Мұғалім туралы мәлімет Аты-жөні: Мамадярова Мухаббат Турсумбаевна



бет18/45
Дата27.09.2022
өлшемі213,4 Kb.
#40491
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1.​ ағылшын зерттеушісі Пол Томсон ауызша тарихтың маңызы жөнінде былай дейді?
2. . ХХ ғасырдың басында Қазақстан тарихының очерктері мен оқулықтарын жазған кәсіби тарихшылар?
IV. Қорытындылау
14 - сабақ


Сабақтың тақырыбы: Қазақ эпостары – тарихи дерек ретінде.
Сабақтың мақсаты: Оқушылар қазақ эпостары – тарихи дерек туралы түсінік алады.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі
ә) Жаңа сабақ
Әр халықтың батырлық жыры ең алдымен сол халықтың басынан кешірген сан қилы тарихи оқиғалармен тікелей байланысты. Бұлардың барлығы да ел тарихына, жер тарихына, ғасырлар бойы қазақ даласында қоныс тепкендердің рухани дүниесіне үңіліп, елінің, жерінің тарихынан хабардар болғысы келетіндер үшін ой саларлық жырлар.
Эпостық жырлардан біз қазақ халқының тағдыр - талайын, тарихи және көркем ойлау ерекшеліктерін, сонымен қатар рухани - интеллектуалдық деңгейін де байқаймыз. 
Эпос-мәдени құбылыс. Бірақ оның арқауында нақты бір ру, тайпалардың этникалық тарихы жатады. Осы белгісі мәдениеттің де белгілі дәрежеде этникалық қызмет атқаратынын байқатады.
Осындай шығармалар қатарына қазақ халқының ертеден келе жатқан мұралары Қара Қыпшақ Қобыланды батыр, Алпамыс батыр, Ер Тарғын, Едіге, Қамбар батыр «Ер Көкше», «Ер Қосай», «Ер Сайын»жырларын жатқызамыз. Бірнеше жырдан тұратын «Қырымның қырық батыры» деген үлкен көлемді эпопеяның өзі-ақ қазақ халқының қаһармандық жырға қаншалықты мән бергенін көрсетеді.
Қазақ эпосының тарихилығын сөз еткенде, бір ғана ру, тайпа, халық шеңберінде қалмай, сюжеттерді бүкіл Орта Азия, Алтай, тіпті ШІығыс әлемі деңгейінде салыстыра зерттеу керек. Ертедегі космологиялық нанымдар, әлеуметтік құрылыс көп елдердің басынан өткен болса, эпосты от басы, ошақ қасында зерттеу пайдасыз. Жадағай әдеби мінездеме - сыңаржақ методология.
Қазақ эпостарының қай-қайсысын алсақ та, қьпшақ, ноғайлы қазақтары қызылбастарға, қалмақтарға қарсы күреседі. Бұл жырлардың көпшілігінде ноғайлының жерін қалмақтың жаулап алмақшы болуына байланысты үлкен оқиғалар көрініс тапқан.
Рухани ескерткіш «Қырымның қырық батыры» жырының мәтінімен танысқан кез-келген оқырман пікірімізге келісер еді. «Жыр» мәтіндері бастан-аяқ өзінің «Ноғайлы» деген елдің бір кездегі тарихына, өткеніне арнап шығарылғанын аңғартып тұрады. Эпос айтуышының алдына қойған басты мақсаты «Ноғайлының тұтас тарихын» оның кейінгі ұрпақтарының тарихи жадынан шығармау, ұмыттырмау екені сезілетін.
Шындығында, осынау сауал ХҮІІІ – ХІХ ғасырларда туып, ХХ ғасырдың басында жаңғырған болатын. Әсіресе «Ноғайлы жырларының» ел арасынан жазылып алынған түрлі нұсқалары ғылымда белгілі болғаннан-ақ жырлардың «иесі» (Кавказ, Қырымдағы ноғай әлде қазақ) даулы болды.
Ал, «Қобыланды батыр» жырындағы оқиғалар қыпшақтар мен қызылбастар, қалмақтар арасында болды. Келтірілген эпостағы жер аттары, қыпшақ елі, бәрі де тарихи деректер. Демек, бұл жағынан жыр мен тарих арасында еш қайшылық жоқ. Бұл жырда аталған кез, ондағы оқиғалар шындыққа сәйкес келеді.
Олай деуімізге бірнеше дәлел келтірейік: «Қобыланды батыр» жырының Марабай, Мергенбай, Біржан, Досжан жырлаған нұсқалары қыпшақтар мен қызылбастардың арасында көп заманға созылған қарым-қатынастарды, алыс-тартыстарды көрсетеді. Қыпшақтардың Қобыланды бастаған батырларының шетелдік жау қызылбастарға қарсы жүргізген ерлік күресі суреттеледі. Сонда қыпшақ еліне бірінші болып ұрынатын қызылбастың Қазан ханы болады. Мысалы, жырдың Мергенбай айтуындағы нұсқасында: 
«Қызылбасты елінен,
Қазан деген ер шықты. 
 Жан білмеген жер шықты.
Ноғайлының көп елін,
Ол жайпап, шауып жаншыпты. 
Бағынбаған адамын 
Қырып-жойып таусыпты...»  - делінеді.
Бұл келтірілген үзіндіде аталған Қазан қызылбастардың ханы Қазан болуы мүмкін. Жырдағы Қазан ұрыншақ, көрші елдерге шабуыл жасап, оларды өзіне бағындырып алу үшін күреседі. Оның бұл әрекеттері көрші елдердің жерін, малын олжалап алуы және олардың «бағынбаған» адамын қырып-жойып жіберуін тарихи факті деуге болады. Бұған қарап жырдағы Қазан қызылбастарының жаулық әрекетін көрсетуге болады.
«Қобыланды батыр» жырына арналған сын мақаласында Ә. Бөкейханов оны Тоқтамыстың тоғыз батырының бірі ретінде атап, XIV ғасырда өмір сүрген деп мөлшерлеген. Эпостық жырдың арқауында ежелгі ру - тайпалар тарихы жатады деген ойды М. Әуезов еңбектерінен де аңғарамыз. Эпос ноғайлы, қыпшақ, қырғыздар бір ел болып жүрген кездері туған деген ғалым халықтық топонимияға сүйеніп, Қобыландыны тарихта болған адам деп біледі. Жалпы қазақ эпосындағы батырлар тұлғасына келгенде М.Әуезов олардың бәрі «Ертеде туғандары да, кейінірек шығарылғандары да - анық тарихи оқиғаларға негізделген ал басты -басты кейіпкерлері тарихта болған адамдар».  
Қазақ халқының эпикалық шығармаларының ішіндегі жақсы үлгілерінің бірі келесі жыр - ^ Алпамыс туралы жыр қазақ, өзбек, қарақалпақ, татар, башқұрт, алтай халықтарында бар.
«Алпамыс» жырының қазақша нұсқаларында ХҮІ-ХҮШ ғасырлардағы азаттық идеясы - қалмақ хандарымен күресу, олардың шабуылынан қорғану идеясы пайда болады. XVIII ғасырда, эсіресе ХІХ-ХХ ғасырларда жыр бірқатар жаңа идеялармен толыға түседі. Бүл кезеңде шыққан жырды ру басының өз жерлестеріне, туған халқына зорлық-зомбылық жасауына, олардың бейбіт елді жаулап алуына қарсылық күшейе түседі. Сондықтан да «Алпамыс» жырында Қоңырат руының билігін қолына алған Ұлтан мен Алпамыс арасындағы тартыс тақырыбы терең суреттеледі. Бұл дәуірде ислам дінінің халық санасына ықпалын тигізу нәтижесінде «Алпамыс» жырында діншілдік идеялар көріне бастайды.
Ал, Қамбар ноғайлы жұртын қорғайды. Қалмақ ханының әскерімен соғысып, оларды жеңеді. Жырда жағымды образдардан: Қамбар, Назым, Алшыораз, жағымсыз кеіпкерлердің калмақтың ханы Мақтым жырланады.
Басқа жырларға қарағанда, «Ер Тарғын» жырының нұсқалары көп емес. Ел аузында айтылып жүрген «Тарғын» жырының оқиғасы жағынан ең толығы да, мазмұны, көркемдігі жағынан ең құндысы да Н.И.Ильминский бастырған нұсқа.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет