Сабақтың тақырыбы: Қазақ тарихы деректерін жүйелеу және талдаудың кейбір мәселелері.
Сабақтың мақсаты: Қазақ тарихы ауызша деректерін жүйелеу және талдаудық кейбір мәселелері,оқушыларға толықтай мағлұмат алады;
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі ә) Жаңа сабақ Қандайда болмасын халықтың тарихы деректер негізінде жазылатындығы баршамызға белгілі. Тарих тек қана жазба деректер негізінде жазылу керек деген ұғымның келмеске кеткені қашан. Бүгінгі тарих ғылымында деректердің кез-келген топтарымен түрлерін кәдеге асуы қажет. Жазбаша деректерде тарихи уақиға шынайы шындықты көрсетеді деп ойлайтын болсақ үлкен қателікке ұрынған болар едік.Сондықтан тарих жазғанда кез-келген деректер тобына сыни көзқараспен қарап, бірімен-бірін салыстыра отырып, деректану ғылымының әдістерін толық пайдаланғанда ғана мұратқа жетуге болады.
Біз сөз еткелі отырған қазақ тарихының ауызша деректері сан қилы.Сондықтан оларды алдымен жүйелеп алып, содан кейін барып топтау қажет. Осы орайда жүйелеу ұғымына тоқтала кетуді жөн көрдік. Орыстың ғылыми және оқу әдебиеттерінде кездесетін «систематизация» деген терминнің баламасы осы «жүйелеу» сөзі сияқты.Зерттеушінің белгілі тақырып бойынша көп жылдар бойы тірнектеп жинаған деректері бір жүйеге келтіру қажеттілігін талап етеді. Соңғы жылдары ғалымдар арасында жүйелеудің бес түрі қалыптасты: хронологиялық, аумақтық, этникалық, проблемалық және тұлғалық. Жүйелеу дегеніміз - әртекті деректерді осы ғылымның мәнсіз бір белгілеріне қарай жіктеу.
Қазақ тарихының ауызша деректерін шамамен 10 топқа бөлуге болады.Олар мыналар: нормативті деректер, генеология, әдептік заң нормалары, аңыздармен ертегілер, батырлар жыры, лирикалық поэмалар, мақал-мәтелдер және жұмбақтар, халық композиторларының әндері, халық ақындарының өлеңдері, билермен шешендер сөзі, ономастика материалдары т.с.с. Әлбетте бұл топтаудың шартты түрде екені белгілі.Өйткені кейбір деректер бір топтан екінші бір топқа ауыса береді. Ауызша деректердің келесі бір тобына ықылым заманнан бері халық арасында тарап келе жатқан мақал-мәтелдер жатады. Мақал – нақыл сөздің бір түрі. Өмір құбылыстарын жинақтайтын, оларды бір қалыпқа келтіретін, бір не екі тармақтан құралып, алдынғысында шарт не жалпы пайымдау, соңғысында қорытынды шығаратын, түйінді пікір айтатын, өте ықшам, бейнелі халықтық поэтикалық жанр. Ғасырлар бойы екшеленген, қырланған, алуан мазмұнды, сан тақырыпты сөз мәйегі. Қазақ арасында бүгінде кең таралған мақалдардың көпшілігін Махмуд Қашқари сөздігінен, Жүсіп Баласағұни еңбектерінен кездестіріп жүрміз (Атасы бір әрі тартады, анасы бір бері тартады. Үйлену оңай, үй болу қиын.). Қазақ мақалдарына әдеби талдау берген қазақтың белгілі ғалымы профессор Сейіт Қасқабасов. Кейбір елдерде мақал-мәтелдерді зерттейтін ғылым бар