ІІІ. Жаңа сабақты бекіту. 1. Сұратқан хан ақымақпа?
2. Манчестер (Англия) университетінің профессоры Теодор Шаниннің жобасында болып жұмыс істеді. Қай жылдары ?
IV. Қорытындылау
9 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Ақселеу және тарих ақауы
Сабақтың мақсаты: Ақселеу және тарих ақауы туралы мағлұмат алады.
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі
ә) Жаңа сабақ
1. Ақселеу Сейдімбек фольклорлық мұра – шежіре жанрында
Қазақ халқының түп тарихы – шежіре. Қасиетті рухани күш шежірешілдік түркінің бір бұтағы қазақтардың генетикалық болмысында әлі терең сақталған. Шежірені ұмыту, хан жарлығымен бекіген жеті атаға толмай қыз алыспау дәстүрін жоғалтып алу – ұлт ретінде құруға бастайтын қатер. Біз шежірелік сипатымызды жан-тәнімізбен сүйетін халықпыз.
Сондықтан ғалам біртұтастанған, қарабайыр тобырланған сайын шежірені ғылым ретінде дамыта түсіп, жер тұрғанша жоғалтпауымыз керек.
Шежіре – қазір әлемге ықпалы зор болып отырған еврей елі үшін де аса маңызды. «Таурат. Көне өсиет» – бұл Израильдің 12 буынының шежірелік жылнамасы. Еврейлер Мысыр құлдығынан құтылып, халық ретінде күшеюіне, қайта өрлеуіне ықпал жасаған жасампаз күш – ел бастаған дінбасылары һәм көсемдері арқылы мызғымаған шежірелік жады мықтылығының әсері. Тектен айрылмаудың артықшылығын олар білген.
Ақселеу Сейдімбек – қазақ халқының шежірелік тарихын бергі заманда классификациялап, энциклопедия түрінде бір жүйеге келтіріп, ұлтқа ұйтқы екенін айқындап, бабымен жинақтап кеткен асылдың сынығы. XX ғасыр басында ұлт көшбасшысы Ахмет Байтұрсынов: «Қазақ жоқ іздеуші» дегенде, сол ізгі мұратқа адал болғандардың бірі Ақселеу Сейдімбек екені дау тудырмас.
Тексіздік нағыз қазақ жиренетін ұсақталу, азып-тозумен тең.
Тәңірінің өзі берген күнінде
Хан ұлынан артық еді менім несібем!
XVI ғасырда өмір сүрген ноғайлының Доспамбет жырауы теңдік салтанат құрған дәуірдің азаттығын қалай асқақ сезінеді, шіркін! Сол қасиет қазақтың қанында, құдайға шүкір, әлі бар, жоғалмайды.
Ақселеудің қазына ұстаушылығы – жыр бұлағы жыраулардан жалғасқан құдіретті рухты өлтірмеуді, фольклорлық баянды жаңғыртуды мұрат еткен мирасқорлық. Ол-дағы бір керуенбасы. Көш-керуенін ұзатып, кейінгі ұрпаққа аманаттап тапсырушы. Көненің көрікті дүниесінен басы бүтін айырылуды жаны қаламаушылық. Ел үмітін ақтаған ер атағын енді елі сақтайды. Ақселеу миссиясы осындай биік. Оның ең басты кітабының бірі – «Қазақтың ауызша тарихы».
… Осы аса улы саяси ассимилияцияның кесірінен қазақ ұлтында ұлтсыздану қасіреті төбе көрсете бас-тады» деп налиды. Советтік заманда өскен Ақселеу Сланұлы ұлтсыздануға іштей наразылығын өзіндік пафос-пен, қазақтың өзінен туған ұлға тән түйсікпен берді.
Жазушы, зерттеуші Мырзакелді Кемел «Ақселеу асу» атты танымдық еңбегінде: «Ақселеу Сейдімбектің жанры алуан стильге толы. Мұнда дала әңгімелері де, қорғандар мен діндер аңыздары да, күй шежіресі де, қазақтың ауызша шежіре-тарихы да, жүз-тайпа-ру таралымдары да, ертектер де, мақал-мәтелдер мен қазақ болмысын ашып көрсететін аңызға бергісіз бастан өткенді әңгімелеу де, қара өлең де, естеліктер де, аудармалар да бар», – деп шындықты саралап жазады. Сонымен қоса, ол Ақселеу Сейдімбек мұрасының негізгі тұжырымдарын термелейді. Соның бір-екісін қайталасақ: «Ақселеу Сейдімбек қазақ этнологиясының ғылыми терминологиясын қалыптастырды. Ақаң «Қазақтың ауызша тарихы» арқылы қазақ мемлекеттігінің құрылымын ғылыми негіздеді. Жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрін ұстанатын қазақтан басқа этносты жер бетінде бар екенін біз біле алмадық» деп ұлтымыздың бұл ерекшелігінің қасиетін дәріптейді. Бұл тыйымның қазақтардың тұқымдық сұрыпталуына себепші болумен бірге, этномәдени біртұтастығын сақтаудың бірден-бір тетігі болғандығын айтады».
Әлхисса, бұл кітапта не жоқ, қазақ үшін қасиетті һәм қастерлі саналатын дүниетанымдық ұғым-идея, белгі-нышанның бәрі бар. Кең даламызда өсіп-өнген тайпалар мен рулар, ұлыстардың бір-бірімен тамырласқан, будандасқан, қапталдасқан, бауырласқан шынайы тарихы бар. Оқылуы кей сәт мың бір түндей көркем шежіре әдебиеттегі небір жанрлардың бір арнада тоғысқандығымен озық. Оның мазмұны тым терең, іші толы құнды деректер, кісілік келбет, қилы жазмыш. Қазақ асқан философ халық екенін бұл кітап аша түседі.
Ақселеутану – өзтану. Қазақтыққа тағзым. Ал қазақтық еркіндік аңсаудан, азаттыққа сүйіспеншіліктен туғанын қазір ұмытсақ та, түйсіктегі ұлы зердеміз, жадтық таңба, ұлттық код ұмыттырмайды.
«Көшпелі өмір-салт Ұлы дала (Қазақ даласы деуге де болады) тұрғындары үшін ұзақ уақыт тиімді өмір сүрудің бірден-бір оңтайлы үлгісі болды» («Қазақтың ауызша тарихы»,
«Алаш үстірті – Ресей Федерациясына қарасты Тыба республикасының жеріндегі Батыс Саян тау сілемдері. Бұл тау сілемдерінен ағатын ең бір арналы өзен – Сүткөл (Сут-Холь)» .
Қазақ біледі, қазір Тыба атанған ел бұрынғы ұранқайлықтар, дәлірегі, қалмақтың бір атасы. О баста монғолданған түркінің бір бұтағы болуы керек. Бірақ бейбіт ел жиі шабылған бұлғақта қазақты қан қақсатқан тайпаның бірі. Ал мынау этнотопонимнен көрініп тұрғандай, жер атауы таза қазақ тілінде. Осының бәрі кейінгілерді ойландырары сөзсіз. Сүткөл деген атауда тұнып тұрған өлең бар. Сүт тағамдары – сүттен таза, судан ақ уыздай дүниені сүйетін малқор қазақтың ұлттық асы.
«Арғын тайпасының таңбасы «көз таңба» немесе «күн таңба» деп аталады. Севан көлінің байырғы атауы – Көкше (Гокча)».
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1. 1929 жылдың өзінде Қазақстанда қаншадан дан астам халық наразылығы,толқулары,бой көтерулері болды?
2. Қай жылдың 7 ақпанында ашынған халық Тама руының көрнекті азаматы сұлтанбек Шолақұлы бастаған шаруалар көтерілісі бұрық ете қалды?
IV. Қорытындылау