Мұғалім туралы мәлімет Аты-жөні: Мамадярова Мухаббат Турсумбаевна



бет39/45
Дата27.09.2022
өлшемі213,4 Kb.
#40491
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45
Байланысты:
Х.Әлімжан атындағы №12 Ең үздік әдістемелік басылымдар Тарих

Аукциорхин- (бәсеке,сауда) лат. тіл.,-көпшілік алдында кім бағасын асырса, артық төлем ұсынса, бұйым және т.б зат соған сатылатын бәсекелес жария сауда. 
Баж-өңделетін жерге салынатын салық. 
Байкот-мемлекеттермен, ұйыммен немесе жеке адаммен қатынас байланысын үзу. 
Балбал- бабалар құрметіне қабір басына қойылатын мүсін тас. 
Басқақ- монғол хандарының жаулап алынған елдерден алым-салық жинауға және халық санағын жүргізуге тағайындаған адамы. 
Билік- 1)Сый ретінде билерге берілетін дүние-мүліктің мешіт пайдасына берілетін салық.2)Қазақ халқының дәстүрлі санасында «ел басқару», «өкім ету» сөздерімен мәндес ұғымды білдіреді. 
Болашақ-бүгінгі шындықтың келешектегі қалпымен жайын білдіру үшін қолданылатын ұғым. 
Білім-адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректерімен пайымдауларының т/б жиынтығы. 
Блок-жалпы мақсатқа жету үшін саяси партияның немесе мемлекеттердің бірлесіп жұмыс істеуі жөніндегі келісім. 
Б.Ұ.Ұ- 1945ж 25 сәуірде-26 маусымда Сан-Францискода өткен конференцияда құрылды.мақсаты:халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау, қарым-қатынасты дамыту.Экономикалық мәселелерді шешуде халықаралық бірлестікте іске асыру. 
Генерал-губернаторлық- бірнеше облыстардан құралған Ресейдің әкәмшілік- территориялық бірлігі. 
Геноцид-халықтардың, кейбір топтардың нәсілдік, ұлттық, діни ерекшкліктерін жою, оларды біржола не жартылай кұрту үшін әдейі жағдайлар жасау әрекеттері. 
Декларация-(лат.deklaratio) үкіметтің,саяси партияның, халықаралық ұйымның атынан, сонымен қатар бір немесе бірнеше мемлекеттердің халықаралық саясат мәселелері бойынша жарияланатын саяси ресми мәлімдеме, құжат. 
Демократия-(грек demos-халық және kratos-билік) қоғамды, мемлекеттік билікті саяси және әлеуметтік ұйымдастырудың негізгі тиімдерінің бірі. 
Демократиялық мемлекет- демократиялық принциптерге негізделген мемлекеттің тұрпаты,демократиялық саяси жүйенің ұйытқысы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет