МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет136/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Нежран тобы
Бұлардың арасында он төрт өте сыйлы кісісі 
бар жалпы алғанда алпыс кісімен Мәдинаға келген 
Нәжрандықтан ерекше көңіл аудартты. Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
оларға хат жазып: 
– Мен сендерге құлдарға құлдық жасамай, Аллаһқа 
құлдық жасауға, адамдардың жақындығын бір шетке 
ысырып, Аллаһты пана тұтуға шақырамын. Егер 
айтқандарымды қабылдамасаңдар, жизия салығын 
төлерсіңдер. Оны да қабылдамасаңдар, онда соғысты 
таңдағандарың, – деп, мақсатын білдірді. 
Аллаһ елшісінің осы хатынан кейін Нәжрандықтар 
мәселені өзара талқылап, іле бір топты жіберіп, 
жағдайды анықтағылары келіп еді. Қазір олар жібек 
киімдерге малынып, саусақтарына алтын жүзіктерін 
тағынып, ақындары, уәзірлері және дін өкілдерін араға 
155
Қонақ болып келген бұл кісілерді аяқтан тік тұрып күтіп алу керектігін 
ескерткен Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
қайтыс боларының 
алдында да осыны өсиеттеп, оларға жақсы қарауды тапсырған. Бұхари, 
Сахих, 3/1111 (2888), 3/1155 (2997); Мүслим, Сахих, 3/1258 (1637); 
Әбу Дәуіт, 3/165 (3029). 


395
Шуақты әлемдегі кеңпейілдік
салып Мәдинаға келді. Нәбәуи мешітіне кірісімен 
шығысқа бет бұрып, дұға, намаз оқи бастады. Сахаба-
лар үшін бұл үлкен қателік еді. Расулаллаһтың мешітіне 
келіп құбыладан жаңылғандары қалай? Дереу олардың 
қателіктерін түзегілері келді. Олардың бұл жағдайын 
көрген кеңпейіл Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 

– Қонақтарды жайына қалдырыңдар, – деп сахаба-
ларына ескерту жасады. Емін-еркін құлшылықтарын 
атқарғаннан кейін келіп Пайғамбарымызға сәлем берді. 
Сәлемдерін алған пайғамбарлар падишасы оларды 
Исламға шақырды. Алайда олар: 
– Біз саған дейін де мұсылман едік, – деп бұл сөзге 
қарсылық білдірді. Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
оларға: 
– Сендерді мұсылман етпей тұрған үш нәрсе: 
айқышқа құлшылық жасауларың, доңыздың етін 
жеулерің және Аллаһқа бала таңуларың, – деді. 
Осыны естігендері мұң екен, Нәбәуи мешітінде 
шу көтерілді. Ең негізгі жайттарының дұрыс еместігін 
Расулаллаһтың атап тұрып айтқаны оларға ұнамады. 
Расулаллаһ оларға Құран оқып, дұрыс емес түсініктерін 
дұрыстауға тырысты. 
Бір жағы қонақтар бірнеше күн бойы 
Пайғамбарымыздың қонақжайлылығына да куә 
болды. Көп сауалдарын қойды. Сұрақ қойғанда да, 
жауап алғанда да қандай ұйғарымға барғандары 
анықтала қоймады. Сұрақтары таусылмағаннан кейін 
Пайғамбарымыз да оларға сұрақ қоя бастады. Екі жақты 
сұрақтар қойылған жиылыс бірнеше күн қайталанып 
жатты. 
– Сен қалай біздің иемізді Құдайдың ұлы демейсің, 
ол туралы жаман сөз айтасың? – деді. Жат түсінік 
болғандықтан, пайғамбарлар падишасы оларға:


396
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
– Иә, күмәнсіз Иса Аллаһтың құлы әрі елшісі, 
бойдық әрі пәк Мәриямға Аллаһтың үрлеген рухынан 
жаралған, – деп жауап берді. 
Нәжрандықтар ашуланды: 
– Әкесіз адам көрсете аласың ба? Айтқаның рас 
болса, бізге мысал көрсет! 
Осы сәт көмекке Жәбірейіл әмин жетті. 
Пайғамбарымызға мынаны жеткізді:
– Аллаһтың жанында Исаның жағдайы тура 
Адамның жағдайындай. Аллаһ Адамды топырақтан 
жаратып, «Бол!» деді. Ол сол мезет бола кетті. Ақиқат 
Раббың жақтан келеді. Бұнда еш күмәнің болмасын. 
Саған бір ілім келгеннен кейін кім сенімен Иса жайлы 
таласар болса, былай де: «Қане, келіңдер, ұлдарымыз 
бен ұлдарыңды, әйелдеріміз бен әйелдеріңді, тіпті 
өзіміз бен өздеріңді шақырып, артынша Аллаһқа шын 
көңілмен жалбарынайық. Кім осы мәселеде өтірік 
айтқан болса, сол Аллаһтың қарғысына ұшырасын!»
156

Барлық жайт ашық еді. Олар Құранның хабарына 
сенбей, айтылғандардың дұрыс еместігін алға тартты. 
Осыған қарамастан сабыр сақтаған Аллаһ расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
ойланулары үшін бір күн тағы да 
оларға мұрша берді. Алайда ертесі келгенде жағдай 
бәз баяғы қалпында еді. Осы себепті Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
хазірет Фатима анамыз, хазірет 
Хасан мен Хұсейін бар әхлі бейтін жанына алып, 
оларға: 
– Мен дұға еткенде сендер «Әмин» деңдер, - деп, 
Нәжран тобының шешімін күте бастады. Бұл өзінің 
ақиқатшыл екенін ашық білдіру еді. Нәжрандықтар 
ойлану үшін рұқсат сұрады. Өйткені іс өздері ойлағаннан 
әлдеқайда ауыр еді. Сол себепті көсемдеріне қарап:
156
«Али Имран» сүресі, 3/59-61. 


397
Шуақты әлемдегі кеңпейілдік
– Ойбай, бұған барма. Егер Мұхаммед расында 
пайғамбар болса, мына дұғадан кейін біз де, бізден 
кейінгі ұрпағымыз да оңбайды, – десті. 
Шынымен де солай еді. Осыншама белгілер хазірет 
Мұхаммедтің 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
соңғы елші екенін 
анық білдіруде болатын. Ендеше, қырсығамын деп 
тұқымын тұздай етудің қажеті жоқ, сол себепті ойла-
на-ойлана Пайғамбарымызға келіп: 
– Бізден не қаласаң, саған соны берейік, – десті. 
Нәтижеде мұсылмандықты қабылдамаса да, Исламның 
билігінде өмір сүруге көнген болатын. Осы себепті 
Аллаһ расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
олармен Режеп пен 
Сафар айларында әкелетін етіп екі мың хұлла мен сол 
мөлшерлес күмісті жизия салығы ретінде бекіткен 
келісім шарт жасасты. Кері қайтқанда қолдарында 
Аллаһ расулының өздеріне жазып ұстатқан 
қауіпсіздіктеріне кепілде хат болды. Өздеріне берілген 
құқықтар әрі олардың Пайғамбарымыздың алдындағы 
жауапкершіліктерін қамтыды. 
– Бізге бітім бойынша төлеуіміз керектерді апарып 
табыстайтын адам жібер, – деді. Елшілер сұлтаны 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 

– Сендермен мен шын мәнінде өте сенімді адамды 
жіберемін, – деді. Сөйтті де: 
– Қане, орныңнан тұр, әй, Әба Үбайда ибн Жарраһ! 
– деді. Артынан Нәжрандықтарға қарап: 
– Міне мына кісі үмбеттің сенімдісі, – деді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет