Жеке тұлғаны қалыптастырудағы ұлттық тәрбиенің маңызы Базарбаева Іңкәр Өсерқызы- №167мектеп жанындағы шағын орталық тәрбиешісі, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
Кезінде ата-бабаларымыз Алтайдан-Атырауға,Еділ мен Жайыққа дейінгі ұлан-ғайыр жердегі талай ғасырлар бойы басқыншы жаудан қорғап,бостандық пен тәуелсіздік жолында шыбын жанын пида еткені белгілі.Сондықтан да біздер,Халқымыздың әйгілі хандары мен билері мен батырларын қадір тұтып, қастерлейміз,оларды мақтан тұтып, ұрпаққа үлгі етеміз. Өз Отанымыз- қазақ жерін қажет болған жағдайда жан аямай қорғауға дайынбыз. Еліміз өзінің қорғаныс қабілетін сақтауды мемлекеттік маңызды міндеттерінің бірі және оны бүкіл халықтың ісі деп санайды.Өйткені,біздің басты мақсатымыз – Қазақстанның егемендігі мен территориялық тұтастығын сақтау.
Еліміз тәуелсіздік алған 19 жыл ішінде әлемге танылды.Экономикамыз дамып,халықтың әл-аухаты жақсарды.Егемендік алған алғашқы жылдан бастап-ақ,ұрпақ тәрбиесіне,білім беру ісіне де аса мән беріле бастады.
Білім беру барысында баланың жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптасуына,олардың танымдық әрекетін дамытуға,ой-санасының қалыптасуына ерекше назар аударылуда.Республикамызда білім беру заңы қабылданды.Қоғамның даму,ғылым мен техниканың,ұлттық рухани мәдениетінің өркендеуі білім саласына оң өзгерістер әкелді. «Әрбір мемлекеттің интеллектуалдық,экономикалык,парасаттылық және оның прогресивті даму мүмкіндіктеріне тікелей байланысты»екендігі білім берудің мемлекеттік стандартында да айқын көрсетілді.Жалпы қазіргі кезеңде білім берудің мазмұны қайта қаралуда .Халықтың ұлтық- тарихи дәстүрі,оның жалпыадамзат мәдениетімен тығыз байланысы –барлық оқыту мен тәрбиелеу ісінің бастау бұлағы болуы тиіс. Оқу-тәрбие бағдарламалары мен республиканың ұлттық ерекшелігіне, мемлекеттің әдебиет,тарих,география,музыка,бейнелеу өнері,еңбек, дене тәрбиесі ,әскери даярлық тәрізді пәндер ұлттық тұрғырға негізделуі тиіс.Басқа да пәндер бағдарламалары мен оқулықтарынан ұлттық тәрбиенің лебі есіп тұруы шарт.Ұлттық тәрбиенің ғылыми – теориялық негізін анықтау үшін оның өзіндік ерекшеліктерін ескеру қажет.
Педагогикалық теория мен тәжірибиенің бірден – бір күрделі және негізгі мәселесі жеке адамның белгілі жағдайда дамуы.Сол себепті жеке адам мәселелері жас ерекшелік физиологиясы мен анатомиясы, әлеуметтану,педагогикалық психология, әлеуметтік психология тәрізді әр қилы ғылымдар арқылы зерттеледі.Ал,қандайда болмасын жеке адам белгілі бір ұлт өкілі болғандықтан, оның кейбір генетикалық, әлеуметтік негіздерін халықтық педагогика мен ұлттық психология қарастырады.Қазіргі заманғы психология жеке адамды біртұтас биологиялық және әлеуметтік жағынан қарастыруды жөн санайды.Л.С.Выгодскийдің анықтауынша, «жеке адам – белгілі бір қызмет атқарып, сол қызметті өтеуге бағытталған психикалық жүйе».Жеке адамның негізгі қызметі қоғамда қалыптасқан адамның белгілі қарым-қатынастағы іс-әрекеті арқылы дамиды.Халықтық орта, яғни ұлттық қоғам – сол әлеуметтік теорияларды белгілейтін жүйе.Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін қоршаған ортасы, яғни қоғам.Кез-келген адам баласы дүниеге келгеннен бастап қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды қабылдау арқылы өзінің ойлау қабілеті, санасы,мінез-құлқының және басқа да қасиеттерінің реттелуіне жол береді.Сондықтаы да тұлғаның қалыптасуына және дамуына бір-бірден ықпал етуші қоғам.Тұлға өзінің көздеген міндетін шешу арқылы қоғамдық мүддені де шешеді.Сол себепті тұлға мен қоғам бір-бірімен тығыз байланысты.Қоғамда болып жатқан құбылыстардың барлығы адамдардың қатысу салдарынан пайда болады.Адамның қалыптасуына қоғам әсері қандай болса,қоғамдағы болатын және болып жатқан құбылыстарға адамның әсері сондай.
Халхымыздың белгілі ақыны Мағжан Жұмабаевтың артына қалдырған тәлім-тәрбиелік мұраларының негізгі тақырыптарының бірі де осы тұлға мәселесі.Ол өзінен бұрынғы ұлы ойшылдардың туындыларын елеп-екшеп,олар қозғаған осынау өзекті мәселені сомдау арқылы адам баласын жетілдіруді мақсат етеді.Ақын өз шығармаларында ақыл-ой,ерік-күш,белсенді іс-ірекеті басқаға үлгі боларлық,халықтың көш басшысы,қамқор ақылшысы болуға жарайтын тұлғаларды тәрбиелеу жолын іздестіреді.Тұлға-сан қырлы,мазмұны да,табиғаты да күрделі,құпиясы мол әлеуметтік ұғым.Адам өсіп,дамып,жетілу процесінде біртіндеп тұлға,кісі деген атқа ие болады.Оның жан-дүниесі,сана-сезімінің дамуы,айналасы мен қоғамдық өмірге тәуелді.Осындай жағдайда оның дүние танымы мен сенімі,арманы мен талғамы,кісілігі қалыптасады.Мағжан Жұмабаевтың ой-пікірлерін қарастыра келе аңғарғанымыз,толыққанды тұлға болып «өз ұлтын сүйген адам,ол өз ұлтының бақыты үшін, өз бақыты бақытын құрбан қылады..,өйткені ұлттық мақтаныш жеке адам мен ұлты үшін бұзылмас заң...Ердің бағасы...жүрегінің таза болуында...» Адам жанын жазбай танитын ақынның пікірінше, адамның түзу жолға түсуінің бірінші шарты өзін-өзі тексеру, өз қатесін көре білу,келешекте сол қателікке жол бермеуге ұмтылу. Ол адам ылғи да өзін-өзі тексермесе ілгері баса алмайды,-деп түйіндейді. Олай болса ,ұлттық тәрбие негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру маңызына ерекше мән беруіміз қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Л.С.Выготский –жалпы психология
2. Сыныптан тыс журналдар
.