Жания : Әке! Мен жаңа мектепке барғым келмейді. Дискуссия жүріп жатқанда, мен өз пікірімді айтқанда, барлығы күлді. Сыныптастарым мені түсінбейді.
Анасы: Жанияжан ! Соншама не болып қалды? Жания: Сыныптастарым мені күлкі қылды. Анасы: Ту-уф! Сен соны да проблема қылыдырып отырсың ба? Ең бастысы оқуыңды жақсы оқисың, қалғанын қайтейін деп едің? (Телефон шырылдайды, әкесі шығып кетеді,)Анасы: Мен әкеңе бірнәрсе айта қояйыншы ,-деп анасы әкесінің соңынан шығып кетеді)Жания: Әрине, әке-шешеме менің мәселем проблема емес, құрбыларым мазақ қылады, сонда мені кім түсіну керек? Не істеймін? (сахнадан шығып кетеді) Талқылау:
Жанияны неге оқушылар қабылдамады?
Сіздің сыныпта осындай жағдай болса қалай әрекет етер едіңіз?
Мұғалімі қандай қателік жіберді?
Ата- анасы болсаңыз не істер едіңіз?
Оқушыға қалай көмек көрсете аласыздар?
Тыңдаушылардың ойынан кейін «Мен қоғамның бір бөлшегімін » тақырыбында топтық жоба қорғайды . Тренер: Қараңдаршы! Біздің әлем жақсылыққа, мейірімділікке, әсемдікке толы. Бұл өмірде адамдардың жақсы өмір сүруіне деген құндылықтары бар. Солардың арқасында адам жақсылыққа талаптанады. (Құндылықтар бір-бірден сахнаға шығады). Олар: Махаббат Мейірімділік Достық Жанұя Бостандық Шындық Әсемдік Әрқайсымыз осы құндылықтарды бағаласақ өмірдің кереметтілігін сезіне аламыз. Өмір сүру қандай тамаша! Өмірді сүйіңдер, құрметті әріптестер! 103.«Өз сезімінің құмырасы» жаттығуы Сіздердің сезім мен эмоцияларыңыз құмыра ішіндегі қан тамыры деп елестетіңіз. Құмыраның түбінде ең маңызды, ең басты мазмұны жатады екен. Ал, бізге жақсы болғанда, осы қан тамырын шығара алмаймыз. Ал, бізге жаман болғанда, оның ернеуінен төгіліп жатады. Ең түбінде IY қабат: Баланың базистік талпынысы: -Мен жақсымын -Мен сүйіктімін -Мен бұл-мен,-деген қабат.