МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет138/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   155
Және басқалары
Әлбетте, Мәдинаға асыққандар бұлармен ғана 
шектелмеді. Абдиқайс, Ұзра мен Бәли топтары 
да келіп, мұсылмандықты қабылдап кері қайтты. 
Пайғамбарымыздың аталарынан Құсай мен шешесі 
жағынан туыс екендіктерін айтқан он екі кісілік Ұзра 
тобымен сөйлескен Аллаһ расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
оларға жақында Шам тарапының да азат етілетінін 
қуана хабарлады. Оларға балгерлікпен тапқан ақшаны 
жеуге тыйым салып, адамдарға құрмет үшін сойылған 
мал еттерінен де жеуді тыйды. 
Осы күндері оннан астам адамды ертіп Мәдинаға 
Фазара тобы келді. Олар өздері тап болған ашаршылық 
пен құрғақшылықты мұң етіп, мұсылмандардан көмек 
сұрады. Пайғамбарлар падишасы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
оларды да жанына ертіп, тасаттық дұғасына шығып, 
Жаратқан иеден бәрі жалбарына жаңбыр сұрады.
Сол күні назар аудартқан тағы бір топ болса
араларында кейінен өтірік пайғамбар деген атпен 
аты шыққан Мүсәйлама ибн Сүмама бар он жеті 
160
Елдеріне қайтқан Сақифтық елшілер өздерінің мұсылман екендіктерін 
жасырды. Ұсыныстарды жеткізгенін, бірақ Пайғамбарымыздың 
оларды қабылдамағанын айтты. Соңғы шешім тек соғыс дегенде, 
Сақифтықтар жаппай соғысқа дайындала бастады. Үш күннен кейін 
соғыс та шешім бола алмайтынын айтқанда, Сақифтықтар мұсылман 
болуға келіседі.Ибн Қайим, Задул-мағад, 3/521; Захаби, Тарихул-Ис-
лам, 1/350. 


404
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
кісілік Бәни Ханифа тобы еді. Ямама жағынан келіп
мұсылмандықты қабылдады. 
Келіп жатқандардың қарасы үзілмеді. Йемен, Әзд, 
Бәни Сағыд, Бәни Амир ибн Қайс, Бәни Әсад, Бахра, 
Хаулан, Мұхариб, Бәни Харис ибн Қағыб, Ғамид, Бәни 
Мұнтафық, Сәламан, Бәни Аббас, Мүзайна, Мұрад, 
Зүбәйд, Кинда, Зи Мұрра, Ғассан мен Бәни Ыйш топ-
тары осылардың негізгілері еді. Ең соңғы келген топ 
Нәха тобы болды. Йеменнен хазірет Муазға серт беріп, 
Мұхаррам айының ортасында шамамен екі жүз кісімен 
бірге мүмин ретінде Мәдинаға келген еді. 
Бірінің ізін ала бірі Мәдинаға ағылған бұл кісілер 
бір жағы Исламға деген мұқтаждықты да ұқтырды. 
Мәдина еш күмәнсіз Араб түбегінің астанасына айнал-
ды. Күні кешеге дейін ортақ бір жүйе орнату мүмкін 
еместей көрініп, әр тайпа білгенімен жүрген, әлсізге 
күшті тізесін батырған Хижаз аймағында ендігі жерде 
Аллаһ расулының билігі жүрді. Халық қауіпсіз әрі 
тыныштықта өмір сүре бастады. Бұдан былай баршаға 
ортақ жүйе орнады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет