МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет140/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

тоғызыншы жылдың маңызды 
оқиғалары
Тәбүктен қайтқаннан кейін мұнафықтардың 
басшысы жағдайындағы Абдуллаһ ибн Үбәй ибн 
Сәлүл өлді. Ол туралы айтылып жүрген сөздер ұлы 
Абдуллаһқа да мәлім еді. Пайғамбарымызға келіп 
әкесінің жаназа намазын оқып беруін өтінді. Әкесіне 
қарамастан өзі шынайы мүмин еді. Пайғамбарлар па-
дишасы ұлының шынайылығына бола, өтінішіне оң 
қарады. Астыртын өзіне әрі мұсылмандарға қанша 
қитұрқылықтар ұйымдастырған оның әкесі сырттай 
мүмин болып көрініп жүргендіктен, кешірім тілеуге 
келісім берді. Пайғамбарымыздың келісімін бергенін 
естігенде хазірет Омар дереу жетіп келіп:
– Мұнафықтар үшін Аллаһтан кешірім тілесең де, 
тілемесең де бәрібір. Жетпіс мәрте кешірім тілесең де 
Аллаһ бәрібір оларды кешірмейді. Иә, солай. Өйткені 
олар Аллаһты да, расулын да мойындамай қарсы 
шықты. Аллаһ бұндай пасықтарды тура жолға сал-
майды, көздегеніне жеткізбейді
164
, – деген мағынадағы 
аятты еске салып, екіжүзділерге басшы болған кісінің 
жаназа намазын оқымауын айтты. Алайда Аллаһ 
расулы сахабаларының жайына көбірек алаңдайтын. 
Әрі бұл мәселеде нақты тыйым да жоқ еді. Аяттағы 
«қаласаң кешірім сұра, қаласаң сұрама» дегеніне 
сүйенген әз елші: – Кешірім сұрауда я сұрамауда 
маған таңдау еркі берілді. Демек, Аллаһ рұқсат етті. 
Мен жетпістен астам кешірім тілемекпін, – деп, Ибн 
Сәлүлдің қабіріне дейін барып, жаназа намазын тіке өзі 
оқытпақ болды. 
164
«Тәуба» сүресі, 9/80. 


410
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Алайда көп өтпей Жәбірейіл әмин келіп: 
– Олардан өлгендердің ешбірінің жаназа намазын 
оқыма. Қабірінің басына барып дұға етпе. Өйткені олар 
Аллаһ пен расулын мойындамастан, жолдан тайып 
өлді
165
, – деген мағынадағы аятты жеткізді. Жәбірейіл 
періште бұдан кейін мұнафықтарға деген ұстанымды 
нақтырақ түсіндіріп, ендігәрі оларға кешірім де 
сұрамауды, әрі жаназа намаздарын да оқымау керектігін 
білдірді. 
Хазірет Османның көңілі тағы да жабырқады. 
Өйткені Пайғамбарымыздың қызы, өзінің сүйікті 
жары Үммү Күлсім анамыз да осы жылы өмірден озды. 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
оны Рұқия анамыз 
қайтыс болғаннан кейін хазірет Османға (р.а.) неке-
леп қосқан еді. Жазмыштан озмыш бар ма, міне, Үммү 
Күлсім анамыз да қайтыс болды. Қызының қайтыс 
болғанына көңілі жабырқай түскен пайғамбарлар па-
дишасы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
өзіне екінші рет күйеубала 
болған хазірет Османға қарап: 
– Егер үшінші қызым болғанда, оны да саған неке-
лер едім, – деп, өте бір ұятты сахабасы хазірет Осман-
ды жұбатуға тырысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет