40
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Нүбәтаның айтқаны рас еді. Халлад ибн Суайды
өлтіргені үшін оны бүгін өлім жазасы күтіп тұрды. Сол
күні Бәни Құрайза әйелдерінің ішінде өлімге кесілген
де жалғыз Нүбәта болатын.
Кешірілгендер мен тұтқындардың
тағдыры
Сағд ибн Муғаз айтқан үкім Бәни Құрайза
қауымының бәріне бірдей берілмеді. Бұл қауымның
арасында сол күні Атиятул Құрази мен Рифая ибн
Шәмбал
14
секілді жастарға кешірім беріліп, Әмір ибн
Сууда мен ибн Сайяның балалары Сәләбә мен Усайд
және оның ағайыны Әсәд
ибн Убайтқа өлім жазасы
қолданылмады. Олар да кешірімге лайықты деп табыл-
ды.
Зәбір ибн Бата Буғас соғысы кезінде Сәбит ибн
Қайстан үлкен көмек көреді. Асқан бір ептілікпен
қиымылдаған ол Зәбір ибн Бата тұрған жерге келіп,
оған:
– Уа, Әбдірахман! Мені танисың ба? – деп сұрады.
– Әрине, танимын!
Сені бәрі таниды ғой, – деп
жауап берді. Сол кезде Сәбит ибн Қайс оған қарап:
– Сенің менде ақың бар! Кезінде маған үлкен көмек
көрсеттің! Енді сол жақсылыққа жақсылық жасаудың
кезі келді! – деді.
Үмітке қанат бітірген мына сөздерден соң Зәбір ибн
Батаның көңілі көтеріліп сала берді. Сәбит ибн Бата
былай деді:
14
Сол күні Пайғамбарымызға
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
әке жағынан
әпкесі болып келетін Сәлма бинти Қайс келіп «Уа, Аллаһтың елшісі!
Құдай үшін Рифағаны кешіре гөр! Ол намаз оқиды әрі түйе етін жей
береді!» дейді. Аллаһ
елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
де оның тілегін
орындайды. Осыншалық қайырымдылықты көрген Рифая да сол күні
Ислам дінін қабылдап, мұсылман болады. Қараңыз: Уақиди, Мағази
1/515; Табари, Тарих 2/103; Сухәйли, Раудүл-Үнф 3/444
41
Хандәк соғысы
– Қайырымды бір кісі
өзі секілді кісіге әрдайым
көмек көрсетуге асығады. Ал, көмек көрсетудің ең
сәтті кезі қазір деп ойлаймын!
Сәбит мына сөздерді естіген соң Зәбірдің көмек
қолын созғысы келетінін Пайғамбарымызға
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
айтуға асықты:
– Уа, Аллаһ елшісі! Зәбірдің маған Буғас соғысында
көрсеткен жақсылығы бар еді! Сол күні ол маған шын
көңілмен көмек қолын созды! Сондықтан оған бүгін
кешірім жасауыңды шын жүрегімнен тілер едім! Мен
үшін кешіре гөр! – деді.
Жақсылыққа жақсылық жасау игілікті іс.
Сондықтан Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
оған:
– Жарайды, оның мәселесін өзіңе қалдырдым! –
деді. Қуанышты хабарды естіп жүрегі алып-ұшқан
Сәбит бұл жағдайды Зәбірге жеткізуге асықты. Мән-
жайға қаныққан Зәбір салқын үнмен:
– Қолында мал-мүлкі, әйел, бала-шағасы қалмаған
қарт кісіге өмір сүрудің не мәнісі бар? – деді. Мұны
естіген Сәбит те не дерін білмей дағдарып қалды. Ол
өзінің құтқарылғанына қарамастан мал-мүлкі мен
әйел, бала-шағасының да қайтарылғанын қалап тұрды.
Ол енді мәселені Аллаһ елшісіне
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
қайта барып мәлімдеуді жөн көрді. Келіп:
– Уа, Аллаһ елшісі! Зәбірдің мал-мүлкі мен әйел,
бала-шағасын да өзіне қайтара гөр! – деді.
Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
тағы да
бұл
тілегінің орындалатынын айтты. Мұны естіп
қуанышы қойнына сыймаған Сәбит жақсы жаңалықты
Зәбірге жеткізуге асықты:
– Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
сенің бала-
шағаңды, әйеліңді және мал-мүлкіңді өзіңе қайтарды!
– деді. Алайда Зәбірдің жүзінде қуаныштың табы