Мұғалім туралы мәлімет Аты-жөні: Мамадярова Мухаббат Турсумбаевна



бет14/45
Дата27.09.2022
өлшемі213,4 Kb.
#40491
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45
Байланысты:
Х.Әлімжан атындағы №12 Ең үздік әдістемелік басылымдар Тарих

10 - сабақ
Сабақтың тақырыбы: Ақселеу және тарих ақауы
Сабақтың мақсаты: Оқушылар Ақселеу және тарих ақауы туралы оқушыларға толықтай мағлұмат алады;
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі
ә) Жаңа сабақ
Шежіре – тек пен зерде
Мөңке Би Тілеуұлы (1675-1756):
Алыстағы дұшпанның
Жағаға қолы жетпеске,
Артында туысқанның көбі игі.
Екіталай іс болып,
Еңсеңе дұшпан табан қойғанда,
Өзіңменен бірігіп,
Қыр басына шықпаған,
Ағайынның күнінде,
Барынан да жоғы игі.
Шежіре сыры, елдің былайғы күйі осы жолдарда анық.
Пусть чем угодно разразиться.
Я хочу узнать свой род – пусть он ничтожен!
Таков мой род – и мне не быть иным.
Я должен знать свое происхождение.
(Софокл. «Эдип-царь». Аударма: С.Шер­вин­ский ).
Бұл – жүрегі бір сұмдықты сезген Эдип пат­шаның жан дауысы. Сонда ана­­сы әрі жа­ры­ Иокаста, ол-дағы удай­ жаз­мыш­тан­ құ­­тыл­­ма­­ға­нын ұғып: «Несчастный! О, не узнавай, кто ты!»­ деп құсамен жауап береді. Эдип жан төзгісіз қайғылы азаптан өзін-өзі соқыр қылып жазалау арқылы, ұзамай жеткен өлім арқылы арылады. Жаза оны ластан тазартардай қабылдайды.
Шежіре түркі халықтарының бәрін­де­­ бар. Қарақалпақ ақыны Бердақ Қарғабайұлы:
Көриңлер халықтың шежиресін,
Есит шежиренің мәнисин,
Бәршенің ата-бабасын,
Айтып баян қылған екен:
Әнес, Мәлик екки киси,
Пайғамбардың сахабасы,
Әнес – қазақтың бабасы,
Шундын «алаш» болған екен.
Мәликтің ұғлы – Разыхақ,
Яшлығында қойды ғұлпақ,
киген екен қара қалпақ,
Шундын «қалпақ» болған екен.
Сахра халқы көшип гезбек,
Кәнтли жерден уатан дүзбек,
Қалпақтың ұғлыдүр өзбек,
Өзбек жекке болған екен.
1827 жылы туған Бердақ Абайдан 22 жас­қа­ үлкен. Мына өлең жолда­рын­да Бердақ қазақ, қарақалпақ, өз­бек­ – үш халықтың шық­қан тегі бір­ екенін әйгілеп тұр. Түбін қаз­са,­ «Өзбек – өз ағам» деген сөз рас.­ Қа­­зақ­­қа­ башқұрт пен ноғайдың бас­қа­лардан ғө­рі­ жақындығы тағы аян. Ешбір дәлел, ай­ғақ­сыз, әншейін осы екі халықтың қалың ор­та­сы­на­ тап болсаңыз, қазақтан еш айырма көр­мей­­сіз.
Владычь в Сейильхане, баба Эрсары!
Ты славен могуществом с древней поры,
Деяния твои справедливы, мудры:
За бедных вставал ты стеною, быва­ло.
Бұл – Сеиди, түркмен классик ақыны, ата-баба аруағын асыра сөйлеу кең даланың ұлдарына етене тән мінез. Өзінің ерсары ру­ы­нан шыққанын ақын мақтан қылып, жыр­ға­ қосады.
Все теке, салыры, эрсары придут,
Будут все сарыки – весь туркменский люд.
Все, кого туркменским людом ни зовут,
Все верхом прискачут, все придут, наверно.
(Орысшаға аударған С.Иванов).
Сеидидің бұл жырында түркменнің сөй­­лер­ тілі – Мақтымқұлының руы көклен аталмағанмен, үш-төрт ру бар. Қазақ – ру ат­та­рын­ сүйіп айтатын халық, сол дәстүрге түр­к­мен­дер де берік. Ев­ра­зия­лық жад.
Қазақ ру тайпаларының атаулары кө­бі­не­се таңба немесе адам өңіндегі нышан ат­ау­ларынан шығады: шапырашты, қаңлы, шанышқылы, сіргелі, ошақты, ысты, ойық, тілік, үштаңбалы, тутаңбалы, қайшылы, қан­жығалы, то­­бық­ты,­ жоғары шекті, тө­мен­ шекті,­­ ба­ға­налы, балталы, ергенекті, те­­ріс­­­таң­­ба­­­­лы,­ көлденең, қарақас, ше­ру­­­ші,­­ ши­­мойын, ашамайлы керей, та­рақ­ты, шекті, байбақты, оңтаңбалы табын, теріс таңбалы табын, қа­ра­қой­лы, жағалбайлы. Жер атаулары да осы­лайша қойылады: Жыланды, Бұғылы, Құланды, Бұланды, Теректі, Қайыңды, Ши­елі,­ Бақалы, Алмалы, Текелі, Құлынды болып көк­тегі ты­р­на­­лар­дай тізіліп кете береді.
Шежіре – тектану. Ал философияда «Өз­ің­ді өзің таны» – өмірдің мәніне жақын ұғым. Шыққан тектің ұрпақтың өмір сүру салтына әрі тағдырына үс­тем­дігі зор. Қазақтың «Жақ­сы­дан жа­ман туса да, Жаманнан жақсы ту­са­ да, ­Тартпай кетпес негізге» деуі соны те­­рең­ білгендіктен.
Ақселеу аға қазақ жаппай тектен жа­­ңы­ла­ды-ау деген сұмдық сүрей ой­дан сананы арашалайды. Оның тек­ туралы танымдық кітабына тіпті оқымай-ақ бір көзі түскен исі қазақ баласы қазығын айналған атқа ұқсап, намысы оянып, дүр сілкініп шыға келері ан­ық.­ Ол енді қазақтығынан айнымайтын өре­лі, саналы азаматқа айналады.
Сондықтан бұл кітап – таңғажайып бағ­бан­ның кәусарлы бағынан аумай­ды.­
Шалкиіз жыраудың бұл өлеңі қаз­ақ­тың ұлттық санасында берік қалыптасқан аксиома: «Ағайынды жігіттің кереқарыс жалы бар, жалғыз басты жігіттің шығар-шықпас жаны бар» дегенінен алшақ түспейді. Ал Әбубәкір Диваев жинаған қазақ мақал-мә­те­лі­нде: «Үйі жыртықты тамшы жейді, / Ағ­ай­ыны аз қамшы жейді», «Жалғыздың үні шықпас, / Жаяудың шаңы шықпас». Тағы сол Диваевта: «Көшкен жұрттың қадірі қон­ған­да өтер».
Бұдан қазақ шежіресінің фоль­клор­лық­ жанр, асыл мұра екенін әбден ұғу­ға болады.
«Төс айылдың батқанын иесі біл­мес,­ ат білер, / Ағайынның қадірін жа­қы­ны білмес, жат білер».
Доспамбет жырау:
Жағдайсыз, жаман қалып барамын
Жанымда бір туғанның жоғынан!…
Ақтанберді жыраудың неліктен «Құлым бір ұлдай киінсе» деп­ адам­шылықты дә­ріп­те­ге­ні жал­ғыз­дық­ты­ кемістік көргенінен анық сезіледі:
Жағама қолдың тигенін,
Жалғыздық, сенен көремін.
Жамаулы киім кигенім,
Жарлылық, сенен көремін.
Атадан тудым жалқы боп,
Жақыннан көрдім талқы көп.
Ал Ақселеу Сейдімбектің бабасы та­рақ­ты­ Бай­ғо­зы батырдың мәліметі керей Қо­жа­бер­ген­ жырауда бар:
Тарақты ер Байғозы қолдың басы,
Жиырманың алтауына келген жасы.
Бұл-дағы кіші жүзге күйеу екен,
Ерлігін көрді елдің кәрі-жасы.
Байғозы қолма-қолда екен күшті,
Ер болып, жеке шығып, көзге түсті.
Атысқа ғадеттенген қалмақтардың,
Бетпе-бет кездескенде зәресі ұшты.
Шежірелік деректер арқылы тұ­тас­ бір­ рудың атына айналған ата­лар­дың­ тарихын білеміз. Оны қара өлең соңына, ұрпақтап жадына ұмы­тыл­мас­тай­ қалдырып отырды.
Адамқожа ер жетіп,
Өзі жөнін білгесін,
Ат жалын тартып мінгесін,
Әлім менен Шөменге
Бір себептен өкпелеп,
Басқа салды іргесін.
Сонысына халық ат қойған,
Осы жұртқа «Кете» деп.
Рулы ел – ұялы терек болса, оның бұ­тақ­та­ры­ тарамданып, ұшқан құсша қанатын кең­ жайып өспей ме! Сыр сүлейі Нұртуған Кен­же­ғұлұлы кіші жүзде Қаракесектен тарайтын кете руы осылай аталу себебін түсіндіреді. Ал Ақселеу Сейдімбек «Қазақтың ауызша та­ри­хында» қаракесек атасының орта жүз ар­ғында да, кіші жүз әлімде де бар екенін жазады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет