ІІІ. Жаңа сабақты бекіту. 1. Қазақта шежірешілік өнердің жоғары бағаланғандығын еліміздің тарихын зерттеуге үлес қосқан кім?
IV. Қорытындылау 13 - сабақ
Сабақтың тақырыбы: Ұлт тарихын зерттеу ауызша тарихи деректерін пайдалану: методологиялық мәселелер.
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының дәстүрлі тарихи жады оның шежірелері мен ауыз әдебиетіндегі ақын-жыраулардың толғауларында, киелі аңыздары мен діни дастандарында туралы мәлімет алады;
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі ә) Жаңа сабақ Қазақ халқының дәстүрлі тарихи жады оның шежірелері мен ауыз әдебиетіндегі ақын-жыраулардың толғауларында, киелі аңыздары мен діни дастандарында сақталып бүгінгі күнге жетті. Этнограф-ғалым Ақселеу Сейдімбек: «Қазақтың шежірешілдігін, дәлірек айтсақ, қазақтың тарихшылдығын ұлттық қасиет деуге болады. Бұл, әрине, ерекше жаралғандықтан немесе артта қалғандықтан емес. Қазақ халқының шежірешілдігін, тарихи санасының сергектігімен, ең алдымен, оның ұзақ ғасырлар аясында көшпелі өмір салты болуымен салыстырған жөн» – деп жазады. XX ғасырдың 20-жылдарына дейін көшпелі өмір салтына бағынған қазақ халқы, халықтың тарихи жады міндетін атқарған шежірелер мен аңыздарды, батырлық жырлар мен діни дастандарды көзінің қарашығындай сақтады. Онда өзгелер сезіне бермейтін халықтың рухани әлемі жинақталды. Ол турасында Шоқан Уәлиханов: «Қазақ өзінің көне аңыздары мен сенім-нанымдарын қайран қаларлықтай тазалықта сақтай білген. Одан да өткен ғажабы сол, байтақ даланың әр шалғайындағы, әсіресе, өлең-жырлар еш өзгеріссіз, бір қолдан шыққандай қайталанатынын қайтерсіз. Көшпелі, сауатсыз ордадағы ауызша тараған үлгілердің бір-бірінен қылдай ауытқымайтыны адам айтса нанғысыз қасиет, алайда күмән келтіруге болмайтын шындық» десе, ағылшын зерттеушісі Пол Томсон ауызша тарихтың маңызы жөнінде былай дейді: «Ауызша тарих түбегейлі өзгерістердің құралы болмауы мүмкін, алайда бәрі оның қолданылуына байланысты. Соған қарамастан, ауызша тарих тарихтың мәні мен маңызын, сонымен бірге мақсатын да өзгертуі мүмкін» – деп жазады. Қазақ қоғамында кеңестік билік орнағанға дейін ауызша тарих айту дәстүрі білімдік мәнге ие болып, өткен дәуір кезеңдерінен мәлімет беретін топонимикалық, этноәлеуметтік және танымдық (көрнекті тұлғалар мен маңызды оқиғалар туралы) дерек көзі міндетін атқарды. Оның жазба деректерден өзгешелігі сонда – күнделікті өмірдегі болған істі көзімен көрген адамдардың баяндауы.
«Даланың ауызша тарихы» ұғымы бірінші рет Өтеміс қажының еңбегінде кездеседі, ал оның дәстүрлік келбеті – Рашид-ад дин, Мұхамед Хайдар Дулати, Әбілғазы Баһадүр-хан, Қадырғали Жалайыр, Құрбанғали Халид, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Мәжһүр-Жүсіп Көпейұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Әлкей Марғұлан және басқа да түркі-қазақ ғұламалары еңбектерінде жан-жақты көрінген. ХХ ғасырдың басында Қазақстан тарихының очерктері мен оқулықтарын жазған кәсіби тарихшылар – А. Чулошников, А. Рязанов, Б. Герасимов, С. Асфендияров, М. Тынышбаев, Х. Досмұханбетов, Қ. Кемеңгеров, Т. Шонанов және өткен ғасыр ортасында тарих ғылымында өшпес із қалдырған Е. Бекмаханов ауызша тарих деректерін өз зерттеулерінде кеңінен пайдаланды. Е. Бекмаханов «Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында» деп аталатын монографиясында М.Ж. Көпеев, Ә. Диваев және басқалардан жазып алған халық мақал-мәтелдерін және фольклорды маңызды дерек көзі ретінде кеңінен қолданып қана қоймай, ғылыми тұрғыдан деректанулық талдау жасады. Қазақ халқының рухани мәдениетін ғылыми тұрғыдан терең әрі кең ауқымда зерттеген ғалым – Әлкей Марғұлан даланың ауызша тарих айту үлгісін жинастырып, оларды кезеңдерге бөліп көрсетті . Қазақ ғалымдарының 1948 жылы қазақ фольклорының тарихына арналған алғашқы үлкен еңбегі қолжазба күйінде сынға ұшырады. Кітап «зиянды» деп танылып, ғылыми айналымнан алынды. Кеңестік тоталитарлық жүйенің саяси қысымының үдей түсуі салдарынан ХХ ғасырдың 50-ші жылдарының аяғы мен 70 жылдардың басында кеңестік методологияға сәйкес келетін зерттеулерге баса назар аударылып, ұлттық тарихи білімнің даму ерекшеліктерін, қазақ халқының ауызша тарих айту дәстүрін ден қоя зерттеуге мүмкіндік болмады.