Мұғалімдер үшін марапаттың ең кереметі Ы



Pdf көрінісі
бет9/12
Дата08.01.2017
өлшемі2,85 Mb.
#1464
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

End of the Lesson 

Winner 

The group with the best all round project wins the prize!!! 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кәсіптік білім беру  



 

«Ұстаз» №1 (66) 2015 

 

66 



 

 

КӘСІБИ МЕКТЕПТІҢ  КУРС ОҚУШЫЛАРЫН ОҚЫТУ 

ӘДІСТЕМЕСІНДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕР 

 

К.А. Байдалиев,  



Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан  

аграрлық-техникалық университеті, 

доцент, 

 п.ғ.к 

 

Кәсіптік-техникалық  мектептердің  педагогикалық  процесінде  қолданатын  оқыту  формалары 



мен әдіс-тәсілдері басқа деңгейде мамандарды дайындайтын (ЖОО оқу орны, кәсіби арнайы орта) 

кәсіби  білім  беретін  оқу  орындарына  қарағанда  әлдеқайда  ерекше  орын  алады.  Оның  себебі, 

бастауыш  кәсіптік  білім  беру  оқу  орнында  оқушының  кәсіби-техникалық  іскерлігі  мен  дағдысын 

қалыптастыра  дамыту,  оның  оқу-тәрбие  үрдісінің  басты  міндеті  болып  табылады.  Оқушылар 

ӛндірістік оқыту формасында кәсіби-техникалық және технологиялық іскерлік қасиеттерін меңгеру 

үшін  техникалық  және  арнайы  пәндерде  еңбек  процесінің  жеке  приемдарын,  әрекеттерін  және 

операцияларын  машықтану  деңгейіне  дейін  жеткізгенше  әр  түрлі  практикалық,  жаттығу  және 

имитация түрінде тапсырмалар орындап іскерлік қасиеттерін шыңдайды.  

Жұмыстың  тақырыбында  тӛменгі  және  жоғары  курс  оқушыларына  кәсіби  білім  мен 

тәжірибелік іскерліктерін  қалыптастырудағы  әдістемелік  ерекшеліктерін  анықтай  отырып,  аталған 

курстарда  оқытудың  инновациялық  технологиялары  мен  дәстүрлі  оқыту  әдістемесін  жеке  немесе 

бір-бірімен  сабақтастықта  ұштастыра  жасауды  нақты  құрылыс  пәндерінің  білім  беру  мазмұны 

аясында жобалауды кӛздемекпіз.  

 Біздің  зерттеуімізде  теориялық  және  ӛндірістік  оқу  пәндерінің  әдістемесін  таңдадық.  Олар 

жалпы құрылыс ӛндірістік технология пәні мен ӛндірістік оқыту пәндері болып табылды. 

Жалпы құрылыс ӛндірістік оқыту пәнін бірінші курста оқыту сабағының мазмұны теориялық 

түрде  ұйымдастырылады.  Сабақтың  бастапқы  кезеңінде  оқытушы  жаңа  тақырыптың  мазмұнын 

баяндап, кӛрнекіліктер арқылы оқу материалын оқушыларға әңгімелеп түсіндіреді. Оқу материалын 

әңгімелеп  түсіндіруде,  оқытушы  кейбір  оқу  материалдары  бойынша  түсініктерін  анықтауға 

сұрақтар  қойып  сұхбаттық  әдісті  сәтті  қолдануға  ұмтылады.  Сабақтың  аяғында  оқытушы 

оқушылардың білімін бекіту үшін дайындаған сұрақтарын баяндап жауап алады. Оқытушы сабаққа 

белсенді  қатысқан,  ӛткен  тақырып  бойынша  дұрыс  жауап  берген  оқушыларды  бағалап  үйге 

тапсырма беріледі. 

Аталған  оқу  пәнінде  тӛменгі  курсқа  сабақ  берудің  оқыту  формасы  дәріс  түрінде 

ұйымдастырылса,  онда  қолданатын  оқыту  әдістері  дәстүрлі  түрде  сақталған:  әңгіме,  түсіндіру, 

сұхбат немесе пікірталас, кӛрнекілік, білімді тексеру мен бағалау. Оқыту құралдарына кӛп жағдайда 

жұмыс дәптері, презентацияланған слайдтар, видеофильмдер ғана қолданылады. 

Сабақтың барысында шебер кӛрнекіліктер, тас қалаудың ептіліктері мен  тәсілдерін кӛрсетті, 

кейбір  оқушылардан  түсініктері  мен  іскерліктерін  айқындап  та  отырды.  Жеткіліксіз  білімдерін 

толықтырып  кеңес  берді.  Оқушылардың  оқу-танымдық  белсенділіктері  жақсы,  орнықты,  бірақ, 

кейбір  оқушылар  толық  назар  аудармай  отыруы  да  байқалды.  Шебер  жаңа  тақырыптың  мазмұны 

мен  практикалық  жұмысты  орындау  тапсырмаларын  баяндап  түсіндіргеннен  кейін,  оқушыларды 

жеке топтарға бӛліп, арасынан бір жетекшісін тағайындап, шеберханадағы басталған кірпіш қалау 

алаңдарына жібереді. 

Оқушылар  практикалық  жұмыста  жеке  топ  болып  бӛлінген  оқушылар  жұмыс  участоктерін 

ӛзара  бӛлісіп,  қажетті  еңбек  түрлерін  бастап  кетті.  Жұмыстың  барысында  шебер  топ 

оқушыларының  жұмыстарын  бақылап,  жұмыс  орнын  ұйымдастыру,  жоспарлау,  техника 

қауіпсіздігін  сақтау,  қажетті  құралдар  мен  материалдарды  дұрыс  таңдау,  жұмысты  орындаудың 

технологиялық  процесін  дұрыс  жоспарлау  және  материалдармен  жұмыс  сияқты  әрекеттерін 

бақылап, нұсқау, кеңестер беріп, жұмыстарын түзетумен шұғылданды. 

Жоғары  курс  оқушыларының  ӛндірістік  оқыту  сабағының  әдістемесінде  тӛменгі  курс 

оқушыларының ӛндірістік оқыту сабағы мазмұнында жүрді. Ӛндірістік оқыту сабағының тақырыбы 



«Ұстаз» №1 (66) 2015 

 

67 



 

керамикалық  және  ұсақ  блоктардан  қалау  жұмыстарының  технологиясы  бойынша  ӛтті.  Сабақ 

тақырыбы бойынша оқушылардың іскерлік және дағды қасиеттерін қалыптастыруды ұйымдастыру, 

сабақтың  жаңа  оқу  материалын  баяндап  түсіндіру,  практикалық  жұмыстарды  ұйымдастырып 

жүргізу,  бақылау,  нұсқау,  қорытындылау  жоғарыдағы  тӛменгі  курстардың  оқыту  мазмұнымен 

бірдей орындалғанын анықтадық. 

Олай  болса,  жалпы  құрылыс  ӛндірістік  технологиясы  және  ӛндірістік  оқыту  пән 

сабақтарының  оқыту  мазмұнындағы  сабақтың  формалары,  әдіс-тәсілдері  және  оқыту  құралдары 

тӛменгі және жоғары курс оқушыларының кәсіби білімін қалыптастыруында типті, яғни, бір-біріне 

ұқсас  ұйымдастырылып  сабақ  жүргізілетіні  айқындалды.  Тӛменгі  курс  пен  жоғары  курс 

оқушыларында  сабақты  ұйымдастыруда  қолданылатын  оқытудың  формалары,  әдіс-тәсілдері  және 

құралдары  сараланбайды,  оқушылардың  жас  психологиялық,  әлеуметтік,  оқу-танымдық 

ерекшеліктері толық ескерілмейтіні байқалды. Ерекшеліктің бір белгісі оқу материалының мазмұны 

мен  кӛлемі,  оқушыларға  берілетін  оқу  тапсырмаларында  және  оқу  жұмыстарын  бағалауда  болды. 

Тӛменгі курстардың оқу жұмыстары жаттығу түрінде болса, жоғары курс оқушыларына комплексті 

жұмыстар орындап тапсыруы. 

Кәсіби  білім  беру  саласында  оқушыларға  кәсіпті  баулу  үшін  психологиялық,  педагогикалық 

теорияларға  негізделе  тӛменгі  және  жоғары  курс  оқушыларына  кәсіби  білім  беру  оқу  пәндерінің 

оқыту әдістемесін құруды қарастырамыз. 

Тӛменгі курс оқушылары оқитын теориялық пән сабақтарында, соның ішінде, жалпы құрылыс 

ӛндірістік технология  сабағын аралас сабақ түрінде, зертханалық сабақ, проблемалық дәріс, кіріспе 

дәріс, видео дәріс, саяхат формаларында оқуды ұйымдастыру орынды. Алғашқы сабақтарда кіріспе 

сабақтары  мен  саяхат  сабақтарын  кеңінен  оқытушы  тәжірибесінде  қолданып,  кейінгі  сабақтарда 

видео  дәріс,  проблемалық  дәріс,  зертханалық  жұмыс  түрінде  ұйымдастыру  абзал.  Бірінші 

сабақтарда ұйымдастырылатын оқытудың формасы алғаш кәсіптік мектепке мамандық алуға келген 

тӛменгі курс оқушылары таңдаған мамандық туралы жалпы ақпарат алып, кәсіби мотивациясы мен 

қызығушылығын  арттыруға,  мамандықтың  мәнін  түсінуге,  құрылыс  саласының  ерекшеліктері 

бойынша  теориялық  білім  алуға  бағыттаса,  осы  қасиеттерін  дамытуға  екінші  топтағы  сабақтың 

формалары ынталандырады. Яғни, видео дәрістер арқылы құрылыс нысандарын демонстрациялау, 

ондағы  жұмыс  түрлерін,  құрылыс  еңбек  түрінің  ерекшеліктері,  мамандардың  кәсіби  еңбек 

мазмұндары  сияқты  материалдарды  басым  қарастыру.  Тӛменгі  курстың  соңғы  сабақтарында 

зертханалық  сабақтар  мен  проблемалық  дәрістер  басым  жүргізілуі  тиіс.  Ӛйткені,  оқушылар  оқу 

жылының  ортасы  мен  аяғында  мамандықтың  оқу  процесіне  біршама  икемделіп  бейімделеді.  Оқу 

процесінің  және  оның  тәртібі,  нормалары  сияқты  тәжірибелері  жинақталып  алғашқы  кәсіби  оқу 

мәдениеті  қалыптаса  бастайды.  Осы  кезде  оқушылар  ӛзбетімен  кәсіби  оқу-танымдық  іс-

әрекеттермен  шұғылдануға  оқу  тапсырмаларын,  оқу  материалдарын  қабылдауы  мен  меңгеруін 

қиындық,  проблема  жағдайында  ситуацияларды  шешуге  бағытталады.  Сол  проблемалық 

ситуациялар  мен  тапсырмалар  проблемалық  дәріс  сабағы  және  зертханалық  сабақтарды  орын 

алады.  Бұл  сипаттағы  сабақтың  формасы  тӛменгі  курстардың  жоғары  курсқа  кӛшу,  сол  курстағы 

оқитын  оқу  пәндерінің  оқу  материалын  қолжетімді,  ӛзбетімен,  дербес  меңгерудің  алғы  шарты 

болады. 

Теориялық  оқыту  сабағында  оқушылардың  теориялық  білімді  монологты  түрде  емес,  іс-

әрекеттік жағдайда ұйымдастырылуы кӛзделеді[4]. Оқу материалын оқушылар ӛзбетімен меңгеруге, 

оқушылардың  ұжымдық  және  топтық,  жұптық  формада  пікір  алыса,  пікір  талас  әдістерін 

тәжірибеде  қолдану  орын  алады.  Бұл  оқытудың  әдіс-тәсілдері  оқушының  жұмысын  ӛзбетімен 

ұйымдастыру, жоспарлау, тәрбиелеу, ӛзін-ӛзі бағалау, талдау, оқу тапсырмаларын орындау дәстүрлі 

түрде емес, ӛзінің ойы бойынша теориялық білім негізінде тапсырмалардың мазмұнын түрлендіру, 

жаңа 


оқу 

материалын 

алуға 

ұмтылатын 



күшті 

мотивацияларды 

қалыптастыруға 

бағытталады[3]Жоғары  курс  оқушыларына  жалпы  құрылыс  ӛндірістік  технология  пәні  бойынша 

теориялық  білімдерін  қалыптастыруды  ұйымдастыру  сабақ  формасында  жүреді,  бірақ,  ол  сабақты 

ұйымдастыру формаларын біршама жетілдіруге бағытталуы қажет. Пән сабағының оқу материалын 

меңгеру педагог немесе оқытушы тарапынан интерактивті, проблемалық және ізденіс бағытындағы 

оқытуды ұйымдастырудың формаларын ұсынуы орын алса, жоғары курс оқушыларының тарапынан 

ӛзбетімен  тақырып  бойынша  ӛзбетіндік  жұмыстар,  практикалық  жұмыстар,  ізденіс,  жоба, 

шығармашылық  жұмыстар  орындалуға  бағытталады.  Оқытушы  ӛткен  тақырыптар  немесе  сабақта 



«Ұстаз» №1 (66) 2015 

 

68 



 

ӛтетін  тақырыптар,  оқу  бағдарламасынан  тыс  тақырыптарға  реферат,  баяндама,  эссе,  жоба, 

шығармашылық жұмыстарды дайындап, сол тақырыптарда пән сабағында талқылап бағдарламаның 

тақырыбындағы  оқу  материалдарын  терең,  кең  меңгеруіне  ықпал  етеді.  Оқушылардың  оқу-

танымдық іс-әрекетінің жаңа түрлеріне үйрене, ӛзін-ӛзі жүзеге асыруды жоспарлау, ұйымдастыру, 

проблемаларды  айқындау,  қиындықтарды  шешу,  жобалау  мен  құрастыру,  шешім  табудың  тиімді 

жолдарын, әдістерін ӛзбетімен игере кәсіби мәдениетіне жаңа біліктермен жетілдіріледі[1]. 

Тӛменгі курс оқитын ӛндірістік оқыту сабағының әдістемелік ерекшелігі, біріншіден, шынайы 

құрылыс  ӛндірісінің  тас  қалау  еңбек  түрінің  технологиялық  процестерін  операциялық-комплексті 

жүйеде қайта ӛндіру формасында меңгеру, екіншіден қажетті материалдар мен аспаптарды ысырап 

етпей  орындауға  нұсқаулық-технологиялық  карталар  арқылы  орындауды  қамтамасыз  ету, 

үшіншіден,  оқушы  жұмысының  сапасын  бағалау  нормаларының  мӛлшері  мен  жиі  бағалауды  кең 

қолданбау.  Осындай  оқу  процесінің  ұйымдастырылуы  мен  танымдық  әрекеттерді  орындауда 

қолданылатын  оқытудың  формалары  практикалық  сабақ,  ӛзбетіндік  жұмыс,  зертханалық  жұмыс, 

тренажер сабағы, сынақ сабағы сияқты дәстүрлі оқыту формаларымен бірге[5], дәстүрлі емес оқыту 

формаларын  жетілдіру  мен  қолдану  кӛзделеді[2].  Солардың  бірі,  ӛндірістік  оқыту  сабағында 

құрылыс  саласының  еңбек  ардагерлерімен  кездесу,  озат  техникалар  мен  технологияларды 

демонстрациялау,  оларды  оқушылардың  ӛздері  ӛзбетіндік  жұмыс  формасында  даярлап 

презентациялар  жасау,  кәсіптік  шеберлік  бойынша  байқау,  ӛндірістік  саяхат,  нұсқау  сабағы  және 

т.б. 


Тӛменгі  курстың  ӛндірістік  оқыту  сабағында  қолданылатын  оқытудың  жаңа  әдістеріне 

проблемалық әдіс, интерактивті әдіс, сыни тұрғыда ойлау, ұжымдық және топтық, жұптық әдістері, 

деңгейлеп  оқыту  әдісі,  эвристикалық  оқыту  әдісі  түрлерін  қолдану  кеңіне  орын  алатын  болса, 

жоғары курстың ӛндірістік оқыту сабағында қолданатын оқыту әдістеріне іскерлік ойын, дальтон-

технология, бизнес-жоспар, кейс-технология, модульді, жобалап оқыту әдістері орын алады[1]. 

Қорыта  айтқанда,  тӛменгі  және  жоғары  курс  оқушыларының  жас  ерекшелік  психологиясы, 

әлеуметтенуі  және  танымдық  қасиеттері  негізінде  кәсіби  білім  алуға  кӛзделген  және  ғылыми 

негізделген  теорияларға  сүйене  отырып  білім  беру  мазмұнын,  оқытуды  ұйымдастырудың 

формаларын,  оқытудың  әдіс-тәсілдерін,  оқыту  құралдарын  табиғи  үйлесімділікте  бірізді,  жүйелі, 

қолжетімді етіп ажыратып бӛлуге болады екен. 

 

 

 

«Болашақ   маманның тҧлғалық қҧзыреттілігі» 

 

К. У.Ишанова,  



Орал гуманитарлық техникалық колледж                                                                  

 

Кіріспе                                                                                                                          



Бүгінгі  таңда  еліміздің  білім  беру  саласында  бәсекеге  қабілетті  ұрпақ  тәрбиелеу  үшін 

маңызды  міндеттерді  шешуге  бағытталған  күрделі  бет  бұрыс  жасалуда.Мұғалімнің  кәсіби 

мүмкіндігі  оның  бойындағы  ӛзін-ӛзі  дамытып  отыру  дайындығына  тікелей  байланысты.Бұл 

мәселеге әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан келу үшін мұғалімнің субъект ретінде алдына қойған 

міндеттерін  орындау  деңгейіне  кӛз  жеткізу  қажет.Әрине  ,оның  кәсіби  ӛсуі  жеке  тұлға  ретіндегі 

ерекшелігіне  әбден  қатысты.  Сондықтан  бұл  жерде  даралық  тұлғалық  қалыптасу,  іскерлік–

әдістемелік  жетілдіру,  кәсіптік–пәндік  білімін  толықтыру  компоненттерінен  ӛз  қажеттілігін  тани 

алу  мүмкіндігі  туады.  Бұл  жердегі  «ӛз  қажеттіктерін  сезіну»  -  кәсіби  қызметтің  негізі.Ӛйткені  ол 

ӛзінің  әлеуметтік  бар  мүмкіндігін  дамытудың  жолдарын  білу  деген  сӛз.  Болашақ    мамандарының 

болашақ    кәсіби  шыңдалуы  да    үлкен  жетістіктер  береді.  Кәсіптік  білім  мамандарының  кәсіби 

құзыреттілігін  қалыптастырып,  дамытудың  мәселелері  жайлы  қайшылықтар  шешіміне  ізденудің 

алғы  шарттарын  педагогтің  қазіргі  таңдағы  құзыреттілігі  және  қадірі  мен  беделінің  жоғары 

дәрежеде  болуын  ескере  отырып,  құзыреттілік  не  соны  түсініп  кӛрейік.  Құзыреттілік  –  қызмет 

атқарушының  жеке  мүмкіншілігі  оның  квалификациясы  (білімі  мен  тәжірибесі),  белгілі  бір  білім 

мен    дағдыларына  сәйкес  шешім қабылдауы.  Құзыреттілік  –  жеке  тұлғаның  теориялық  білімі  мен 


«Ұстаз» №1 (66) 2015 

 

69 



 

практикалық  тәжірибесін  белгілі  бір  міндеттерді  орындауға  даярлығы  мен  қабілеті.  Ол  жансыз 

жаттанды  білім  түрінде  емес  жеке  тұлғаның  танымға,  ойлауға  қатысын  және  әрекетке  ,  белгілі 

мәселелерді ұсынып, шешім жасауға, оның барысы мен нәтижелерін талдауға, ұдайы түрде ұтымды 

түзетулер енгізіп отыруға деген икемділігінің белсенділігінен кӛрінеді. Қазақстан Республикасының 

«Білім  туралы»  Заңында  білім  беру  тәрбиемен  оқытудың  үздіксіз  үрдісі,  оның  негізгі  мақсаты 

жоғары  деңгейдегі  адамгершілік,  мәдени  даму  және  қоғам  мүшелерінің  кәсіби  құзырлығы  деп 

кӛрсетілген. Құзыреттіліктің аталған түрлері бір адамның бойынан табыла бермеуі мүмкін. Адам ӛз 

мамандығы  аясында  ғана  жетік  болуы,  бірақ  қарым-қатынас  жасау  жӛнін  білмеуі,  ӛзін  дамыту 

жолындағы міндетті жүзеге асыра алмауы мүмкін. Бүгінгі таңда Қазақстанда әлемдік қауымдастық 

мойындаған    оқыту  мерзімін  орта  жалпы  білім  беретін  мектептің  12-жылдық  жүйесіне  кӛшуді 

қолдап,  дамыған  елдермен  арадағы  технологиялық  алшақтықты  азайтуға  мүмкіндік  алып,  мәдени 

білімді  меңгерген,  бәсекеге  қабілетті  тұлға  дайындауға  бет  бұруы.    Бүгінгі  ғаламдық  білім  беру 

кеңістігіне сай  білім беру,  танымды  ойлауды  дамыту,  ӛзінше  ғылыми тұжырым  жасауға,  олардың 

қажетіне  қарай  ғылым  жетістігін  сұрыптауға,  студенттің  ӛзінің  іс  әрекетінің  субъектісі  болуына 

мүмкіндік туғызу-кӛкейтесті мәселе болып табылады. Білім саясатының ӛзекті мәселелері – маман 

даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі 

жаңарту,  оқытудың  формалары  мен  әдістерінің  түрлерін  ӛзгерту,  алдыңғы  қатарлы  оқу-тәрбие 

тәжірибелері  мен  қазіргі  қоғамның  сұраныстарының  алшақтығын  жою,  білімдегі  жаңашылдықты 

саралау,  білімді  жетілдіру  үдерісіндегі  үздіксіздікті  қамтамасыз  етуде  оның  ролін  арттыр  және 

қазіргі заман техникасы мен технологиясын жоғары деңгейде қолдана білу. Болашақ мамандардың  

педагогикалық  анықтауда  колледжде  берілетін  білімнің  сапалық  деңгейіне  ерекше  кӛңіл  бӛлген 

жӛн.  Осы  орайда  Ж.Досмухамедов  атындағы  педагогикалық  колледж  ұжымы  болашақ 

мұғалімдердің  кәсіби  құзыреттілік  мәселелерін  14  жыл  бұрын  бастаған  болатын.  Ел  болашағы  – 

мамандардың  құзыреттілік  деңгейлері  қазіргі  заман  талаптары    үрдістеріне  толыққанды 

сәйкестенуіне,  жаңа  білім  стандарты  бойынша  жаңаша  ойланатын,  осы  заманғы  озық 

педагогикалық    технологияларды  меңгерген  жан-жақты  тұлға  моделін  қалыптастыруды 

алғашқылардың  қатарында  қолға  алған  педагогика  ғылымдарының  докторы,  академик 

Х.Ш.Құрманалина болатын.           

Кәсіби  құзыретті  маман  тек  әлеуметтік  тәжірибені  алмастырушы  ғана  мұғалім  емес,      ол  тұлғаны 

қалыптастырушы,  адамды  жоғары  адамгершілік  құндылықтары  негізінде  тәрбиелейтін  мамандық 

иесі. Педагогикалық колледж  ұжымы алдында күнделікті оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың ең 

негізгі бағыттары болып болашақ мектеп мұғалімінің бойында мынадай адамгершілік құндылықтар 

мен құзіреттіліктер болуы керек деген мәселе тұрды: 

 

Тұлғаның  ӛзін-ӛзі  дамыту  мен  ӛзін-ӛзі  жүзеге  асыру  мақсатында  нақты  білім  алуға 



шығармашылық әрекеті; 

 



Ӛз ойына, сӛзіне, іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарайтын, табысты еңбек етуге дайын үйлесімді 

адам болуы; 

 

Зиялы,  рухани  мәдениетті,  басқа  адамдармен  жұмыс  жасауға  деген  ұмтылысының  және 



іскерлігінің болуы; 

 



Жоғары  кәсіби  шеберлік,  ғылыми-педагогикалық  ойлаудың  жаңашыл  стилі,  жаңа  құндылықтар 

тудыруға және шығармашылық шешімдер қабылдауға дайындығының болуы; 

 

Әлемдік  білім  беру  практикасын  дамытудың  жетекші  үрдісі-білімнің  құзіреттілік  бағытын 



қамтамасыз ете алуы

 



Салауатты  ӛмір  салты  ережелерін  түсінуі  және  қолдана  білуі,  психикалық  және  физикалық 

денсаулығы, кәсіби жұмыс жасауға қабілеттілігінің болуы; 

 

Бейнелі  түрде  ойлай  білуі  мен  шығармашылық  іс-әрекеттер  кезінде  ӛз  қабілеттері  мен 



мүмкіндіктерін кӛрсете алуы; 

     Колледждің 

болашақ  түлектерінің  құзіреттілігіне  қойылатын  талаптарды  анықтауда 

оқытушылардың  бағыттылығы  да  маңызды  роль  атқарады.  Мұғалім  тұлғасының  құрылымында 

кәсіби-педагогикалық  бағыттылық  маңызды  орын  алады.  Педагогикалық  бағыттылықтардың  бірі 

мұғалім  мамандығына  деген  қызығушылығының  және  тұлғалық  қалыптасуының  және  тұлғалық 

қалыптасуынан  білім  беру  мен  тәрбиелеуге  деген  ынта  ықыласының  болуы.  Болашақ  мұғалімнің 

ӛмірлік кредосында мұғалімнің балаға деген мейірімділігі, тілектестігі, сенімі бірінші орында тұруы 



«Ұстаз» №1 (66) 2015 

 

70 



 

керек.  Бұл  негіз  құрайтын  сапа  мұғалімнің  ӛзін-ӛзі  дамытуының  және  кәсіби  маңызды  сапаларды 

мақсатты  түрде  дамытудың  алғышарты  болып  табылады.Мұғалімнің  негізгі  сапаларының 

қатарынан  педагогикалық  парыз  және  жауапкершілікті  ерекше  атап  ӛту  керек.  Педагогикалық 

парызды  басшылыққа  ала  отырып  мұғалім  үнемі  балаға  қамқорлық  жасауға  ұмтылады.  Мұғалім 

еңбегінің  шығармашылық  сипаты,  педагогикалық  іс-әрекеті  сапалық  мәнге  ие  мамандықтың  бірі 

болып табылады. Осыған сай болашақ мұғалімдердің облыс педагогикалық ұжымдарында нәтижелі 

еңбек етуі алғашқы «мамандыққа кіріспе», «байқау», «сыныптан тыс шаралар», практикаларында-ақ 

жоғары талап деңгейінде ұйымдастырылуына колледж әкімшілігі ерекше мән береді.                             

 Мұғалімнің  іс-әрекетіндегі  шығармашылық  деңгей,  алдына  қойған  мақсаттарды  шешудегі 

мүмкіндіктерін  пайдалануы  оның  ақпараттық  құзіреттілігінің  басты  ӛлшемі  болса,  сыныптағы  әр 

оқушының  тұлғалық  ерекшеліктеріне  сай  еңбек  үрдісін  ұйымдастырып,  ортақ  тіл  табыса  алуы 

екінші  ӛлшемі  болмақ.  Мұғалім  мамандығының  мамандығының  басты  ерекшелігінің  бірі 

шығармашылық  болып  табылады,  яғни  басқа  да  мамандық  иелері  (ғылым,  техника,  ӛнер  т.б.( 

шығармашылық сипатқа ие болғанымен, олар жаңалық ашуға бағытталса,мұғалім мамандығы жеке 

тұлғаны дамытуға бағытталады.                      

 Кәсіби құзіретті, шығармашылық мүмкіндігі жинақталған мұғалім, психологиялық- педагогикалық  

және  пәндік    білімдерді,  жаңа  идеялар  мен  дағдыларды    меңгеруі  тиіс.Шығармашыл  тұлғаның  

ерекше жеке іскерлік қасиеттерін ерекшелендіріп тұратын қасиеттері болады, міне осындай іскерлік 

дағдылардың  мектептен педагогикалық машықтан ӛтетін әр студентіміздің бойында болуын талап 

етеміз.                          

 Шығармашыл,    жан-жақты  кәсіби  шыңдалу  мектебі  студент  алғаш  сынып  табалдырығын 

аттағаннан басталары хақ, ол болашақ маман бастамашылдықты, дербестікті, жаңаша ойлау,сезіну, 

құштарлық сияқты қасиеттерді меңгеруді талап етеді.                                         

     Білім  беру  ұғымын  құндылық  ретінде  де  түсінуге  болады.  Себебі  адамзаттың  кез-келген  даму 

формациясында  әрбір  мемлекеттің  дамуының  қозғаушы  күші  білім  беру  мен  ғылымның  дамуы 

болды,  сондықтан  да,  білімді  құндылық  ретінде  қарастырсақ,  еліміз  2015  жылы  12  жылдық  білім 

беру  сатысына  ӛтетін  болса,  болашақ  педагог  мамандарға  қойылар  талап  та  үлкен  болмақ.  Білім 

беру, ӛз кезегінде , мемлекеттік, қоғамдық және жеке тұлғалық құндылықтарға ие, ӛйткені, тек осы 

тұрғыда  ғана  түсіндіргенде  білім  беру  ісін  дамытуда  тиімді  нәтижелерге  қол  жеткізуге  мүмкіндік 

туады.                               

 Мұғалім  мамандығы  шығармашылық  сипатқа  ие  мамандықтардың  бірі.  Ол  үнемі  ізденіс, 

шығармашылық  үстінде  болуы  тиіс.  Шығармашылық  педагогикалық    іс-әрект  ұйымдастырылуы, 

оның  мазмұнын  тиімді  құрастыруға  ықпал  етеді.  Мұғалім  шығармашылығы  педагогикалық  

міндеттерді  тиімді  шешуге  мүмкіндік  жасайды,  бұл  білім  алу  барысында  пайда  болатын  білім, 

іскерлік, дағдылардың жиынтығымен сипатталатын және кәсіби-педагогикалық міндеттерді шешуге 

бағытталған белгілі бір біліктілікке ие болатын педагогикалық кәсіби топтың іс-әрекетінің бір түрі.                               

  Біздің колледж  ұстаздар ұжымының  негізгі мақсаты – қоғамдық мақсаттарды түсіне алатын және 

ӛз  тәрбиеленушілерін  осы  мақсаттарға  жетуіне  жағдай  жасай  алатын,  оқытудың  интерактивті 

әдістерін  немесе  сараланған  тапсырмаларды  қолдану  кезінде  тӛтеден  жол  таба  білетін  сауатты 

мамандарды даярлау.    



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет