мұғалімдер берілген тапсырмаларды орындай отырып үйренді. Осындай мектепішілік жəне желілік қоғамдастықтың белсенділігі, нəтижесі арқасында мұғалімдердің кəсіби дамуындағы көшбасшылықты дұрыс атқаруды үйренеді, ең бастысы оқушының жоғары жетістікке жетуіне жəне сапалы білім алуына ықпалы зор. Болашақта осы басталған іс-əрекет өз жалғасын тауып, нəтижесінде заманға лайық өз-өзіне сенімді тұлға тəрбиеленетініне сеніміміз мол.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет