Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – нәтижелі білім берудің негізі



бет45/48
Дата28.11.2023
өлшемі0,87 Mb.
#130932
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
2.Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі (Баяндама)

Қыз өмірдің қызғалдағы
Тұрсынов Насирдин -№ 168 орта мектебінің мұғалімі,Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қожакент ауылы
Халқымыз ежелгі әлімсақтан бері инабатты, ару, нәзік жан деп құрметтеп келеді. Қазақ халқының салтында қыз балалардың орынын белгілеп, оларды жоғары әрдайым жоғары бағалаған.
« Қыз дегенің қонаққой ол қашанда ,
Төбесінен алтын құйып бақсаң да ,
Шаңыраққа ие болып қалатын,
Ұлдың аты ұл ғой шіркін қашанда» - демекші халқымыз ұл баланы «келешек шаңырағымның егесі» «өрісімнің ұлғайғаны» деп бағаласа, ал қыз баланы «қонағым» келді деп сыйлайтын. «Қыз бала жат жұрттық» «Қыз мұраты кету» деген ата-бабамыздан қалып келе жатқан асыл сөздеріміз осыдан туындаса керек. Сондай-ақ қазақ халқында тағы бір дәлел ретінде қарастыратын болсақ , ер азамат үйіміздің отағасы. Осы отағамыз қай кезде болмасын, дастархан басында қыз баланы ер баладан жоғары отырғызған. Халқымыз қызды «қырық үйден» тыйып, болашақта басқа отауға барып қалған өмірін өзге отауда жалғастыратын ару қызының ибалы, инабатты,сымбатты, тәрбиелі болуын қадағалап отырған.
Қазақ халқы қыздарын жыл мезгілінің ішінде көктемде гүлдейтін әсем ағаштар мен гүл-қызғалдақтарға теңеген. Өйткені дүниеде тіршілік біткеннің барлығы да қайта жаңарып, айналадағы табиғаттың барлығы гүлденер кезінде қыз балаларымыз ғана емес бүкіл әйел азаматтарымыз да құлпырып сала береді. Демек бұл табиғаттың зандылығы.
Ақын-жазушы Махмұтбай Әміреұлының қыздарға деген өлең шумақтарында
Құтты болсын мерекесі қыздардың,
Қыз дегенің қыстан кейін қызған күн.
Қыз дегенің келуі ғой көктемнің.
Еруі ғой жүректегі мұздардың.
Таралғандай тал бойының таң нұры,
Жайнағандай,жасанғандай жан гүлі.
Қыз дегенің арман бақыт өмір ғой,
Қыз дегенің барлығы ғой,барлығы.
Қыз дегенің емес, даңқ, атақ,ат,
Сусын да емес ішер шөлдеп, қаталап.
Қыз дегенің қуаныш қой, қызық қой,
Қыз дегенің махаббат қой, махаббат.
Кейде үнсіз, кейде тілсіз мұңданып,
Кейде күлер, кейде жүрер нұрланып.
Сұлу да ғой,сымбатты ғой арулар,
Қиын да ғой, қымбатты ғой бұл халық.
Қыз дегенде қуанарсың, шалқырсың,
Бақытына мас боларсың, балқырсың.
Қыз дегенің асылың ғой ардақты,
Қызды аялай білмегенді ант ұрсын- деп қыз балаларды баға жетпес асылдарға теңеген
Кімде болсын өз баласын ана құрсағында жатқан уақыттан бастап. сонан соң дүниеге келгеннен кейін бесігінде тәрбиелейді.Басқаша айтқанда әйелдер өз перзенттерін бесігінен бесігінен бастап баулиды. Жалпы алғанда адамзаттың іргетасы әйел азаматшаларының алтын қолымен қаланады. Ендеше қыз баланың заты әйел, келешек ол ана.
Ақындардың бойындағы шабыттарын тулатып, ішкі жан дүниесін демде-ақ, астан-кестен ететін сұлулықтың иесі-ару қыздар.
. Г.Өмірбекованың « қыздар, қыздар» әні
Арулардың махаббаты – ізгі ары,
Шешілмеген жұмбақтай ғой бізге әлі.
Қыз Жібектей жаны сұлу тым нәзік,
Шіркін қандай қазағымның қыздары.
Қыздар, қыздар, сұлу қыздар,
Неткен ғажап сұлусыңдар,
Дархан көңіл, дәру қыздар!
Қыздар, қыздар, сұлу қыздар,
Аққу мойын ару қыздар,
Қыздар, қыздар, сұлу қыздар!
Самал желпіп маңдайдағы кекілді,
Олар жайлы сыр да талай шертілді.
Қарап тұрсаң көз тоймайтын сол қыздар,
Қырдың сұлу қызғалдағы секілді.
Бақыт нұрға бөленгенде сан алуан,
Бар сұлулық бір сендерден табылған.
Ақ маңдайлы ару қыздар тек қана,
Шын аялап, шын сүюге жаралған.
Өлеңде қыздарды асыл,нәзік,қырдың сұлу гүліне теңейді. Ару қыздар – сұлулық пен әсемдіктің символы. Қыздармыз махаббаттың белгісі. Қыздарсыз адамзат ешқашан махаббат сезімін бастан кешпес еді. Тал бойында міні жоқ, жанарынан нұр шашып, тұла бойыңды өртеп жіберердей болатын әйел затынсыз ешбір ақын өлең, сазгерлер әуен жаза алмаған шығар. Көңілі әрқашан көктемдей болып, жаз келгенде жайдарлы мінез танытатын әйел әлеміне ену -ешбір жанның қолынан келетін шаруа емес. Ақын М. Махатаев ағамыз болса әйелдерді әдемілікке, әсемдікке теңеген. Оның жыр шумағында:
Әйелдерді еркектерден көп дейді,
Мейлің, мейлің,бола берсін көп мейлі.
Әйел деген әдемі ғой, әдемі,
Әдемілік бізге көптік етпейді - деген.
Көктем келсе құлпырып шыға келетін қырдың қызғалдақ гүлі секілді әдеміліктің символына айналған қыздарымыз бен әйелдер әлемі ешқашан ашылмас бір сандық. Пайғамбарымыз Мұхаммед Ғ.С жаннаттың кіліті ананың табанының астында деген Аналарымыз, Қыз-келіншектеріміз, Қыз балаларымыз аман, өмір жастары ұзақ, көктемнің әсем гүліндей құлпырып жүре берсін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Әлімсақ журналы 2011.3
М. Әміреұлы Жылдар,Жырлар кітабы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет