1-жҥргізуші: Ал, енді «Азамат жігіт – «Ару қыз» байқау кешіміздің бағдарламасымен таныс
болыңыздар.
Сайыстың бӛлімдері:
«Мен қазақтың баласы...» Таныстыру
«Әуелеген әсем ән» Жұптық ән
«Ӛшпейді тарих, ӛлмейді...» Сурет салу (жырдан үзінді)
«Құпия хаттар » Әр түрлі тапсырмалар
«Қолӛнер – зор ӛнер» Сыйлық сыйлау
«Би тӛресі...» Вальс билеу
2-жҥргізуші: Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,
Бас жүлдені ӛнерлі, тапқыр алар.
Кім ӛнерлі, кім тапқыр – шешу қиын
Қазылар алқасы болмаса, нақ сын айтар, -
демекші, кез - келген сайыс бағалануы тиіс. Яғни, сайыстың ара - жігін ажыратып, әділдік айтып,
тура шешім қабылдайтын қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1.
М. Мералұлы атындағы тарихи-ӛлкетану музейінің директоры – Ажар Берікқалиқызы
2.
Мұхит жастар бірлестігінің жетекшісі – Рақымжан Нұрланұлы
3.
Аудандық мәдениет үйінің әншілері - Жарқын-Аяжан Бәйтеміровтар.
1-жҥргізуші: Ӛз бойындағы ӛнерін, тапқырлығын, шешендігін кӛрсете білген жұп қана «Азамат
жігіт пен ару қыз» атағын жеңіп алады. Енді, сайысқа қатысушылардың шығу нӛмерлерін анықтау
үшін, жеребе тастайық.
Жігіттер қыздарға гҥл сыйлайық. (Гүлдің ішінен рет нӛмерлерін анықтау бӛлімі)
1.
Қозы Кӛрпеш – Баян сұлу І курс «Аспазшы» тобының жұбы
2.
Ләйлі-Мәжнүн І курс «Газэлектрмен дәнекерлеуші» тобының жұбы
3.
Тӛлеген – Жібек ІІ курс «Аспазшы» тобының жұбы
4.
Еңлік – Кебек ІІ курс «Газэлектрмен дәнекерлеуші» тобының жұбы
І. Таныстыру бӛлімі
Топ алдына шыққанда басын иіп,
Сәлемдесу парызы әрбір жастың.
Ӛнерлерін паш етер сайыскерлермен,
Сәт те келіп қалғандай танысатын,- деп сайыскерлерімізді таныстыруға ортаға шақырайық. 1,2,3,4
Әділ қазылардан сайыскерлеріміздің таныстыру кезеңі бойынша балл беруін сұраймыз.
ІІ. «Әуелеген әсем ән» Жұптық ән
«Ӛнерлі ӛрге жүзер» дейді халқым,
Ӛнерлі болсаң егер бұл да бір сын.
Қане жұртым кӛрелік ӛнерлерін,
Қағып таңдай, тамсанып, десіп шіркін, -
Ендеше, әр жұптың ӛз бойларындағы ӛнерлерін тамашалайық. 1,2,3,4
Әділ қазылардан сайыскерлеріміздің таныстыру кезеңі бойынша балл беруін сұраймыз.
ІІІ. «Ӛшпейді тарих, ӛлмейді...»
Қазағымыздың ұлттық махаббаттарының кӛрнісі, достықтың нағыз айнасына айналған ғашықтар
жырынан үзінді кӛрсету. (әрбір жұп ӛздерінің топ атауларына сәйкес берілген ғашықтар жырының
кейіпкерлерін бейнелейді)
Әділ қазылардан сайыскерлеріміздің таныстыру кезеңі бойынша балл беруін сұраймыз.
ІV. «Қолӛнер – зор ӛнер».
Бұрын қазақтың қыз - жігіттері бір - бірінің достықтарын нығайта түсу үшін сыйлық тарту еткен.
Мінекей, сіздерге де қазақы дәстүрмен ӛз жұптарыңызға сыйлық табыстау қажет деп шарт
қойылған болатын. Ендеше, сыйлық тарт
у кезегі де келіп жетті. Қанекей, ӛз жұптарыңызға жақсы тілекпен бірге сыйлық-тарыңызды
ұсынуларыңызды сұраймыз.
Әділ қазылардан сайыскерлеріміздің таныстыру кезеңі бойынша балл беруін сұраймыз.
V. «Би тӛресі...»
Вальс деген әр бидің тӛресі ғой
Жігіт пен қыз бидің сол иесі ғой.
«Ұстаз» №1 (66) 2015
79
Сұлулықты серік қып дӛңгеленсе
Ӛнердің шырағының жаңғаны ғой.
Сайыскерлер әсем әуен ырғағында би билеп жарысады.
Әділ қазылардан сайыскерлеріміздің таныстыру кезеңі бойынша балл беруін сұраймыз.
Сайысымыздың қорытындысын жариялау үшін сӛзді әділқазыларға береміз.
Қорытынды:
Мінекей, сондай жомарт сенің халқың,
Ешқашан жоғалтпаған ата –салтын.
Жас ұрпақ, ойлан, ӛзің біл тарихтан,
Қазақ боп қал, қадірле қазақ халқын!- деп бүгінгі қазақ жастарымыздың ортасына тастаған
үндеуімізге орай кешімізге келген құрметті қонақтарымызға сыйлықтарымыз бар. Қабыл
алыңыздар!
Еліміздің ертеңі жас ұрпақ! Аяулы сұлу Баянның сіңлілері мен батыр Қозының інілері!
Біз ұсынған дәстүрді аяқасты етпей, осы мерекенің кең таралған тұрақты "Белгісі" ретінде бір-
бірімізге сыйлық сыйлауды дәстүрге айналдыруға атсалысатындарыңызға сенімдіміз!
Сау болыңыздар.
Толғаныс
Наурыз мерекесін қалай ӛткіземіз?
Н. Т. Есенаманова,
№44 «Мерей» бӛбекжайы,
тәрбиеші,
Орал қаласы
Ұлыстың Ұлы күні – Наурызды қарсы алар күнде алыс емес. Осыған орай Наурыз мейрамын
тойлау дәстүрін орнықтыра түссек, балаларға оның мәнін кеңірек түсіндірсек.
"Ұстаз бақыты - озып туған шәкірті"
Ұстаз деген ұғым бар, мына дүниеде.
Ілмейтінді ілдіретін, білмейтінді білдіретін.
Санаға ақыл ұялататын, арманды алдан
қиялататын. Ӛмірді ұғынуыңа себеп болатын,
тірлікке кіруіңе кӛмек болатын. Әр кезде
аялайтын, дәрісті аямайтын. Бықсытпайтын,
жандыратын. Тұлғалық табиғатын мәңгілік
қалдыратын. Ұғымы ұшар биікпен пара-пар
ұстаздың бірінен біздер де тәлім алдық.
*******
Шәкірттеріне аса мейірімді, сӛзіне берік,
шыншыл мінезді, жүрегі батыр, ӛнегесі асыл,
жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл,
байламы берік, ойы ӛткір ұстаздар!
«Асыл мұра» журналынан
«Ұстаз» №1 (66) 2015
80
Жаңа Жылды тойлауда, оған алдын ала дайындалуымыз ерекше болады. Бір қарбалас жұмыс
басталады. Балалар да Жаңа Жылды асыға күтеді.Себебі бұл мерекеде Аяз ата мен Ақшақар
ерекше орын алады. Әрбір ертеңгілігімізде Аяз атаны қалай шақырып,қалай қарсы алуымызды кӛп
ойланып, пікір таластырып,бір шешімге келеміз. Наурыз мерекесінде, Қыдыр атаны да осылай
асыға күтсек.
Бір ғасырға жуық уақыт салтымызға еніп, санамызға сіңіп кеткен қаңтарда Жаңа жылды қарсы
алуға кішкентай бүлдіршіндер түгел, ӛзіміз де ықыласпен кірісеміз. Әр түрлі дәмді-дәмді дастарқан
жайып, бір ерекше кӛңіл күймен әзірленеміз. Бұл мерекенің балаларға ұнайтын себебі - Аяз ата
келіп, әр балаға бас-басына сыйлық беретіні, баланың аты бала, сәл ғана ілтипаттың ӛзіне ӛсетін,
бӛбек үшін осындай шағын сыйлық, кӛтеріңкі кӛңіл күй қажет ақ.
Ӛзім тәлім-тәрбие беретін топтағы балаларда Жаңа Жыл басталмай жатып-ақ «Аяз
Ата
қашан
келеді?»,
«Аяз Ата маған сыйлық береді». «Аяз ата немен келеді?», «Мен тақпағымды қатты
айтамын» деген сәбилік кӛңіл күймен айтылған сӛздерді жиі естеймін. «Шіркін, бұл балалар ертең
Наурыз мерекесінде осылай асыға күтсе ғой», деп ойладым. Жаңа Жылда берілетін әр балаға
сыйлығымызды Наурыз мерекесінде де сыйласақ.
Сонда Наурыз мерекесінде балалар асыға күтер ме еді? Кӛп жыл кӛзімізден таса болған қасиетті
мерекеміз 1988 жылдан бастап тойланып келеді. Наурыз күні үлкендерден бата алу үлкен мәртебе
саналған. Наурыз ертеңгілігімізге ұлттық киімдерін кейіп, ата-әжелер кӛп келіп, ақ баталарын берсе
деп ойлаймын. Әжелеріміз пісірген Наурыз кӛжеден ауыз тисек.
Бала - біздің ертеңіміз, сондықтан, халықтық салтымыз, ұлттық дәстүріміз мәңгілікке орнығып
қалуы үшін,Ұлттық мерекеміз туралы балаға үйретуден бастауымыз керек. Наурыз мерекесі -
біздің Жаңа Жылымыз, ұлттық мерекемізді ардақтап,ұрпағымыздың санасына сіңіру-әр ата-
ананың,тәрбиешінің парызы деп білемін.
«Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуын бағалау жҥйесі және
индикаторлар қҧрылымы»
Ж. Н. Мухамбеталиева .,
Мичурин жалпы орта білім беретін
мектеп-балабақшасы,
балабақша тәрбиешісі
Балалық шақ – адам ӛмірінің ең тамаша әрі маңызды кезеңі, бұл кезде болашақ азаматтың
денсаулығы қалыптасады, ӛмірлік тәжірибесі жинақталады және тұлға болып қалыптасуы жүзеге
асады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған бағдарламалардың мектеп бағдарламаларынан
айырмашылығы, баланың балабақшадағы бүкіл ӛмірі айтарлықтай жан-жақты суреттеледі. Міне,
сондықтан мектепке дейінгі жастағы балалардың білімін болжамдау, іскерлік пен дағдыны
айқындауды толық мӛлшерде тіреу ете алмайды. Бұл жастағы бала үшін белгілі бір білімді игеріп
алудың тәсілдері маңызды.
Мектепке дейінгі жаста бала дамуының алдағы ӛмірлік негізі қаланады. Л.Н.Толстой: «Бес
жасар баладан маған дейін – бір-ақ қадам. Жаңа туғаннан бес жасар балаға дейін ғаламат аралық».
Дей тұрғанмен бұл баланың басына неғұрлым молырақ білім құюға тырысу қажет дегенді
білдірмейді. Мұнан гӛрі мектеп жасына дейінгі баланы ойлауға, дербестігін дамытуға, ой-пікірі мен
бағалау тәуелсіздігіне, кӛре білуге үйрету айтарлықтай маңыздырақ.
Осыған байланысты қазіргі кезеңде мектеп жасына дейінгі балаларға білім беру жаңа –
біліктілік парадигмасына сәйкес құрылады, яғни білім берудің негізгі мақсаты мектепке дейінгі
балалар бойында негізгі біліктіліктерді қалыптастыру болып отыр. Бұл мақсат білімнің жылдам
ескіруіне, жаңа жағдайларда білімді қолдануға қатысты әмбебеп қабілеттердің жоқтығына
байланысты. Біліктіліктердің білім, іскерлік және дағдыдан принциптік айырмашылығы, адам
оларды игеріп, білім берудің бұл нәтижесін, яғни қалыптасқан біліктілікті қызметтің басқа
түрлерінде пайдалана алатындығы болып табылады.
«Ұстаз» №1 (66) 2015
81
Сондықтан тәрбиеленушілердің бойында шешуші біліктіліктерді қалыптастыру қазіргі
кезеңде мектепке дейінгі білім берудің әлеуетті міндеттердің бірі болып табылады:
Танымдық – қоршаған орта туралы белгілі бір түсініктердің, жетілген психикалық үрдістердің
болуы, жаңа ақпарат тауып, қолдана білуге қабілеттілік;
Коммуникативтік-тілдік – ӛз қатарластарымен және ересектермен ӛзара қарым-қатынас орната
білуді дамыту, негізгі тіл нормаларын меңгеру;
Денсаулық сақтаушы – салауатты ӛмір салтына әдеттену, сенсорлық-қозғалыстық-кіші және үлкен
моториканы дамыту;
Әлеуметтік – бұл әлеуметпен бірге (отбасы, қатарластары, елдегі және әлемдегі ересек адамдар)
қалыптасу және әрекет ете білу;
Шығармашылық – нысана мен шынайы құбылыстардың қасиеттерін ажырата отырып, қабылдау,
бақылай білу; музыка, бейнелеу ӛнері мен суретшілер, халық ӛнері туралы ӛнертану ұғымдарының
кейбір негіздері.
Бұл ретте әрбір жас кезеңі біліктіліктерді меңгерудің белгілі бір дәрежесімен сипатталады.
Баланың білім беру салаларының бірінде табысты болуы оның басқа білім беру саласындағы
табыстылығы мен даму деңгейіне байланысты. Осы тұрғыдан шыға отырып, стандартта
педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың 3 маңызды қағидасы берілген: ойында, қатынасуда,
еңбекте жүзеге асатын ықпалдастық, жіктеу, жекелеу. Және де басты екпін педагогикалық үрдісті
ұйымдастыруға түсіріледі, оның барысында бала оқытылады, тәрбиеленеді және дами түседі.
Балалардың даму индикаторларына негізделген мониторингтің жаңа жүйесі бала
дамуын бақылап отырудың басқа жолдарын топшалап отыр. Баланы кешенді сүйемелдеуді басқару
үрдісінің негізін біліктіліктің даму мониторингімен жеке білім беру траекториясы бойынша оның
қозғалысын жобалау құрайды. Бұл ретте мониторингтің мақсатты бағдары баланың бес білім
саласы бойынша біліктілікті даму кӛрсеткіштері, ал бағалау формасы – индикаторлар жүйесі болып
табылады.
Индикаторлар – баланың білім беру траекториясында жылжу кӛрсеткіші. Яғни индикаторлар
тәрбиешілерге балалардың жетістіктер мониторингін жүргізуге, баланың жеке даму жоспарын
құруға және мынадай құрылымға ие болуға мүмкіндік береді. Индикаторлар жүйесі біліктілікті
дамытудың 3 деңгейі бар деп жобалайды:
-Бала қандай да бір әрекетті ересекпен бірге немесе оның кӛрсетуімен жаңғыртады;
-Бала ӛзінің не істеп отырғанын түсінеді, яғни бірі білім қоры болады;
-Бала ӛзі білетін және істей алатындарын ересектің кӛмегінсіз пайдаланады;
Мектепке дейінгі балалардың біліктілікті даму кӛрсеткіштерімен қалай жұмыс істеу керек?
Баланың білікті дамуын бағалау жүйесі біліктілікті дамытудың үш шартты деңгейімен кӛрсетіледі:
І деңгей – бала осы не басқа іс-әрекетті жасайды;
ІІ деңгей – бала не істейтінін түсінеді;
ІІІ деңгей – бала ӛзінің білетінін қолданады.
1 деңгейде
Тәрбиешілерге балалардың біліктілікті даму кӛрсеткіштерін зерделеу қажет. Барлық
деректер бүкіл бес білім беру саласы бойынша әр балаға ашылған жеке карталарға кіргізіледі. 2-3
жасар баланың жетілу деңгейін сипаттайтын біліктілікті даму кӛрсеткіштері 3-4 жастағы бала үшін
қайталанбайды, ӛйткені ол жасы айырмашылығы шегіне қарай оларды қолдану деңгейінде игеруі
тиіс. Бұлай болмаған жағдайда, осы бағыттағы жұмыс келесі жас кезеңінде жалғасады, үйретудің
жаңа амалдары мен әдістері таңдалады. Индикатор кӛрсеткіштерді игеру дәрежесін үш деңгейде
тіркейді – «жаңғыртады (қайта кӛрсетеді)», «түсінеді», «қолданады». Жеке байқау картасында,
бірінші «Жылдың басы» графасында біліктілікті даму кӛрсеткішін игеру деңгейі тіркеледі:
жаңғыртады (ж), түсінеді (т), қолданады (қ). «Барлығы» графасында индикаторлардың жалпы саны
есептеліп, пайызы шығарылады.
«Тәрбиешінің міндеттері» делінген тӛртінші графада білікті даму кӛрсеткіштерін баланың
неліктен меңгермеуінің себептері мен ерекшеліктері кӛрсетіліп, баламен жеке жұмыс жүргізу
міндеттері қойылады.
2 кезеңде
Алынған деректер негізінде бала дамуы білім беру траекториясының жеке картасы
толтырылады. Жеке білім беру бағытының картасы «баланың таяудағы даму аймағын» ескере
«Ұстаз» №1 (66) 2015
82
отырып толтырылады. «Таяудағы даму аймағы» дегенде баланың ендігі ӛздігінен қолдана білетін
меңгеріп алған әрекеттері тәсілі мен тек ересектермен бірге ғана жақсы кӛрсете алатын тәсілі
арасындағы айырмашылықты ұғыну керек. Тәрбиешілер педагогикалық үрдісті ұйымдастыру
барысында әр аптаға циклограмма құрады, сондықтан оларға жеке білім беру бағытында кӛзделген
ойындар мен жаттығулар қажет.
3 кезеңде
Педагогикалық үрдіс тиімділігінің тұтас кӛрінісін жасау үшін балалардың барлық топтары
үшін әр біліктілік бойынша жинақталған кесте толтырылады. «Жыл басында», «Жыл соңында»
графаларына баланың жеке бақылау картасынан алынған кӛрсеткіштер саны, яғни баланың
жаңғыртқаны (ж), түсінетіні (т), қолданатыны (қ) кӛсетіледі. «Барлығы» жолында осы кӛрсеткішті
меңгеру деңгейімен балалардың жалпы саны, балалардың жалпы санынан алғандағы осы
кӛрсеткіштің орындалу пайызы беріледі.
Осылайша, индикаторлар негізінде бала дамуының қарқынын айқындау тәрбиешілерге әрбір
баланың ӛзінің даму деңгейінде ұстап тұруға, жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері есебі негізінде
оның алға басуы үшін жағдай жасауға жол ашады. Сүйемелдеуге жүйелі, кешенді және саралау
сипатын беруде тәрбиешілерге бала портфолиосы жәрдемдеседі. Сүйемелдеудің үздіксіздігі оның
барлық жас кезеңдерінде іске асырылатындығында. Портфолиода бала туралы оның балабақшаға
келген сәтінен бастап, бітіргенге дейінгі мәліметтері бар. Сүйемелдеудің кешендігі мектепке дейінгі
ұйым мамандары: психологтың, логопедтің, дене тәрбиесі нұсқаушысының, музыка жетекшісінің
және т.б. үйлескен жұмысынан кӛрініс табады. Сүйемелдеудің дифференциялануы тәрбиеленуші
үшін проблеманың барынша пайдалы шешілуін, әдістер мен тәсілдер жеке таңдалуын ниет етеді.
Сонымен, мониторингтің жаңа жүйесі педагогтер қолында баланың даму деңгейі туралы
сенімді және шын ақпараттың болуына мүмкіндік береді, бұл оны сапалы түрде жеке сүйемелдеуге
ықпал етеді.
«Ұстаз» №1 (66) 2015
83
Педагогикалық тәжірибе
Жабық тұқымды ӛсімдіктердің кӛптүрлілігі. Жабық тұқымдылардың табиғаттағы және
адам шаруашылығындағы маңызы. Ж.З. Жунусова
2
Д.М. Сибиряк «Приемыш». Датова Г.М.
5
Перевод чисел из одной системы счисления в другую. Имаканова В.А
7
Ұлыбритания. Мемлекеттің құрамы мен құрылымы. Табиғат жағдайлары мен
ресурстары. Халқы. А.Н. Қадырғалиева
10
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы.
Жануарлардың қысқы тіршілігі. Н.М.Днекешева
12
Әдістемелік баяндама
Рефлексия: педагогтің ӛзіндік дамуы мен кәсіби ӛсуі . А.М. Абишева
15
Современные методы и приемы обучения первоклассников.
Метлина Е.В.
18
Математика сабақтарында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген
тәсілдің түйінді идеяларын қолдану. А.Т.Утегенова.
22
Зачетная система как средство предупреждения неуспеваемости . Марьянова С.Н
25
Мұғалім шеберханасы
«Абылай хан». Н.Қ.Аманжолова
28
Отбасы. (дүниетану 2сынып). Н.Б. Байдашева
29
Қызықты сәт. Г.С Габбасова.
31
Согласованное определение (8 класс). Джанибекова З.Н.
34
Глагол. Ешмухамбетова А.Д.
36
Батырмалы ортадан тепкіш электросорапты қондырғысымен мұнайды ӛндіру.
Н.М. Жумагалиева.
38
Фотоэффект құбылысын түсіндіру Эйнштейн формуласы. С.М .Жуматаева
41
Всѐ о наречии (грамматическая ). Весенний мотив (лексическая). Зайцева Т.Н
.
43
В. Ю. Драгунский. «Он живой и светится». Исанова М.Е.
44
«Сколько? Который? счет в пределах десяти». Каюбалиева Г.К.
46
«Ой тұжырымы». Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
А.Ғ.Бекмашева
48
Мұғалім ізденісі
«Земноводные и пресмыкающиеся животные». Ермегалиева Н. М.
52
«Музыка әлеміне саяхат».Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы .
С.Ниязова
55
Ер Тӛстік және оның достары . А.Қ.Уразова
57
Тілдердің үш тұғырлығы
When I am 25 . К.Е.Сисенова.
58
Create your own band . У.М.Ажикенова
60
Кәсіптік білім беру
Кәсіби мектептің курс оқушыларын оқыту әдістемесіндегі ерекшеліктер.
Достарыңызбен бөлісу: |