МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет135/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   155
исламға асығу жалғасуда
Меккені азат еткеннен кейін үзілмей жалғасқан 
топтардың исламға келуі Пайғамбарымыздың 
Тәбүктен қайтуымен бірге одан әрі жылдамдай түсті. 
Бұдан былай Мәдина шамамен күн сайын жаңа бір 
топты қарсы алып жатты. Күні кешеге дейін қарсы 
соғысуға жарысып, мұсылмандардың күйреуін
күткендер Меккені азат ету, Хүнейін мен Тәбүк секілді 
маңызды әрі шұғыл өзгеріс кезеңдерінде Аллаһ расулы 
мен сахабалардың қол жеткізген табыстарын көргенде, 
келіп бағынудан басқа жол қалмағанын түсініп, келіп 
152
Аллаһ расулы араларынан шынайылығымен көзге түскен осы үш 
кісімен сөйлесуге тыйым салып, біршама уақытқа оларды қоғамнан 
жырақтатқан. Сол күні Қағыб ибн Малик секілді Мүрара ибн Раби мен 
Хилал ибн Үмәйя да осының ішіне кірді. Осы тыйым тура елу күнге 
созылды. Хайламаз Р. Саадет асрына доғру йылдызлар, 207 б. 


393
Шуақты әлемдегі кеңпейілдік
жатты. Осы мақсатта жеке-дара келушілер де, топ 
болып келіп Исламның жарқын жүзімен танысқандар 
да болды. Осы мақсатта бір жылдың ішінде Мәдинаға 
түрлі сандармен шамамен үш жүз елу
153
топ келді. 
Келгендердің көбі мұсылмандықты қабылдап барып 
елдеріне қайтып жатты
154

Келгендер де, келіп тайпасына кері қайтқандарда да 
ерекше толқыныстар болып жатты. Көріп-білгендерін 
арттағылармен бөлісуге деген ерекше құлшыныс 
байқалды. Жақындарына да исламды танытуда бір-
бірімен жарысқа түскендей. 
Мәдинаға келгендер үшін Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
әркез мешіттің ішінде шатыр 
тіккізіп, бірнеше күн бойы сонда қонақ етіп, Құран 
тыңдауларына жағдай жасап, намаздағы ықыласты 
көрулерін қалады. Оларды күтуде тағы да Ансарлар 
жомарттықтарын байқатып, өздеріне келген жаңа 
кісілерді күту үшін бір-бірімен жарысып жатты. 
Пайғамбарымыз да 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
сахабаларына 
153
Негізі топтардың келуі хижри бесінші жылы Мүзайналықтармен 
басталған. Сегізінші жылы бұл үдеріс жаңадан жылдамдай түсіп, 
тоғызыншы жылы қатты өрлеу байқатты. Пайғамбарымыздың өмірден 
озғанына дейін жалғасқан осы үрдісте жалпы 342 топ Мәдинаға кел-
ген. Бұл топтардың саны мәселесінде Ибн Исхақ он бес санды айтса, 
Ибн Сағыд секілді тарихшылар бұл санның алпыс екенін алға тартқан. 
Ибн Қайим мен Қасталани секілді ғалымдар бұл санның 332 екенін 
анықтаған. Сірә, бұл айырмашылықтардың астарында белгілі бір сан-
нан жоғарыларды топ ретінде санамау немесе тоғызыншы жылы орын 
алған зияраттарды санау әдістері бар. 
154
Келіп Исламды қабылдағы келетіндердің бәрін оң жауап берілмеген. 
Тіпті Құрайыш жіберген елші Әбу Рафидың Пайғамбарымызбен кез-
дескенде жүрегі жібіп, мұсылман болғысы келетінін айтқанда, Аллаһ 
расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
оған: - Мен елшісі ұстап қала алмай-
мын. Сен қазір бар, шынымен мұсылман болғың келсе, кейінірек кел, - 
деген. Әбу Дәуіт, 3/82 (2758); АХмеб ибн Ханбәл, Мүснәд, 6/8 (23908); 
Табарани, Мұғжамул-кабир, 1/323 (963). 


394
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
сырттан келген топтарды елдің сыртынан күтіп алуға 
кеңес беріп, Мәдинаға бірге келіп кіруді, артынан 
әрбіріне сыйлықтар беріп шығарып салып жатты
155

Тіпті сол жыл «топтар жылы» мағынасында «санатул 
уфуд» деп аталған.
Әрбірінің өзіне тән ерекшеліктері мен талапта-
ры болды. Кейбірі Пайғамбарымыздан мұғалім мен 
жолбасшы сұрады. Енді біреулері көкейлеріндегі 
сұрақтарына жауап сұрады. Бұлардың бірқатары 
қойған сұрақтары арқылы Расулаллаһты сынап жатса, 
енді біразы ешқандай сұрақ сұрамастан Аллаһ елшісіне 
толықтай мойынсұнғанын білдірді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет