ГЛОССАРИЙ Актуальды-қазіргі уақыт талабы үшін аса маңызды, көкейкесті.
Ақсақал-аталас туыстар билігін жүргізетін адам.
Ақын-суырып салма яки жазба өлең шығару қабілеті бойына туа дарыған шығармашылық өнер иесі.
Акция-тұтыну заттарына салынатын жанама салықтың бір түрі.
Акционер-(фр.-aktionaire- владелец акции)-акция иесі.
Алаш-ежелгі қазақ тайпаларының алғашқы қауым болып біріккен одағы. «Қазақ» атауының көне баламасы.
Автономия (грек аutonomia- өзін-өзі басқару, тәуелсіздік)-1)Бір мемлекеттің құрамындағы саяси-ұлттық құрылымның айрықша статус алып, өзінің ішкі проблемаларын дербес шешудің кең де ауқымды мүмкіндіктеріне ие болуы.
Автонды халық-тұрғылықты, жергілікті халық.
Азамат соғысы- мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтармен топтар, діни ағымдар мен кландар арасындағы өкімет билігі жолында жүргізетін қарулы күрес.
Азаттық-1950 ж Мюнхеньде «бостандық» деген атпен халықаралық большевизмнен құтқару қоғамы құрған радиостансаның ізбасары.
Алыпсатар-өнімдерді сатып алып, қайта қымбат бағамен ұстаумен шұғылданатын сауда капиталының өкілі.
Анархист-басшысыздық, өкіметсіздік.
Ат тұлдау-қайтыс болған ер адамның тірі кезінде мініп жүрген атының жал-құйрығын күзеп, жылына дейін құр жіберу (мінбеу),асына сою.
Ауыздық- жүгеннің ат ауызына салынатын темір бөлігі.
Ауылбасы- ауыл билігін жүргізетін адам.
Акционерлік қоғам- жарғылық қоры акцияға бөлінген кәсіпорын.Оған қажет капитал акцияны сату жолымен жиналады.
Аренда- (жалдау, жалгерлік) лат. тіл.,-шарт бойынша жерді, үйді, қазба байлықты,кәсіпорындарды, сонымен қатар жалгерлердің жеке жұмыс істеуіне қажетті жабдықтардың қай түрін болса да уақытша пайдалануға жалға беру.
Арсенал-соғыс құралдарының,қару жарақтарының үлкен қоймасы, әскери құрал жасайтын жөнелтетін әскери мекеме.
Архив-ескірген документтерді, жазба ескерткіштерді сақтайтын мекеме.