МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет137/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   155
Сақиф тайпасы
Сақиф тайпасының басшысы Ұруа ибн Масғуд 
Пайғамбарымыз Тайыфтан қайтқан сапарда келіп, 
мұсылмандықты қабылдады. Көңілі шаттанғаны 
соншалық, тезірек қауымына барып, оларды да 
Исламға шақырғысы келді. Оның бұл тілегіне 


398
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Расулаллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
бір жағы бұл сахабаның 
ішкі күйін сезіп, екінші жағынан Сақиф тайпасының 
мінезін дөп басып: – Қой, олар сені өлтіріп тастар, – 
деп рұқсат етпеді. Өйткені дін насихатының да белгілі 
бір ережелері бары сөзсіз. Жаңа туған сәбиге беретін 
тамақтағы мұқияттылық секілді жұртты Аллаһқа 
шақыруда да белгілі бір қағидаларды ескеріп, жұртқа 
не қажет екенін дөп баса білу керек-ті. Алайда хазірет 
Ұруаның көңіл толқынысы арадағы келеңсіз жайттар-
ды елетпей: 
– Уа, расулаллаһ, – деді, – Олар мені қатты сыйлап, 
жақсы көреді. Айтсам, тілегімді жерге тастамас деп ой-
лаймын. 
Өзінің қоғамдағы деңгейіне сеніп, жұртым 
айтқанымды тыңдар деп барған хазірет Ұруаға қаумы 
алғашқы сөзінен кейін-ақ қарсылық білдіріп, ақыр аяғы 
бәрі жабылып оны шейіт етіп тынды. Қайғылы оқиға 
еді. Осынша жыл алақандарына салып келген басшы-
ларын мұсылман болғандығы үшін өлтіріп тастады. 
Алайда мына жақтағы жағдай оларға жаға қоймады. 
Меккенің азат етілуі, Хүнейіннен кейін мұсылмандар 
Византияның өзіне атой салып, Тәбүктен үлкен 
жеңіспен оралған-ды. Күн өткен сайын маңайларындағы 
шеңбер тарала түсіп, өздері де бір күні сол шеңбердің 
ішінде қалмақ. Арадан бірнеше ай өткеннен кейін ара-
ларынан бір кісіні Расулаллаһқа жіберіп, өздерімен 
келісім жасауды ұсынды. Абдияләйл ибн Амрдың 
барып есігін қағып, оған жағдайды айтып, елші болып 
мұсылмандарға барып қайтуға ұсыныс жасады. Алайда 
Абдияләйл хазірет Ұруаның басына келген жағдай 
өзінің де басына келуден қорқып, ол ұсыныстан бас 
тартты. Бұл кезде Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 


399
Шуақты әлемдегі кеңпейілдік
Тәбүктен жаңа қайтып, Рамазан айында ауыз бекіткен 
болатын. 
Олардың Мәдинаға келгенін көрген сахабалар 
сүйінші хабарды Расулаллаһқа жеткізгенше асықты. 
Өйткені Расулаллаһ Сақиф тайпасының мұсылман 
болғанын қатты қалайтын. 
Бәрін қарсы алдынан көргенде Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
Нәбәуи мешітінің бір шетінен оларға 
шатыр тіктіріп, Аллаһ сөзін естіп ғибрат алуды, намаз 
уақыттарында құлшылықтың тереңдігін көрсетуді 
көздеді. Соңында бір күні Абияләйл Пайғамбарымызға 
келіп: 
– Бізге бір кепілдеме жазып берсеңіз, елімізге 
қайтсақ, – деп өтініш білдірді. Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) 
оған: 
– Иә, жазамын, бірақ дәл осы жағдайда жаза алмай-
мын. Өйткені сендер әлі мұсылман болмадыңдар. Бұл 
жағдайда бітімге де келе алмаймыз, сендерге кепілдік 
те бере алмаймыз, – деді.
Алайда олар әлі де бірқатар мәселелерді түсіне 
алмай жатты. Мұсылман болған күннің өзінде намаз-
дан босатуды сұрады. Ал шынтуайтында құлшылық 
жоқ жерде дін де тұрақтай алмайтын. Бұған қоса, олар 
өз қолдарымен жасаған пұттарға табынып, жылдың 
белгілі бір күндері соларға арнап құрбан да шалатын. 
Расулаллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
оларға:
– Намазды қамтымаған дінде қайыр жоқ, – деп, 
мәселені жапты. 
Құлшылық мәселесінде соңғы сөз айтылғанмен 
олар тыйымдар мәселесінде әлі де бірқатар жайттар-
ды алға тартып жатты. Расулаллаһқа жақындап келген 
Абдияләйл:


400
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
– Онда зина туралы не дейсіз? Біз алыс сапарларға 
жиі шығатын елміз, бұған шыдай алмаймыз, – деді. 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
:
– Аллаһ тағала зинаны мүминдерге харам еткен. 
Жаратушы ие бұл туралы «Зинаға жоламаңдар. 
Өйткені зина ашық зұлымдық, бұған қоса, жолдардың 
ең нашары»
157
деген, – деп жауап қатты. 
Зина туралы өздері қалаған рұқсатты ала алмаған 
Абдияләйл бұл жолы: 
– Онда пайыз туралы не айтасыз? – деп сұрады. 
Пайғамбарымыздың өңінен ешқандай өзгешелік 
байқалмады. Әуелі:
– Пайыз да харам, – деді. Абдияләйл:
– Біздің заттарымыздың бәрі де пайыз, – деп 
қарсылық танытты. Алайда иләһи үкім жеке 
адамдардың қалауына қарай өзгермек емес еді. 
Пайғамбарлар падишасы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 

– Тек негізгі ақшаларыңды ғана кері қайтарып ала 
аласыңдар, – деп, пайыздағы алыс-берістегі үстеменің 
де оларға харам екенін еске салып, оларға «Әй, иман 
еткендер! Аллаһқа бағыну турасында өте мұқият әрі 
сергек болыңдар! Егер мүмин болсаңдар, пайыздан 
артылған ақшаға қол жүгіртпеңдер»
158
деген аятты 
оқыды.
Бұдан да пайда болмасын білді. Бұл жолы енді елші 
басқа мәселенің шетін қозғады: 
– Ендеше, араққа не дейсіз? Біз жүзімдерімізді 
сығып, шырынын ішеміз. Одан басымызды алып қаша 
алмаймыз. 
Алдынғы жолғыдай абайлап жауап қатқан елшілер 
сұлтаны пайғамбарымыз: 
157
«Исра» сүресі, 17/32.
158
«Бақара» сүресі, 2/278. 


401
Шуақты әлемдегі кеңпейілдік
– Аллаһ «Әй, иман еткендер! Арақ, құмар, пал 
оқтары және Аллаһтан басқаның атын атап пұттарға 
арнап сойылған малдар шайттанның лас істерінен. 
Олардан абайлаңдар, құтқарыласыңдар!»
159
деп, оған 
да тыйым салған.
Бұған да жол таппады. Нені айтса да көндіре 
алмағандықтарын көрген Сақиф тайпасының елшілері 
өзара бас қосып жағдайды талқылай бастады. 
Абдияләйл оларға:
– Құрып қалыңдар, өңшең! – деп кіжіндеді, – мына 
үш мәселеде де рұқсат ала алмай елге қайтып барамыз. 
Уаллаһи, билаллаһи Сақифтықтар арақсыз да, зинасыз 
да тұра алмайды. 
Суфиян ибн Абдуллаһ басқа ойда еді. Орнына 
тұрып:
– Әй, пәленше! – деп бастады сөзін. – Егер Аллаһ 
олар жайлы жақсылық ойлаған болса, олар да бұған 
жоламай сабыр етеді. Қарамайсың ба, мұсылмандар 
да өзгеше адамдар емес, солар секілді шыдасын. 
Меніңше, бұл кісіден тартынбайық. Мұхаммед жер 
бетін билігіне қаратып келе жатыр. Біз болсақ, барған 
сайын бұғып, қорғанымыздан шыға алмай қалдық. 
Уаллаһи, егер Мұхаммед бірде келіп бізді қоршап 
тұрса, қорғанымыздың ішінде аштан өлеміз. Өз басым 
мұсылмандықты қабылдағаннан басқа жол көріп 
тұрған жоқпын. Кері жағдайда Меккенің кебін киеміз 
бе деп қорқамын. 
Бұл кезде Аллаһ расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
Сақифтықтық елшілерді асқа шақырды. Алайда 
олардың астан да маңызды істері бар еді. Ақыр соңында 
өздеріне көрсетілген осыншама жомарттықтан кейін 
159
«Маида» сүресі, 5/90. 


402
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
келіп мұсылмандықты қабылдады. Алайда Рабба деп 
аталатын әйгілі пұтарының атын атап: 
– Рабба туралы не ойыңыз бар? Оны не істейік? – 
деп сұрады. Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
кесімді 
сөзін айтты: 
– Оның да көзін құртыңдар! 
– Бұл мүмкін емес, – деп шыр-пыр болды әлгілер. 
Өйткені артта қалған ел-жұртқа бұны айтар болса, 
үлкен қарсылық туатынынан қорықты. Осы себепті 
әуелі үш жыл, одан кейін екі жыл, артынан бір жыл 
уақыт сұрады. Бірақ бұларға оң жауап ала алмағанда, 
ең жоқ дегенде өздеріне бір ай рұқсат берілуін сұрады. 
Алайда Аллаһ расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
бұлардың 
ешбіріне «иә» демеді, Аллаһқа серік қосуға разылық 
танытпады. Тіпті Абдияләйлдің табандап тұрып 
алғанына ашуланған хазірет Омар:
– Оңбай кет сен, әй, Абдияләйл! – деп ұрысты. – 
Рабба дегенің тас емес пе? Өзіне кімнің құлшылық 
жасап, құлшылық жасамай жатқанын да біледі ғой 
деймісің сол?!
Рас айтты. Елшілер бұған да жол таппады. Түсінікті 
болған жайт: Исламды толыққанды ұстану керек еді. 
Әне-міне дегенше намаз оқып, ауыз бекіте баста-
ды. Шамамен он бес күн Мәдинада болғаннан кейін 
елдеріне кері қайтты. 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
оларға арала-
рынан жас жағынан ең кішісі Осман ибн Әбил-Асты 
имам етіп тағайындады. Өйткені Осман Исламды 
түсініп, ұғынуда басқаларына қарағанда анағұрлым 
мұқияттылық танытты. Әрі айтылған мәселелерді 
шын ниетімен қабылдады. 
Басқалары секілді Сақиф тайпасының елшілері 
де өз елдеріне барғаннан кейін Исламды насихаттай 


403
Шуақты әлемдегі кеңпейілдік
бастады. Көп өтпей Сақиф тайпасы келіп, Исламды 
қабылдады
160
. Артынша Аллаһ расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) 
оларға Халид ибн Уәлид, Мұғира ибн Шұғба, Әбу 
Суфиян секілді белгілі сахабаларды жіберіп, пұттарды 
қиратуды бұйырды. Жергілікті халыққа қиын соқса да, 
Сақифтықтар ширктен тазарды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет