МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет141/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Қажылықтың парыз болуы
Тоғызыншы жылдың Зилқағда
166
айында түскен 
аятта: 
– Жағдайы көтерген барша мұсылмандарға 
Қағбаны зиярат ету парыз, – делініп, бұдан былай 
қажылық ғибадатының парыз екендігі айтылды. 
Иләһи бұйрыққа мойынсұнып, шын көңілмен 
Қағбаны зиярат етуді қалаған пайғамбарлар падиша-
165
«Тәуба» сүресі, 9/84. 
166
Бұл бұйрықтың Зилхижжа айында түскендігі де айтылады. 


411
Шуақты әлемдегі кеңпейілдік
сы мүшріктердің сол жерде жасаған қателіктерін есіне 
алып: 
– Бәйтуллаһты тыр жалаңаш тауап етушілер 
бұл әдетін доғармайынша, мен қажылық міндетімді 
орындағым келмейді, – деді. Сол себепті хазірет Әбу 
Бәкірді жанына шақырып, оны қажылықтың басшысы 
ретінде тағайындап, Меккеге жіберді. Жіберген кезде 
оған қажылық ғибадатты орындарда жұрттың нелерге 
көңіл бөлуі керектігін ескертті. Қағбада міне алғаш рет 
мұсылмандар қажылық атқармақ. 
Сахабалардан үш жүз кісілік топпен бірге хазірет 
Әбу Бәкір (р.а.) дереу жолға шықты. Алайда уахи 
бірінен кейін бірі үзілмей келіп жатты. Ол кеткеннен 
кейін «Тәуба» сүресінің бас жағындағы аяттар да келіп, 
бұдан былай Харам аймағын мекендеген мүшріктер 
жайлы жаңа үкімдер түсті. Дереу жанына хазірет 
Алиды шақырған пайғамбарлар төресі осы үкімдерді 
білдіру үшін оны хазірет Әбу Бәкірдің артынан жіберді. 
Осы үкімдерді жеткізуді міндеттеді. 
Тапсырманы алып дереу жолға шыққан хазірет Али 
Арж немесе Дажнан деген жерде қажылық керуенін 
қуып жетті. Хазірет Әбу Бәкір де алаңдап қалды. Оған 
қарап әуелі:
– Басшы ретінде келдің бе, әлде тапсырмамен 
жүрген қызметкер ретінде келдің бе? – деді. Өйткені 
бұндай жағдайда талас-тартыс тумауы керек еді. Онсыз 
да хазірет Әбу Бәкір хазірет Алидың басшылығын 
мойындап, қызметкері болуға іштей дайын еді. Осы 
сұрақты қою арқылы Пайғамбарымыздың тапсырмасы 
қандай, соған сай әрекет жасамаққа оқталды. Хазірет 
Али:


412
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
– Жоқ, тапсырмамен жүрген қызметкер ретінде 
келдім, – деген кезінде түскен аяттарды оның қолынан 
алып, екеуі бірге Меккені бетке алып жүріп кетті. 
Тауаптар жасалып, Сафа мен Мәруа арасындағы 
сағилар да орындалды. Арафатта уақфа жасалып, 
Мүздалифада қонақтап, соңында Минаға келді. Құрбан 
малдары сойылған орынға келген хазірет Али сол күні 
Жамраның жанында тұрып, Аллаһ расулының жеткіз 
деп тапсырған мәселелерін жеке-жеке жиылған жұртқа 
естіртті. Сөзінде былай деді: 
– Ешбір кәпір жұмаққа кіре алмайды!
Осы жылдан кейін ешбір мүшрік қажылық жаса-
майды!
Бұдан кейін Бәйтуллаһты ешкім тыр жалаңаш 
тауап жасамайды!
Кімнің Расулаллаһпен келісімі бар болса, сол 
келісім мерзімі біткенше күшін сақтайды!
Мерзімі белгіленбеген келісімдерге тағы төрт ай 
уақыт беріледі!
Бұлардың сыртындағы әр мүшрікке аман-есен, 
қауіпсіз жағдайда елдеріне қайта алуы үшін өздеріне 
хабарланған уақыттан бастап төрт ай мұрша беріледі!
Бұдан былай ешбір мүшрікпен келісім де, қорғауға 
алу да жасалынбайды. Өйткені Аллаһ пен расулы 
мүшріктерді қорғауына алмайды!
Осы негізде Расулаллаһтың қалауы орындалды. 
Сол күн үшін бұл айтылған жайттар пұтқа табыну 
түсінігінің Харам аймағынан тұтастай аластатылғанын 
білдірді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет